Жергілікті және ауқымды желілер
Комьютерлік желілер
Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық қосқанда компьютерлік желі құрылады.
Адамдардың ақпарат пен жабдықтарды бірігіп қолдануын қамтамасыз ететін қандай да бір әдіспен біріктірілген компьютерлердің тобы компьютерлік желі деп аталады. Бір бөлмедегі, бір ғимараттағы, қаланың немесе әлемнің әр түрлі бөліктеріндегі компьютерлер біріктірілуі мүмкін.
Жалпы жағдайда компьютерлік желілердің құрылуына арнайы аппараттық қамтыма (желілік жабдықтау) және арнайы программалық қамтыма (желілік программалық құралы) қажет. Ақпарат алмасу үшін екі компьютердің қарапайым қосылуы тікелей қосылу деп аталады. Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлерді тікелей қосу үшін арнайы аппараттық та, арнайы программалық қамтыма да талап етілмейді. Бұл жағдайда енгізу/шығару стандартты порттары (тізбекті немесе параллельді) аппараттық құралдар болып табылады, ал программалық қамтыма ретінде операциялық жүйе құрамында болатын стандартты құралдар қолданылады.
Жергілікті және ауқымды желілер
Қолданатын протоколдарына сәйкес компьютерлік желілерді жергілікті (LAN -Iocal Area Network) және ауқымды (WAN-Wide Area Network) деп бөлу қабылданған. Жергілікті желі компьютерлері барлық қатысушылар үшін протоколдардың бірыңғай жинағын қолданады. Территориялық белгісі бойынша жергілікті желі тұтастығымен ерекшеленеді. Олар бір қабаттағы, ғимараттағы немесе тұтас орналасқан ғимараттар тобындағы компьютерлерді біріктіре алады. Ауқымды желінің географиялық мөлшері үлкен болады. Олар жеке компьютерлерді, сол сияқты әртүрлі протоколдарды қолданатын жеке жергілікті желілерді біріктіре алады. Әр түрлі протоколдармен жұмыс істейтін бірнеше жергілікті желілерді өзара байланыстыру үшін шлюздар деп аталатын арнайы құралдар болады. Шлюздар аппараттық та, программалық та бола алады. Мысалы, ол арнайы компьютер (шлюзды сервер) немесе компьютерлік программа да болуы мүмкін. Жергілікті және ауқымды желілер арасында желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін брандмауэрлер қолданылады. Брандмауэр арнайы компьютер немесе желілер арасында ақпараттардың рұқсатсыз алмасуына кедергі болатын компьютерлік программа.
Желілердің типтері
Компьютерлерді біріктірудің көптеген түрлі әдістеріне қармастан, компьютерлік желілердің екі түрін ажыратады: бір рангілі желі (Peer-to-Peer Network) және клиент-сервер желісі (Client/Server Network).
Бір рангілі желі деген не? Бір рангілі желі (Peer-to-Peer Network) – бұл тең мүмкіндікті компьютерлердің бірігуі.
Әдетте бір рангілі желі 10-нан көп емес компьютерлерді біріктіреді және ол үйде немесе кішігірім офистерде ұйымдастырылады. Microsoft Word сияқты мәтіндік редакторларды қолдану үшін компьютерлік бағдарламаны өз компьютеріңізге орнатқандай, ата-анаңыздың компьютеріне орнату қажет болады.
Ал клиент-сервер деген не? Клиент-сервер желісі үй жағдайында емес, мектеп, кәсіпорындар немесе кітапханалар сияқты ұйымдарда жиі кездеседі. Желілердің мұндай типінде сервер деп аталатын компьютер желінің жүрегі болып табылады. Ол ақпарат пен ресурсарды сақтап, оларды осы желінің басқа компьютерлерге қол жеткізетіндей етеді. Осы ақпаратты алу үшін желіні қолданатын қалған компьютерлер клиенттер деп аталады. Егер кітапханаға кітап тауып алу үшін барсаңыз сіз компьютер-клиентке отырасыз, ал ақпаратты серверден аласыз. Егер сіз MSN сайтынан ақпарат алғыңыз келсе, сіз клиент рөлін атқаратын өз компьютеріңізге отырып, оны Интернет деп аталатын желіден MSN серверінен аласыз. Сіз дәрігерге барған кезде тіркеу орнында желі арқылы сервермен байланысу үшін сіз жөнінде онда сақтаулы ақпаратты алу мақсатында компьютер-клиент пайдаланылады. Мұның бәрі – клиент-сервер желісін қолдану мысалдары.
Клиент-сервер желісі желіге оннан астам компьютерлерді біріктіру үшін ең жақсы амалы болып табылады Олар бір рангілі желілерден әлдеқайда қымбат, алайда үлкен компаниялар үшін ақпараттың көлемді ауқымын сақтау қажет болғанда бұл ең жақсы таңдау.
Компьютерлердің бір-бірімен өзара әсерлесуі
Желі жұмысы құрылғының барлық элементтері бір-бірімен қандай да бір әдіспен біріккеніне негізделген. Әрбір компьютер және принтер, сканер, портативті компьютерлер сияқты құрылғылар түрлі өлшемді кабельдер, спутниктік байланыс немесе телефон жолдары көмегімен біріктіріледі. Бүгінгі күні компьютерлерді радиотолқындар көмегімен біріктіретін өткізгішсіз желілер де бар.
Желілер үшін құрамына кабельдер кіретін, мәселен, желілік адаптерлер сияқты ажыратқыштардың бірнеше типтері бар (network interface cards). Желілік адаптер, немесе NIC, - бұл сізге компьютеріңізді желіге қосуға мүмкіндік беретін қондырылған құрылғы. Сіз кабельді желілік адаптерге қоясыз немесе ол сізде өткізгішсіз желі бар болған жағдайда белгіні тасымалдайды. Әр компьютерге оған басқа компьютерлермен байланысуға мүмкіндік беретін программалық жабдықтама қондырылған.
Компьютерлер бір-бірімен қатынаста бола алады, өйткені оларға бірін бірі түсінуге көмектесетін ережелер жиынтығы мен хаттамалары бар. Хаттамалар байланыс үрдісі қатесіз өту үшін қажет. Хаттамалар ақпараттың қалай жіберілетінін және қабылданатынын анықтауға жәрдемдеседі.
Желілік хаттамалар хаттама ретінде, не адамдарға қарым-қатынас үшін қажет. Мысалы, егер сіз отыратын затты «орындық» деп, ал көршіңіз оны «тас» деп айтатын болса, онда бір-біріңізбен түсінбеушіліктің туындауына алып келеді.Кейде бұл сөздерге ғана қолданып қана қоймай, белгіленген ережелер жиынтығыннан тұратын адамдар қарым-қатынасының әдістері де болып табылады.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 6350;