Дәнекерленген, тоқылған және сымдық арматуралық бұйымдар

 

Дәнекерленген арматуралық торлар бір-біріне перпендикуляр екі бағытта орналасқан және қиылысқан жерлері жанасқан нүктелік дәнекерлеумен байланыстырылған жекелеген стержіндерден тұрады. Бұл стержіндердің f3-5мм Вр-І; f6-10мм А-ІІІ. Дәнекерленген торлар – орамалық және жазық болады.

Орамалық тордың ұзындығы ораманың салмағымен шектеледі

Жазық тордың МЕСТ 8478-81 бойынша өлшемдері шектеледі, олардың ұзындығы мм, ал ені мм аспау керек.

 

Тордың сортамент бойынша белгісі

 

мұнда: Т - тор;

D – бойлық стержіндердің диаметрі;

- бойлық стержіндердің адымы;

d - көлденең стержіндердің диаметрі;

u - көлденең стержіндердің адымы

k - көлденең стержіндердің ерікті ұшы;

С1, С2 - стержіндердің ерікті ұшы;

Тордың бойлық немесе көлденең стержіндері жұмыстық болуы мүмкін. Кейбір тордың жұмыстық арматура ретінде екі бағытта жатқан стержіндері болады. Жұмыстық арматураға перпендикуляр жатқан стержіндер монтаждық деп есептеледі.

Дәнекерленген жазық қаңқалар – бойлық және оларды байланыс-тырушы көлденең стержіндерден тұрады.

- монтаждық

- жұмыстық

- сортамент бойынша есеп

арқылы

Бойлық сержіндер қаңқаның биіктігі бойынша бір қатар (а), екі қатар (б) болады, ал көлденең стержіндердің бір жағында немесе екі жағында (в) орналасуы мүмкін.

Тордың және қаңқаның нүктелік дәнекерлеудің сапасы қатынасына байланысты. Осы қатнасы төмен болмау керек. Ол үшін қаңқаларды жобалау кезде пісіріп дәнекерлеу технология шартын орындау керек [Байков В.Н. Железобетонные конструкций, 1991г. – ІХ кестеде берілген].

Кеңістіктік қаңқалар – жазық қаңқалардан құрастырылады. Осындай қаңқаларды пайдалану арматуралық бұйымдарды дайындау технологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 

 

10.Сурет. Дәнекерленген арматуралық торлар

Алдын-ала кернелген конструкциялардың кернелген арматураларын жекелеген сымдардан (В-ІІ, Вр-ІІ), арқандар (К-7, К-19) мен байламдар түрінде жасайды.

Элементтерді жекелеген сымдармен арматуралау көп еңбек сіңіруді қажет етеді, сондай-ақ сымдардың араларында қалдырылған қашықтар – элементтердің қималарын үлкейтуге әкеп соғады. Сондықтан жекелеген сымдардан арматуралық арқан және байламдар жасайды.

Мысалы: К-7, К-19 жеті немесе 19 сымнан жиналған

Арматуралық арқандар - өте тиімді кернелген арматура болып табылады. Арматуралық арқандардың периодтық профильдері олардың бетон мен сенімді ілінісуін қамтамасыз етеді, ал арқандардың ұзын болып келуі, оларды ұзындығы үлкен конструкцияларда қолдануға болады ( м).

а) Бірқатарлы арматуралық байламдар

 

11.Сурет. Арматураны біріктіру

 

а) Өзекті атматураны біріктіру

б) Көпқатарлы арматуралық байламдар

в) 7-сымдық арқанды (К-7) қолданған байламдар

д ) 4 флангылық дәнекер жік

ж) 2 флангылық дәнекер жік

Байламдар параллель орналасқан беріктігі жоғары сымдардан құрастырылады. Сымдардың саны 24,18,14-ге тең болуы керек. Сымдар шеңбердің бойымен байламдардың ішіне цемент ерітіндісі өте алатындай саңылаулар қалдырыла отырып орналастырылады да, сыртынан жұмсақ сымдармен таңып тастайды. Тым күшті байламдарды сымдардың орнына 7-сымдық арқанды (К-7) қолданады.

 

Дәріс

Тақырып: «Темірбетон»

 

Жоспар:

1. Арматура мен бетонның ілінісуі

2. Арматураның бетонда аркерленуі

3. Темірбетонның ширауы мен жылжығыштығы

 








Дата добавления: 2015-12-26; просмотров: 3025;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.