Деректердіңлогикалықүлгісінкөрсетутәсілдері

Нысандық-бағдарлық үлгілерді құрастырушылардың көпшілігі бағдарламалық қамтамасыздандыру және деректер қоры саласында компаниялармен қабылданған нысандық үлгілерді көрсетудің стандарттық жүйесі болып табылатын үлгілеудің типті тілін (Unified Modeling Language, UML) қолдана бастады.

UML – жобалау әдістемесі емес, диаграммаларды көрсету жүйелері. Нысандық-бағдарлық үлгілердің кез-келген әдістемесін алуға болады, және UML-ді пайдалаа отырып үлгіні стандартты тәсілмен көрсетуге болады.

Деректерқорыныңфизикалықүлгісінқолдану

Деректер қорының физикалық үлгісі деректердің логикалық үлгісі негізінде құрастырылады. Деректер қорының физикалық-құрылымдық үлгісі деректердің логикалық үлгісіне ұқсас болғанымен ерекшелігі де болады.

Нысандар кластары оларды кестелерге шығару кезінде бөлшектене алады және біріге алады. Ережелер мен қатынастар әр түрлі тәсілдермен көрсетілуі мүмкін.

Деректер қорының физикалық үлгісі деректердің логикалық үлгісіндегідей деректерді құрай алады.

 

 

Деректер базасының логикалық үлгісінің және үлгілерінің элементтері

Төмендегі кестеде деректердің логикалық үлгісінің негізгі элементтері және оларға сәйкес деректер қорының элементтері көрсетілген.

Нысан үй, көл немесе клиент сияқты негізді көрсетеді. Ол кесте жолағы түрінде сақталады және атрибуттар жинағымен басым болады. атрибуттар нысанның аты, көлемі, категориясы сияқты сапасын сипаттайды. Атрибуттар ДҚ кестелерінің жолдарында сақталады.

Класс – бұл ұқсас нысандар жинағы. Кластағы барлық нысандар атрибуттар жинағы бірдей. Ол деректер базасында кестелер түрінде сақталады. Кестенің жолдары мен бағаналары екі өлшемді матрица түзеді.

Логикалықэлемент Деректер қорыныңэлементі
Нысан Жол
Атрибут Бағана, алаң
Класс Кесте

 

Күрделідеректерменжұмысістеу

Деректердің реляциялық деректері коммерциялық сәттілікпен орындалады, себебі оларда қарапайым және түсінікті теория қолданылады. Оның қарапайымдылығына қуаттылығы мен әлсіздігі қосарланған, себебі деректердің реляциялық базалары оңай құрылады, бірақ оларда күрделі деректерді үлгілеу қиынға соғады.

Географиялық деректер базасы күрделі деректерді құрайды: сызықтық және аудандық кеңістіктік нысанның контурлары – бұл құрылымның координаттар жиынтығы. Кеңістік нысандар: анық топологиялық қатынастар, анық емес кеңістік қатынастар немесе жалпы қатынастар құрайтын жүйелер болып біріктіріледі.

Реляциялық деректер базалары ГДБ-ның негізі болып табылады. ГДБ-ның басты мақсаты – реляциялық деректер базасына тәуелсіз деректердің біртекті үлгісін құрастыру арқылы күрделі географиялық деректерді өңдеуден тұрады.

 








Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1004;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.