Ветеринариялық шаралардың қаржыландырылуы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында қаржыландыру көздері болып табылатын нысандар ретінде аталғандары: республикалық және жергілікті бюджет қорлары; келісім-шарттар есебінен және ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін келіп түсетін ақшалай қорлар; Қазақстан Республикасы Заңдарына қайшы келмейтін өзге қорлар.
Бөлінетін ақшалай қорлар мемлекеттік ветеринариялық басқару органдары мен мекемелерін ұстануға, еңбекақы мен іссапарлық шығындарды өтеуге, медикаменттер, құрал-жабдықтар мен өзге ветеринариялық мүліктер алуға, ветеринариялық нысандардың жөндеу және құрылыс жұмыстарына, көлік түрлері мен арнайы машиналарды т.б. алуға шығындалады .
Аталынған шығындармен қатар, мемлекет ветеринариялық ғылым дамуына және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, ветеринария саласы мамандарының біліктіліктерін жоғарылатуға ақшалай қорлар бөледі.
Мемлекеттік ветеринариялық қызметті ұстап тұру және елдегі ветеринариялық шаралардың өткізілуі үшін республикалық бюджет қорларын пайдалану тәртібін республика бюджеті туралы және өзге заңдық күші бар актілер арқылы реттеледі. Республикалық бюджет есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметі тізімімен бекітілген аса қауіпті жануар ауруларымен күресу және оларды профилактикалауға бағытталынған эпизоотияға қарсы шаралар қаржыландырылады. Бұл ең алдымен диагностикалық зерттеулерге, жануарлардың инфекциялық және паразитарлық ауруларын профилактикалық және емдік өңдеулерге (вакцинация, дегельминтизация т.с.с), эпизоотия ошақтарындағы дезинфекция т.б. ветеринариялық-санитарлық шаралар, автотранспорттық, өзге шығындар. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес мемлекеттік ветеринариялық органдарды, мекемелерді және ұйымдарды қаржыландыру төмендегі қорлар есебінен өткізіледі:
республикалық бюджет есебінен - Қазақстан Республикасының мемлекеттік ветеринариялық басқару органы, көлік пен шекарадағы мемлекеттік ветеринариялық басқару органы мен оған бағынышты мекемелер, республикалық мемлекеттік ветеринариялық мекемелер, ғылыми-зерттеу ветеринариялық институттары мен ветеринрия мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындары, ҚР ІІМ ветеринариялық полиция бөлімі;
Жануарлардың инфекциялық және паразитарлық ауруларына қарсы шаралар жергілікті бюджет есебінен де қаржыландырыла алады, сонымен қатар акционерлік кәсіпорындар мен мекемелер өз қорлары есебінен де қаржыландыра алады.
Эпизоотияға қарсы бөлінген ақшалай қорларды мемлекеттік ветеринариялық басқару бойынша республикалық және облыстық органдар бөліп, меңгереді.
Ведомстволардың ветеринариялық қызметтері сол министрлік (ведомство) қорлары есебінен қаржыландырылады.
Шаруашылықтардың ветеринариялық мекемелерді ұстап тұруына, ветеринария қызметкерлері еңбектерін өтеу, емдік, профилактикалық ветеринариялық-санитарлық, жартылай эпизоотияға қарсы шығындар шаруашылық қорлары есебінен төленеді де малшаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны қорына жатқызылады, бұл жайында өндірістік-қаржылық жоспарлар мен есептерде көрсетіледі.
Шаруашылық қорлары есебінен келесі шаралар өткізіледі:
- ғимараттардың, ферма аумағының, жайылымдардың дезинфекциясы, дезинсекциясы, дератизациясы, декаризациясы;
- жануарларды емдеу, витамин препараттарының, микро- және макроэлементтердің қолданылуы;
- малшаруашылығын созылмалы инфекциялық аурулардан сауықтыру бойынша ұйымдастыру-шаруашылық шаралары.
- ветеринариялық нысандардың құрылысы.
Нұсқамалық құжаттарда медикаменттер, таңу материалдарын, құрал-жабдықтарды, деззаттарын және басқа ветеринариялық тауарларды бір жануар басына орташа жылдық жануар бастарына шаққанда есептеу әдіснамасы, сатып алу үшін қажетті ақшалай қорлар көрсетіледі.
Мемлекеттік ветеринариялық қызмет мекемелері мен ұйымдары сақтандыру қорлары есебінен өндірістік ғимараттардың, ведомсволық тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, капиталды жөндеу жұмыстарын өткізе алады, осы қор есебінен арнайы құрал-жабдықтар, автокөліктер сатып алынуы, жануар ауруларын емдеу, профилактикалау және олармен күрес жүргізу шығындарын өтеуге, ветеринариялық білімді насихаттау шараларын өткізе алады.
Осы қорлардың шығындалу сметалары жыл сайын жасалып, ветеринариядағы мемлекеттік басқару органымен бекітіледі.
Арнайы қорлар – бұл бюджеттік мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің есеп-шоттарына ақылы ветеринариялық қызмет түрлерін көрсеткені үшін, дәрі-дәрмектер, профилактикалық және емдік препараттар әзірлеп, сатқаны үшін ақшалай қорлардың келіп түсуі.
Арнайы қорлар ветеринариялық мекемелердің есеп-шоттарына Ұлттық банк бөлімшелері арқылы түсіп, жергілікті қаржы органдарының келісімі бойынша кіріс-шығыс тіркелетін құжат бойынша қатаң мақсаттық тұрғыда шығындалады. Қорлардың бір бөлігі ветеринар дәрігерлеріне, фельдшерлерге, қызмет көрсетуші адамдарға ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін қосымша ақы ретінде пайдаланыла алуы мүмкін.
Ветеринариялық шаруашылық есебіндегі мекемелер келісім негізінде орындалған ветеринариялық жұмыстары үшін келіп түсетін, өздері әзірлеген өнімдердің сатылуы есебінен түсетін қорлар есебінен ұсталынады. Бұл мекемелер толық шығынын өзі өтеушілік негізінде болады, өздерінің кіріс-шығыс сметалары болады оны мекеме жетекшілері бекітеді. Қазақстанда шаруашылық есебіндегі мекемелер ретінде облыстық шаруашылық есебіндегі ветеринариялық-санитарлық жасақтарды және облыстық ветеринариялық өндірістік зертханаларды атауға болады.
Мекемелер қызметін жоспарлау негізі ретінде өтінімдерді, келісімдерді, жұмыс жасаудың шамамен алғандағы нормаларын және әр жұмыс түрі үшін төлем мөлшерлерін атауға болады.
Мекемелер жоғары тұрған ветеринариядағы мемлекеттік басқару органы бекіткен ережені сонымен қатар, атқарушы және өкілетті билік орындары қабылдаған құжаттарды басшылыққа алады.
Жыл сайын республика мен облыстарда эпизоотиялық ахуалды ескере отырып ветеринариялық шараларды қаржыландыру жоспарлары құрылады.
Қаржыландыру жоспарына алдағы жылға межеленген шаралар, олардың көлемі, әр түрі бойынша құны мен қажет етілетін қорлардың жалпы құны енгізіледі. Жоспар қаржыландыру органдарына тапсырылуы керек. Жоспарды құру үшін «Жануарлардың инфекциялық және инвазиялық аурулары кезінде қолданылатын ветеринариялық емдік-профилактикалық өңдеулер құнының есептік нормативтері» құжатын пайдалану керек.
Әрбір ветеринариялық мекемеде ветеринариялық шараларға шығындардың ассигновациялары сметасы болуы шарт, ол қаржылық органдармен келістірілген және мекеме басшысы бекіткен түрде болуы керек. Шығындар сметасына келесі баптар кіреді: еңбекақы шығыны, еңбекақы төлемдері, кеңселік шығындар, іссапар шығындары, медикаменттер, жабдықтар, құрал-саймандар т.с.с. алу, капиталдық қаржы бөлу, оның ішінде құрылысқа, ғимараттар мен құрылымдардың күрделі жөндеулері.
Жыл соңында ветеринариялық мекемелер белгіленген тәртіпте сметалардың пайдаланылуы жөнінде есептер тапсырады.
Әрбір ветеринариялық мекеме бюджеттік ассигнованияларды, сондай-ақ арнайы қорларды пайдаланғаны жөнінде бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті.
Бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша жауапкершілік мекеме басшысы мен бухгалтерге жүктеледі. Бухгалтер міндеті: ветеринариялық мекемеге бөлінген ассигнованиялардың пайдаланылуын бақылауында ұстау; арнайы қорлар бойынша кіріс-шығыстарды есепке алу; ақшалай операциялардың дұрыс толтырылуын бақылауында ұстау; белгіленген мерзім ішінде бухгалтерлік есептер тапсыру. Несиелерді бөлуші мемлекеттік ветеринариялық мекеменің бірінші басшысы, ол заңды тұлға құқығына ие.
Ветеринарияық кооперативтерді, шағын кәсіпорындарды, серіктестіктерді, жеке кәсіппен айналысатын ветеринар дәрігерлерін және өзге жеке кәсіпкерлік қызметтегі мекемелерді қаржыландыру ерекшеліктері, олар бюджет есебінен қаржыландырылмайды, толығымен шығынын өзі өтеушілік тәртібінде әрекет етеді де ветеринариялық қызметтерді келісім-шарт негізінде орындайды. Қызмет ету барысында тиісті заңнамалық акттерді және атқарушы органдардың өкімдерін, ұжым болып қабылданған және атқарушы билік органдары бекіткен өз мекемелерінің жарғыларын, ережелерін басшылыққа алады. Еңбекақы бойынша еңбектік зиянды жағдайлары үшін төлемақыны ескере отырып лауазымдық еңбекақы көлемдері қабылданған. Бұл баға қоюда вакцинация кезіндегі биопрепараттар шығыны, емдеу кезіндегі медикаменттер шығыны, салықтар салынуы ескерілмеген.
Мереке күндері, сонымен қатар түнгі уақытта қызмет көрсеткені үшін ұсынылатын баға қоюларына 2 коэффициентпен үстеме ақылар қарастырылады. Мұндай коэффициент адамдар денсаулығына зияны бар аса қауіпті ошақтарда эпизоотияға қарсы шаралар өткізілуі кезінде де қойылады. Шұғыл қызмет түрлерін көрсету кезінде жұмыстар құны 50% жоғарылайды.
Республикалық бюджет есебінен өткізілетін қаржыландыру түрлері:
- мемлекеттік ветеринария мекемелерін ұстап тұру шығындары;
- мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі көлік түрлерін дезинфекциялау жұмыстарын қосқандағы профилактика және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау және жою, адамадар мен жануарлар денсаулығына аса қауіп төндіретін тәркіленіп алынған жануарларды, жануар текті өнімдерді, шикізаттарды жою шығындары;
- жануар иелеріне тәркіленіп алынған және жойылатын ауру жануарлардың, жануар текті өнімдер мен шикізаттардың құнын өтеу шығындары;
- ветеринарияда пайдаланылатын депонирленген микроорганизм штаммдарының Ұлттық жинағын сақтауға жұмсалатын шығындар.
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау нысандары иелері есебінен орындалатын жұмыстар:
- ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды сынау (апробация), серияларын бақылау және регистрациялық сынақтар өткізу;
- ауылшаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға бағынышты жүктерді өндіру, дайындау (сою), сақтау, қайта өңдеу және пайдаға асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру істерін идентификациялау қарекеттері;
- базарлардағы ветеринариялық-санитарлық сараптау;
- Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен тізімге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларын санамағандағы жануарлардың ауруларын емдеу, профилактикалау және жою;
- ветеринариялық-санитарлық қорытынды және ветеринариялық куәлік бланкларын табыстау. Ветеринарнялық қамтылу – бұл ветеринариялық шараларды орындау үшін ветеринариялық қызметті барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету бойынша атқарылатын арнайы мекемелердің және ұйымдардың қызметі.
Ветеринариялық қамтылу нысандарына жататыны: биологиялық препараттар, медикаменттер, дезинфицирлеуші заттар, зертханалық жабдықтар мен реактивтер, приборлар, таңғыш заттар мен құрал-саймандар, физиотерапиялық және рентгенографиялық аппаратуралар, арнайы киім-кешектер мен аяқ-киімдер, ветеринариялық насихат құралдары мен жарақтары, ветеринариялық есеп беру бланктары, веткуәліктер т.с.с.
Ветеринариялық қамтылу ұйымы - Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық Министрлігінің функцияларының бірі, бұл функциялар ветеринариялық қамтылудың республикалық органдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл мекеме жұмысын ветеринарияны мемлекеттік басқару бойынша республикалық орган, сонымен қатар облыстық және аудандық басқару органдары тікелей бақылауында ұстайды.
Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу – ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның заңнамалық бекітілген тәртіпте ветеринариялық препараттарды оларды сараптау, апробациялау және регистрациялық сынақтар нәтижелері бойынша ветеринариялық препараттардың Мемлекеттік тізіміне енгізуі және оларға белгіленген түрдегі тіркеу куәліктерін табыстауы;
Ветеринариялық препараттардың Мемлекеттік тізімі – мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импортталуға және қолданулға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтер келтірілген ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган шығаратын тізім;
Ветеринариялық препарат апробациясы - ветеринариялық препараттың шектелінген зертханаларда немесе өндірістік жағдайларда ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік ветеринариялық орган бекіткен тәртіпте оның иммунобиологиялық қасиеттерін және эпизоотологиялық тиімділігін анықтау, препараттың тигізер залалы жоқтығын нақтылау, сонымен қатар ветеринария практикасында пайдалану үшін экологиялық қауіпсіздігін анықтау мақсатында сынау.
Ветеринариялық препараттар – жануар ауруларын профилактикалау, диагностикалау, емдеуге арналған, сонымен қатар жануардлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекция, дезинсекция және дератизациялау үшін пайдаланылатын жануар, өсімдік текті немесе синтетикалық шығу тегіндегі заттар, сондай-ақ, жануарлар үшін парфюмерия немесе косметика мақсатында пайдаланылатын заттар.
Ветеринариялық препараттарды тіркеу – бұл ветеринария практикасында жалпы қолданыс тапқан қарекет, оны жүргізу қажеттілігін халықаралық ұсыныстар талап етеді, атап айтқанда Халықаралық Эпизоотиялық бюро, Еуропалық қауымдастық директивалары құжаттары. Ветеринариялық препараттарды тіркеудің басты мақсаты республикада шығарылатын және республика аумағына енгізілетін ветеринариялық препараттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауда ұстау.
Апробациялау жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарды шектелінген аумақтарда өндірістік сынақтар өткізу түрінде жүзеге асырылады. Өндірістік сынақтар осы мақсатта қажетті көлемде ветеринариялық препаратты әзірлеп, Қазақстан Республикасының Бас ветеринар инспекторымен келісілген Регламент негізінде өткізіледі.
Ветеринариялық препаратты апробациялау және мемлекеттік тіркеуге алу үшін, Өтініш беруші ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органға мына құжаттарды тапсырады:
1. Ветеринариялық препаратты апробациялау және мемлекеттік тіркеуге алу үшін белгіленген түрдегі өтініш;
2. Талаптарға сәйкес толтырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, ал шет елдіктерге – ағылшын тілінде және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ресми аудармасы келтірілген құжаттар бумасының екі данасы;
3. Мемлекеттік тіркеуге алынатын ветеринариялық препараттардың ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органдар белгілеп көрсеткен нормативтер тәртіптегі үлгілері.
Ветеринариялық препаратты апробациялау және мемлекеттік тіркеуге алу үшін табысталытын ветеринариялық препарат құжаттары келесі материалдардан тұруы тиіс:
1) Препараттың барлық құрамдас бөліктері мен олардың арналымы көрсетілген ветеринариялық препараттың сипаттамасы;
2) Еркін түрде толтырылған және құрастырушы қолы қойылған өткізілген зерттеулер, биопрепараттар дайындау үшін пайдаланылған микроорганизмдер (вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар т.б.) штаммдарының қасиеттері; зиянсыздығын, авируленттігін және иммуногендігін зерттеу туралы және болжамдық әрекет ықтималдығы бойынша (тератогендігі, мутагендігі, канцерогендігі, эмбриотоксигендігі, аллергендігі), сақтау мерзімі айқындалатын тұрақтылығын зерттеу турасындағы мәліметтер келтірілген есеп;
3) Бақылау және өндірістік штамм паспорттары;
4) Ветеринариялық препаратты пайдалану нұсқаулығы;
5) Ветеринариялық препараттардың техникалық шарттары мен бақылау әдістері;
6) Ветеринариялық препаратты апробациялау және мемлекеттік тіркеуге алынуын немесе елдің ресми мемлекеттік фармакопеясына енгізілуін растайтын құжаттар.
Ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган ұсынылған бір құжатар бумасын және ветеринариялық препараттар үлгісін апробация немесе регистрациялық сынақтар өткізу үшін ветеринариялық препараттарды бақылау зертханасы функциясын атқаратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымға, ал екінші құжаттар бумасын қажет болған жағдайда қосымша қорытындылар алу үшін ғылыми-зерттеу институттарына жібереді.
Ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган ҒТҚ сараптамасын өткізген ҒЗИ қорытындысы негізінде, сонымен қатар, ветеринариялық препаратты апрбациялау және регистрациялық сынау нәтижелері бойынша оны тіркеуге алу немесе тіркеуге алу үшін рұқсат бермеу бойынша ақтық шешім қабылдайды.
Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тіркеуге алынуын Ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган өткізеді де тіркеу куәлігін табыстап, препаратты пайдалану бойынша нұсқаулықты бекітеді.
Жаңа және жетілдірілген ветеринариялық препараттарды шектелінген аумақтарда сынақтар өткізу арқылы апробациялайды.
Ветеринариялық препаратты апробациялауды өткізу үшін ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган құзыретті комиссия тағайындайды, оның құрамына препараттардың айналымға шығуына жауапты болып табылатын өз маманын – комииссия төрағасы, зертхана мамандарын, өндірістік сынақ өткізілетін аумақтың бас мемлекеттік инспекторын, сыналатын жануар иелерін және Өтінім беруші кіргізеді.
Өндірістік сынақтар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы бекіткен бағдарламаға сәйкес өткізіледі.
Ветеринариялық препаратты мемлекеттік тіркеуге алу бойынша қабылданған шешім негізінде ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган ветеринариялық препараттардың Мемлекеттік реестріне жазба енгізіп, тиісті номер белгілейді, ветеринариялық препаратқа жалпы қолданыстағы және тауарлық атау береді, Өтініш берушіге белгіленген тәртіптегі тіркеу куәлігі табысталады.
Тіркеу куәлігінің әрекет етуі Қазақстан Республикасының барлық аумақтарына жарамды. Мемлекеттік тіркеудің жарамдылық мерзімі 5 жыл.
Ветеринариялық қамтылу тәртібі мен шарттары ауданда, облыста, республикада өткізілуі межеленген жоспарлы ветеринариялық шараларға тікелей тәуелді. Ветеринариялық жұмыстар орындалуының көлемі, сапасы, уақтылығы өз алдына ветеринариялық қамтылуға тәуелді болады.
Ветеринариялық тауарлар көлемін, енгізілу уақытын және номенклатурасын анықтау - бұл ветеринариялық қызмет мекемелері органдары басшыларының тікелей міндеттері. Қамтамасыз ету өтінімдер бойынша жүргізіледі, өтінімдер тауарлардың жеке түрлері бойынша бес формада жыл сайын толтырылады: биопрепараттар, медикаменттер, деззаттар т.с.с.
Өтінімдерде тауарлар номенклатурасымен қатар, болжамды сатылу құны да көрсетледі.
Қамтылу операциялары ішінде биологиялық препараттар ерекше орын алады. Қазіргі уақытта олардың көбін Ресей мен өзге ТМД елдері шығарады, бұл елдерде биологиялық өнеркәсіп инфраструктурасы жақсы дамыған.
Қазақстанда биологиялық препараттар өндірісі ветеринариялық профилдегі ғылыми мекемелер базасында өткізіледі: Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты (ҚазҒЗВИ), оның 5 облыстық ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансалары бар (ҚР АШМ құрамына кіреді); ҚР БжҒМ ғылым Комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институты (БҚМҒЗИ); ҚР БжҒМ Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, сонымен қатар, түрлі жеке кәсіпкерлік кәсіпорындары («Антиген», «Вита-СТ», Биком» т.б.).
Бұлар дайындайтын биологиялық препараттар ветеринариялық шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып-алу жүйелері бойынша шаруашылықтарға түсіп отырады (Үкімет бекіткен тізім бойынша алынатын ветеринариялық препараттар). Өзге қажетті ветеринариялық препараттар, медикаменттер мен өзге қажетті материалдар жеке кәсіпкерлік ветеринариялық қызмет кәсіпорындары арқылы түсіп отырады.
Нарықтық қатынастар ветеринариялық қамтамасыз ету жүйесі органдарына бұл мәселелерді өздерінің бастамалары бойынша тұтынушылардың сұраныстарын, нарықтық бағаларды мүмкіншіліктерді ескере отырып реттеу мүмкіндігін береді.
Ветеринариялық мекемелер ветеринариялық тауарларды ветеринариялық қамтамасыз ету жүйелерімен қатар өзге орындарда да ала алады. Өзге қамтамасыз ету және тауарлық кәсіпорын қызметтеріне жүгінуге болады. Ветеринариялық арналымдағы барлық мүліктер тіркеуге алынып отырады да материалдық жауапты тұлғаға табысталады. Медикаменттердің түсімі мен шығындалуын сандық соммалық немесе тек сандық қатынаста есепке алуға болады. Есепке алу арнайы журналдарда немесе белгіленген пішіндегі кәртішкелерде жүргізіледі.
Ветеринария мақсатында тұтынылатын улы және күшті әсер ететін дәрілік заттарға ерекше талаптар қойылады.
«А» тобына жататын улы дәрілік заттарды таза күйінде зооветқамту жүйелерінің базаларында, бөлімдерінде, дәріханаларында, жануарлар ауруларымен күрес бойынша ветеринариялық стансаларда, республикалық, облыстық, аудандық ветеринариялық зертханаларда, ветеринариялық ғылыми-зерттеу мекемелері мен оқу орындарында сақтауға рұқсат беріледі. Барлық өзге ветеринариялық мекемелерде, сонымен қатар, барлық меншік иелігіндегі шаруашылықтарда улы дәрілік заттарды тек дайын күйінде сақтау керек. Ветеринарияда қолданылатын «Б» тобына жатқызылатын күшті әсердегі дәрілік заттарды барлық ветеринариялық мекемелерде, шаруашылықтардың ветеринариялық дәріханаларында осы үшін қажетті жағдай жасалғанда рұқсат беріледі.
Улы және күшті әсердегі дәрілік заттарды жіберу тәртібін ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган анықтап, бекітеді.
Улы және күшті әсердегі дәрілік заттарды осы мақсатқа арналған арнайы орындарда ғана сақтайды. Жекелеген жағдайларда бағыныштылығына байланысты жоғары тұрған мекеменің рұқсатымен жәшіктерде емес дәріхананың ортақ бөлмесінде сақтауға болады. Дәріхана терезелерінде темір торлар болуы шарт. Бөлмелер мен жәшіктерді жұмыс соңында мөрлермен белігілеп жабу керек.
Ветеринариялық мекеме басшысы ветеринариялық мүліктерді сақтау, есепке алу және пайдалануға жіберу тәртібін айқындайды да өз бұйрығымен медикаменттер, биопрепараттар, құрал-саймандар мен өзге материалдардың сақталу мен пайдалануға жіберілуі үшін жауапты маманды тағайындайды.
Ветеринариялық тауарларды сақтау үшін белгілі шарттар жасалуы керек. Мысалы, биопрепараттарды тоңазытқыш камераларында, тұрмыстық тоңазытқыштарда белгіленген температуралық режимде сақтайды. Дезинфицирлеуші заттар, жеңіл тұтанатын заттар т.с.с. жеке сақталынады.
Мүлік-заттардың дұрыс пайдаланылуын бақылау үшін және әр жыл соңында олардың бар-жоқтығын тексеру үшін акт толтыра отырып инвентаризациялау жұмысы өткізіліп отырады. Мүліктерді уақытында шығынға жазу ауысып өтетін медикамент қалдықтарының, таңу материалдарының т.с.с нормасын оптималды деңгейде ұстау мүмкіндігін беретін. Ауысып өтетін ақшалай қорлар тоқсандық қажеттіліктерге есептелуі керек деген ұғым бар. Бюджеттік қорлар есебінен алынған ветеринариялық препараттар келесі жағдайларда тегін пайдаланыла алады:
- ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен тізім бойынша жұқпалы аурулар кезінде профилактикалық және лажсыз екпе жұмыстарын, диагностикалық зерттеулер, дезинфекциялар өткізгенде.
Ветеринария мекемелерінде биологиялық препараттардың, дезинфицирлеуші заттардың тегін пайдаланылуы жұмыс орындалуы бойынша актпен толтырылады.
Дата добавления: 2016-01-29; просмотров: 2844;