СЗ-на қойылтын талаптар
· Аз шығындалып, эффективтілігі жоғары болуы керек;
· Қол жетімді, арзан және қолдануға жеңіл болуы керек;
· Қоршаған ортаға зиянын тигізбеуі керек.
СУ.
Су және сулы ерітінділер сұйық ӨСЗ-на жатады. Су әмбебап, қол жетімді және эффективтілігі жоғары зат. Суды өрт сөндіру үшін қолданған кезде әрекеттесуші заттарды салқындату принципі қолданылады.
Алайда сумен сөндіруге болмайтын өрттер де болады:
1) Егер су жанғыш заттармен химиялық реакцияға түсіп, нәтижесінде жылу немесе басқа да жанғыш компоненттер түзілетін болса (кейбір қышқылдар мен сілтілер);
2) Егер жану процесі өте жоғары температураларда өтетін болса (1800÷2000°С – металдардың жануы), себебі мұндай температурада су молекулалары диссоциациялануға ұшырап, өртті сөндірудің орнына, керісінше, оны одан сайын өршіте түсуі мүмкін иондар түзеді (сутегі, гидроксид-ион (оттегі));
3) Егер қауіпсіздік толық қамтамасыз етілмейтін болса (мысалы, жоғары кернеулікті электр құрылғысында өрт шығатын болса – өмір үшін өте қауіпті);
4) Егер ауа температурасы өте төмен болса – себебі оның қату темпераурасы төмен, сол себепті қиындық туғызады.
5) Егер тығыздығы судың тығыздығынан кем болып келетін жанғыш сұйықтықтардан өрт шығатын болса – мысалы, мұнай өнімдері жанған кезде.
Өздігінен қарастыру үшін:
КӨБІКТЕР.
Химиялықжәне ауа-механикалықдеген түрлері болады.
НТАҚТАР.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1195;