СО2, ГАЗДАР(аргон, гелий азот, су буы т.б.).
ЖАРЫЛЫСдепзаттардыңқас-қағым сәтте өте үлкен мөлшерде энергия бөле жүретін қысқа мерзімді үдерісі.
Жарылыс салдарынан туындаған қоршаған ортадағы қысымның, тығыздықтың, температураның кенет көтерілуімен сипатталатын қозғалыс жарылыс толқыны деп аталады.
Зақымдану аймақтарының радиустары бірнеше км-ге жетуі м-н. Жарылыс әсерінің 3 зонасы белгілі:
І зона – детонациялық толқын әсері – интенсивті түрді талқандау – барлық конструкциялар бұзылып, өте үлкен жылдамдықта жан-жаққа ұшады.
ІІ зона –жарылыс өнімдерінің әсері – ғимарат-имараттар жарылыс өнімдері әсерінен бүлінеді, зонаның сыртқы шекарасында соққы толқын п.б-ады
ІІІ зона - соққы толқын әсері (а- күшті; б - орташа бұзылулар зонасы; в – әлсіз бұзылулар зонасы)
(ауаның жылдам соққысы жоғары қысымда және аса үлкен күшпен жүреді – ішкі мүшелерді зақымдайды, қан-тамырлары жарылады, ми шайқалады, сүйек шығу, сыну)
Жарылыс себептері (Өндірісте):
- өнеркәсіптік құрылғылардың, аппаратураның қирауы, бүлінуі, құбырлардың жарылуы;
- технологиялық режимдердің бұзылуы (қысымды температураны шамадан тыс асыру, т.б.);
- өнеркәсіптік аппаратураның дұрыс жұмыс істеуін үнемі бақылауда ұстамау, уақтылы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі.
Тұрмыста:
- азаматтардың, балалардың қателіктері (газ жарылыстары);
- лаңкестік әрекеттер (жертөлелерде, туннельдерде, метрода, қоғамдық орындарда, көліктерде қолдан жасалған жарылғыш заттар қолдануы м-н)
белгісіз (иесіз) түйіншек, тартылған шнур, сым, сөмке, қорап, ойыншық т.б. (сағат механизмі орнатылған б-уы м-н)
Жарылыстың ғимараттар мен имараттарға әсері.
Ғимараттар жарылыс әсерінен мынадай дәрежедегі бүлінулерге ұшырайды:
- Толығымен – барлық конструкциялар қираған, қалпына келтіру м-н емес – адамдар өледі;
- Күшті – негізгі конструкциялар айтарлықтай қираған, қабырғалар, аралық жабындар қираған – 50% -өледі, қалғаны аса ауыр жарақаттар алады.
- Орташа - негізгі конструкциялар деформацияланған, шатыр, қабырғалар айтарлықтай қираған, көптеген сызаттар, қалпына келтіру мүм-гі бар - -“-.
- Әлсіз – есік-терезе сынуы м-н, коммуналдық, энергетикалық желілер бүлінген, айтарлықтай қираулар жоқ, қалпына келтіруге болады – адамдар ұшқындардан, жарықшақтардан әйнек сынықтарынан жарақаттар алуы м-н.
Адамға әсері:
- Соққы толқын әсерінен болатын зақымдану дәрежелері:
- Жеңіл – жеңіл контузя, уақытша құлақтың естімей қалуы, қол аяқ жарақаттары, сүйектердің шығуы;
- Орташа – ми шайқалуы, есту мүшесінің зақымдануы, құлақ-мұрыннан қан кету, қол аяқ сүйектерінің шығуы, сынуы;
- Ауыр – бүкіл ағзаның күшті контузиясы, ішкі мүшелер мен миға зақым келу, ауыр сүйек сынулары, өлімге душар етуі де м-н;
- Аса ауыр – әдетте өмірмен қош айтыстыруға алып келетін аса ауыр жарақаттар.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1255;