ИОНДАУШЫ ЕМЕС СӘУЛЕ ШЫҒАРУЛАР

Иондаушы емес сәуле шығарудегеніміз – электромагниттік өрістің кеңістіктегі күй өзгерісі немесе электрлік және магинттік өрістердің бір-бірімен өзара әрекеттесуі.

 

Жіктелуі:

1. Электромагниттік сәуле шығарулар;

2. Тұрақты және ауыспалы магниттік өрістер;

3. Өндірістік жиілікті электромагнитті көрістер;

4. Электростатикалық өрістер;

5. Лазерлік сәуле шығару.

Электромагниттік өріс – электрлік зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуіне жағдай туындататын материяның айрықша формасы.

Электрлік өрісті кеңістікте электрлік зарядтар мен зарядталған бөлшектер туғызады.

Магниттік өрісті өткізгіш арқылы қозғалысқа түсетін электр зарядтары туғызады.

 

Электромагниттік өрістің негізгі көздері:

- Электр өткізгіш желілер;

- Тұрмыстық электр жабдықтары;

- Жеке компьютер;

- Теле-, радиобайланыс станциялары;

- Жерсеріктік және ұялы байланыс;

- Радарлы құрылғылар.

Электр өткізгіш желілерінен (ЭӨЖ) аймаққа өндірістік жиілікті электрлік және магинттік өрістер тарайды. Олардың таралу қашықтықтары ондаған метрді құрайды.

Электр өрісінің таралу қашықтығы электр желісінің кернеулік класына тәуелді (кернеулік класын көрсететін сан ЭӨЖ атауында тұрады, мысалы, ЭӨЖ 220кВ., кернеулік шамасы артқан сайынэлектрлік өріс зонасындағы электр өрісінің деңгейі де соғұрлым арта түседі).

Магниттік өрістің таралу қашықтығы ток күші мен желіге түсетін жүктемеге (нагрузка) тәуелді болады.

 

Электрлік және магниттік өрістердің биологиялық нысандарға әсер етуі.

 

Электр өткізгіш желілерінен электр өрісі тарайтын аймақтарда өмір сүретін жәндіктердіңіс-әрекетінде агрессия, мазасыздық, жұмысқа қабілеттілігінің және өнімділігінің төмендеуі байқалады екен.

Ол аймақтарда өсетін өсімдіктерде де даму аномалиялары байқалған – күлте, жапырақ, сабақтарының пішіндері, өлшемдері өзгеріске ұшырап, артық күлтелердің пайда болуы орын алуы жиі аңғарылады екен.

Электр өткізгіш желілері өрісінде ұзақ уақыт болған дені сау адам да оның зардабын шегеді. Яғни, мұндайда жүрек-қан тамыры және жүйке жүйелерінің аурлары, кейде, тіпті, қатерлі ісік ауруларына шалдығуы мүмкін.

Тұрмыстық электр жабдықтарындағымагниттік өрістің шамасы құралдың қуаттылығына байланысты әр түрлі болып келеді.

Негізінен, электромагниттік өріс шамасы нақты модель түріне және оның жұмыс істеу режиміне тәуелді болады. Сол себепті бір типті құралдың өзінде туындайтын электромагниттік өріс түрлі шамаға тең болуы мүмкін (1-суретте тұрмыстық электр жабдықтарындағы магниттік өріс шамасының құрал түрлеріне қарай және әр түрлі модельдерде түрліше мәнге ие болуын көрсететін сызба келтірілген):

 

Сурет

 








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2330;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.