Лазерлік сәуле шығару.
Лазер (ағылшын тілінде- LASER – light amplification by simulated emission of radiation –күштеп (еріксіз) сәуле шығару арқылы жарықты күшейту дегенді білдіреді)– оптикалық квантты генератор, электр, жылу, химиялық, т.б. энергия түрлерін поляризацияланған монохроматты сәуле шығару энергиясынаайналдыратын құрылғы.
Лазерлік сәуле шығару – зат атомдарынан электромагниттік сәуле шығару кванттарының (порцияларының) лазер арқылы күштеп шығарылуы.
Лазерден төнетін қауіптілік дәрежесі:
Сәуле шығару көзінің қуаттылығына;
Толқын ұзындығына;
Импульс ұзындығына;
Сәуле шығарудың шағылысуы мен шашаырауына
Лазерлік сәуле шығару қауіптілік дәрежесі бойынша 4 класқа жіктеледі:
І – қауіпсіз (сәуле шығару көзге зиянды әсерін тигізбейді);
ІІ – қаупі аз (тура түскен немесе айнадан шағылысқан сәуле көз үшін қауіпті)
ІІІ – қауіптілігі орташа (сәуле шығару көзіне 10 см қашықтыққа дейін жақын келетін болса, көзге өте қауіпті және тура түскен немесе айнадан шағылысқан сәуле теріге зақымдаушы әсер етеді)
ІV – қаупі жоғары (сәуле шығару көзіне 10 см қашықтыққа дейін жақын келетін болса, теріге өте қауіпті зақымдаушы әсер етеді)
І – ІІІ лазерлерінен қорғау үшін сәуле шығару көздерін экрандайды. Экран жасалатын материалдың сәулені шағылыстыру коэффициенті төмен, отқа төзімді және өзіне лазер сәулесі түскен кезде уытты заттар бөліп шығармайтын болуы керек.
ІV класс лазерлері оқшауланған бөлмелерде сақталады. Олармен қашықтықтан басқару арқылы жұмыс істеу керек.
Лазерлік сәуле шығару биологиялық эффектілер бойынша 2 топқа бөлінеді:
1) Біріншілік эффектілер: сәулеленуге ұшыраған ағза ұлпаларында пайды болатын органикалық өзгерістер
2) Екіншілік эффектілер: адам ағзасындағы сәулеленуге қарсы жауап ретінде пайда болатын спецификалықемес өзгерістер.
Жоғарыда айтылғандай, лазерлік сәуле шығаруға ең сезімтал болып келетін дене мүшесі – көз. Көз алмасын, қан тамырларын зақымдау арқылы лазерлік сәуле шығару көру қабілеттілігіне де зақымдаушы теріс әсерін тигізеді.
Сондай-ақ, тері мен ішкі мүшелерге де теріс әсері бар. (Термиялық күйікке ұқсас күйдіруі мүмкін).
Иондаушы емес сәуле шығарудың адам ағзасына кері әсерін тигізуші тағы 1 түрлері – инфрадыбыс және ультрадыбыс.
Ультрадыбыс – адамның есту шегі диапазонынан жоғары диапазондағы дыбыс. (дыбыс толқынының жиілігі n (нью) >20кГц).
Дыбыс қысымы дәрежесінің өлшем бірлігі – дБ (дециБел). Ултрадыбыс қарқындылғының өлшем бірлігі – Вт/см2
Ультрадыбыс адам ағзасына локальды түрде әсер етеді. Ұзақ уақыт бойында және жүйелі түрде әсер ететін болса, жүрек-қан тамыры, жүйке, эндокриндік жүйелерге кері әсер етеді. Есту және тепе-теңдікті сақтау қабілеттілігіне де зақымдаушы әсерін тигізеді.
Ағзада осындай өзгерістердің пайда болуы ультрадыбыстың әсер ету дозасына байланысты:
Төмен дозалар (80-90 дБ) – зат айналым процесін жақсартады, қабынуға қарсы, ауруды басатын емдік әсерлері де бар, сол себепті медицинада кеңінен қолданылаы.
Ал егер де жоғары дозалар (>120дБ) әсер ететін болса, зақымдаушы әсерлері көрініс табады.
Инфрадыбыс - адамның есту шегі диапазонынан төмен диапазондағы дыбыс. (n<20кГц).
Техногенді ИД көздері:
Станоктардан;
Көліктерден;
Жер асты, су асты жарылыстары;
Вентилляциялық шахталардан шығатын қытты дыбыстар
Биологиялық әсері: орталық жүйке жүйесін, тыныс алу жүйесін зақымдайды. Тепе-теңдікті сақтау қабілеттілігіне де зиян келтіреді.
Электр қауіпсіздігі (электр тогының адамға әсері)
Эл. тогының адам ағзасына әсер етуінің 4 түрі бар:
1. Термиялық әсер;
2. Электролиттік әсер;
3. Механикалық әсер;
4. Биологиялық әсер.
Токтың термиялық әсері дегеніміз – денеде әр түрлі күйіктердің пайда болуы; токтың ағза арқылы өту жолында жатқан дене мүшелерінің жоғары температураларға дейін қызып, күрделі функционалдық бұзылуларға ұшырауы.
Электролиттік әсер деп ағза тіндері мен ұлпаларындағы органикалық сұйықтықтардың, қанның ыдырап кетуін, соның салдарынан физ-хим-қ құрамының да өзгерістерге ұшырауын айтамыз.
Токтың механикалық әсері дегеніміз – электродинамикалық эффект әсерінен ұлпалардың жыртылуы, сондай-ақ, қанның, ұлпа сұйықтықтарының ток әсерінен қатты қызып, буға айналуы.
Биологиялық әсер деп ұлпалардың ток өткен кезде тітіркеніп, қозуын, сонымен қатар, ішкі биоэлектрлік үдерістердің бұзылуын айтамыз.
Электр тогының аталған әсерлері салдарынан көп жағд-рда адам тәнінде түрлі электр жарақаттары п.б. олар шартты түрде 2 топқа бөлінеді: жергілікті және жалпы.
Жергілікті электр жарақаттарының түрлері:
- Күйіктер – адам тәні арқ. эл. тогы өткен кездегі термиялық әсердің салдары. (немесе эл. доғасы әсерінің) күйіктердің сыртқы түрлері – терінің қызаруы, көлдіреуі немесе биол-қ ұлпалардың қарайып кетуі;
- Тері металлизациясы – эл. доғасы әсерінен металл өткізгіштің балқуы нәт-нде теріге ұсақ металл бөлшектерінің енуі (аса қауіпті емес, уақыт өте келе жазылып кетеді) ;
- Электрлік белгілер – токқа түскен адам терісінде сұр немесе ақшыл-сары түсті дақтардың қалуы (ауырмайды, тез қайтады);
- Механикалық ақаулар – дене бұлшық еттерінің тітіркеніп, тартылуы салдарынан терінің ақаулаға ұшырауы, қан тамырларының жарылып кетуі мүмкін, жүйке ұлпаларының жыртылуы немесе қатты жиырылу салдарынан буындардың шығып, сүйектердің сынып кетуі де мүмкін.;
- Электроофтальмия – эл. доғасынан күшті УК сәулелер таралуы салдарынан көздің сыртқы сілемейлі қабаттарының қабынуы (көру қабілетіне теріс әсер етуі м-н).
Жалпы электр жарақаттарына электрлік соққы жатады. (Адам денесі арқылы ток жүріп өткен кездегі бұлшық еттердің қатты тітіркеніп, жиырылуы салдарынан тыныс тарылып, жүректің қызметі бұзылуына, тіпті тоқтап қалуына да әкелуі мүмкін жағдай, негізгі себебі – жүрек фибрилляциясы, яғни, жүрек бұлшық еттері талшықтарының хаосты түрде қатты жиырылуы).
Электрлік соққының 4 дәрежесі белгілі:
- 1-дәреже - бұлшық еттердің тартылып жиырылуы, бірақ адам есінен танбаған болса;
- 2-дәреже - бұлшық еттердің тартылып жиырылуы, адам есінен танып қалған болса;
- 3-дәреже – адаместен танып, жүрек қызметінің немесе тыныс алу қызметінің бұзылуы (2-нің 1-інің);
- 4-дәреже – клиникалық өлім. (қан айналымы мен тыныс алудың тоқтап қалуы, тек мидың ғана қысқа мерзім бойында жұмыс істеп тұруы. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілетін болса, адамды тірілтіп алу мүмкіндігі болады, ондай мүмкіндік болмаса, 3-4 мин. ішінде клиникалық өлім биологиялық өліммен алмасады.)
Адам ағзасына физиологиялық әсер етуінің салдары бойынша эл. тогы 3-ке бөлінеді:
- шекті сезілетін ток (І=0,6÷1,5 мА) – ток әсері сезіледі, бірақ жарақаттануға әкеп соқтырмайды;
- шекті жібермейтін ток (І=10÷15 мА) – адам өздігінен ток қондырғысынан босана алмайды;
- шекті фибрилляциялық ток (І>100 мА) – тыныс алудың, жүрек қызметінің бұзылуы (паралич), өлімге душар болу мүмкіндігі өте жоғары;
Адамның жұмыс орнында токқа түсіп қалу қаупі электр құрылғыларының дұрыс орналастырылуымен тік-й байланысты. Осы тұрғыдан «Электр құрылғыларын орналастыру ережелеріне» сәйкес жұмыс бөлмелері 3 классқа бөлінеді:
І. Қаупі жоғары емес жұмыс бөлмелері
Құрғақ, шаң-тозаңсыз, ауа температурасы қалыпты, едендері оқшаулағыш мат-лдан (ағаш) жасалған бөлмелер жатады (офис, зертхана, т.б.)
ІІ. Қаупі жоғары жұмыс бөлмелері
Бұл санатқа жатқызылуы үшін жұмыс бөлмесінде төмендегі шарттардың 1-і орындалса жеткілікті:
- ылғалдылық >75%;
- температура>30°С;
- ток өткізетін шаң тозаңның болуы (көмір, металл бөлшектері);
- ток өткізгіш материалдардан жасалған еден (металл, жер, темір-бетон, кірпіш);
- тар бөлмелер (адамның 1 уақытта эл. құрылғысына және басқа металл конструкцияларға жанасу мүмкіндігі).
ІІІ. Аса қауіпті жұмыс бөлмелері
- Аса ылғалды бөлмелер (ылғалдылық ~ 100%);
- Хим. активті ортаның болуы (эл. құрылғысының ток өт-ш бөліктерінің изоляциясын бүлдіруі м-н хим. заттар);
- ІІ класты сипаттайтын шарттардың 1 мезетте 2-нің орындалуы.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 4549;