Рттердің негізгі сипаттамалары.

1) Жылу және жану өнімдерін бөле жүреді;

2) Жану аймағына ауа оттегісінің келіп тұруын және газ тәріздес жану өнімдерінің алыстап кетуін қамтамасыз ететін газ алмасу процесі өтеді;

3) Жану аймағынан шығатын жылу қоршаған ортаға және жанғыш материалдарға тарайды.

 

Өрт кезінде қауіп туғызушы факторларға мыналар жатады:

1. Ашық от пен ұшқынның болуы (тері, тыныс мүшелерінің күйігіне ұшыратуы мүмкін);

2. Айналаның және заттардың жоғары температурасы;

3. Жанудың және термиялық ыдыраудың токсикалық өнімдері (СО, СО2);

4. Түтін (түтіннің құрамында әр түрлі дисперстік қоспалар болады. Өткір иісті және айналаны барлауға кедергі жасайды);

5. Оттегі концентрациясының төмендеп кетуі;

6. Бүлінген құрылғы, аппарат, құрылыстық конструкциялардың жарықшақтарынан төнуі мүмкін қауіптер;

7. Конструкциялардың ток өткізгіш бөліктерінде жоғары кернеуліктің пайда болуы салдарынан туындауы мүмкін электр тогы;

8. Өрт нәтижесінде болуы мүмкін жарылыс салдары;

9. Өрт сөндіргіш құралдар.

 

Жану түрлері: гомогенді және гетерогенді.

Гомогенді - жанғыш зат пен тотықтырғыш 1 фазада (газ) болады, жану өнімдері де.

Гетерогенді – жанғыш зат қатты немесе сұйық зат болады, ал тотықтырғыш – газ фазасында.

 

Жануға қабілеттілігі бойынша заттардың жіктелуі:

· Жанбайтын – ауада өздігінен және жану көзінде жануға қабілеті жоқ заттар;

· Қиын жанатын – жану көзінде және оған жақын маңда жануды қолдайтын, бірақ өз бетімен жана алмайтын заттар;

· Жанғыш (тез тұтанатын) – өздігінен тұтанатын, жану көзі әсерінен жанатын және ол көзден алыстатқан кезде де өз бетімен жана беретін заттар.

 








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1520;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.