Судағы микрофлора
Су єр т‰рлі микроорганизмдердің табиғи µмір с‰ру ортасы болып есептеледі. ¤зен, теңіз, океан, ашық су қоймаларында барлық таксономиялық топтардың µкілдерін кездестіруге болады.
Су қоймалары жануар жєне µсімдіктердің органикалық субстраттарынан жєне патогенді микроорганизмдерден µздігімен тазарта алады. Б±л процесті су қоймаларының µзін тазарту деп атайды. Судың сапрофитты флорасы тіршілік активтендіреді, нєтижесінде органикалық заттардың ыдырау к‰шееді, єр т‰рлі бактериялардың саны азая бастайды, єсіресе нєжіспен шыққандар (фекального происхождения). Сапробтылық термині (грек тілінен sapros - шіру) - б±л судағы арнайы концентрациядағы микроорганизмдердің органикалық заттары жєне судың минералдану дєрежесі арасындағы байланысы ерекшелігінің комплексі. Сапробтылық шкаласы бойынша 3 аймақ анықталған: полисабробты, мезосапробты, олигосапробты.
Полисапробты аймақта (µте ластанған аймақ) органикалық заттар саны µте кµп, тез ыдырайды да микроорганизмдер оларды тез қабылдайды. Полисапробтық аймақта оттегі жоқ. Микробтар µте кµп (анаэробтық бактериялар, саңырауқ±лақтар, актиномицеттер), олар тез шірітіп ашытады. Осы бактериялар єсерінен к‰рделі органикалық заттар қарапайым заттарға ауысқанда аммиак, к‰кірт сутегі, индол, скатол, метан, углекислота т.б. бµледі. 1 мл суда бактериялардың саны миллионнан асады.
Мезосапробтық аймақта (сєл ластанған аймақ) қышқылдану жєне нитрификация процесі басым. Қ±рамында азоты бар қоспалар аммиакқа дейін ыдырайды, олар қышқылданғанда нитритке, нитратқа ауысады. Микробтардың саны кµп - 1 мл суда мыңдап µлшенеді. Ең алдымен нитрифицирленген бактериялар - грам(-) таяқшалар, кокктар. Олар облигатты аэробтар. Сонымен қатар, судағы Clostrіdіum туыстастығына кіретін анаэробтар, Pseudomonas, Mycobacterіum, Flavobacterіum туыстастықтарына кіретін бактериялар, Streptomyces жєне Candіda т.б. кµмірсутегілері бар қоспалардың минерализациясына қатысады - целлюлоза, клетчатка, лигнин т.б.
Олигосапробтық аймақ (таза су аймағы) µздігімен тазарту процесі аяқталуымен сипатталады. 1 мл суда бактериялар саны 10-нан 1000 дейін. Б±л судың қалыпты флорасы.
Қалыпты микрофлораның адамның әртүрлі ауруларының этиологиялық факторы
Адам ағзасына әртүрлі қолайсыз факторлардың әсер етуінен микрофлораның өзгеруі мүмкін. Мысалы: (рационсыз антибиотиктерді қолдану)
1. облигатты өкілдердің концентрациясының өзгеруі
2. факультативті микробтардың концентрациясының өзгеріп, оның көбеюі.
3. болуы мүмкін емес жерлерде микроорганизмдердің пайда болуы.
Нәтижесінде, қалыпты флораның өкілдері патологиялық процестердің қоздырғыштары ретінде танылады. Сонымен, бактероидтар жиі септицемияларды, апендизиттерді, құрсақ қуысының абсцесстерін, өкпе мен ми абсцесстерін, менингиттерді байланыстырады.
Ішек таяқшалары көптеген отиттерді, урогенитальды қабыну процестерін, септицемияларды, зарасыз эшерехиоздарды және т.б. ауруларды тудыруы мүмкін. Энтерококктар – менингит, отит, цистит т.б. ауруларды тудырады.
Факультативті өкілдерінің шінен патогенді потенциалдарымен энтеробактериилер, протеилер, көк іріңді таяқшалары мен дрожж тәрізді туысына жататын саңырауқұлақтар қамтамассыз етілген.
Антибиотиктерді кеңінен қодану осы микроорганизмдердің көбеюіне және кандидоздың дамыуна әкеліп соғады, молочница, жаралы гингивит, стоматит, гастритті, энтероколитті тудырады.
Қазіргі уақытта асқазан-ішек микроценозының өзгеру жағдайын белгілеу үшін «дисбактериоз» терминін кең қолдануда.
Дисбактериоз – макроағзадағы микробиологиялық статус пен физиологиялық қызметтер жағдайының ауытқуының өзара байланысы және бұл байланыс адам ағзасының симбиоттық тепе-теңдігінің бұзылуымен анықталатын патологиялық процесс.
Бақылау сұрақтары(кері байланыс)
1. Микроорганизмдердің өмір сүретін табиғи экология орталарын атаңыз?
2. Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы?
3. Топырақта, суда, ауада қандай микроорганизмдер кездеседі?
4. Микроорганизмдердің макроорганимдермен симбиоз түрлері.
5. Санитарлық микробиология нені зерттейді ?
6. Дисбактериоздың дамуы себебі.
Тақырыбы: Инфекция туралы ілім. Инфекциялық үрдістің процестің сипаттамасы. Бактериялардың патогендігі және токсигендігі. Микроорганизмнің персистенциясы..
Инфекция (лат. infectio - ластану, зақымдау) патогенді қоздырғыштың басқа да бір жоғары маманданған өсімдік немесе жануар организіміне еніп, олардың ары қарай антогонистік қарым-қатынасымен сипатталады.
Инфекциялық үрдіс - бүл белгілі уақытта шектелген белгілі сыртқы орта жагдайларында өтетін, және де молекулярлық, субклеткалық, клеткалық, тіндік, мүшелік және ағзалық деңгейде байкалатын, макроорганизмнің заңды өлімімен немесе оның коздырғыштан толық жойылуымен аяқталатын микро- (қоздырғыш) және макроорганизмдерді биологиялық жүйелердің күрделі қарым-қатынасы.
Инфекционды ауру - өзіне тэн нозологиялық белгілері бар және дамуының белгілі дэрежесімен сипатталатын инфекциялық үрдістің көрінуінің нақты формасы.
Инфекциялық аурулар патогенді қоздырғыштың эсерінен дамиды. Инфекциялық аурулардың баска аурулардан ерекшелігі олар ауру адамнан немесе жануардан сау адамдарға беріліп, жалпылай таралуында. Инфекциялық ауруларға этиологиялық агенттің, дамуының және иммунитет калыптасуының спецификалылығы тэн. Адамның барлық ауруларының ішінде инфекциялық ауруларға 20-40% келеді.
Инфекциялық үрдістің табиғаттағы ең күрделі биологиялық үдерістердің бірі екенін айта кеткен жен және ол адамзат үшін үлкен көлемде экономикалық зардап экелетін қиратушы фактор.
Инфекциялык аурулардық саны жылдап өсуде. Егер 1955 жылы олардың саны 1062 (В.М. Жданов) болса, қазір 1200ден астам.
Инфекциялық ауруларға тірі коздырғыш емес, ал олардың омір сүру әнімдерінен дамитын тағамдық токсико инфекциялар да жатады. Және бүл кезде инфекциялык үрдіс дамымайды ал тек интокцикация байкалады. Яғни инфекциялық үрдіс дегеніміз қоздырғыш пен макро организмнің белгілі сыртқы орта жағдайындағы қарым қатынасы. Қоздырғыш инфекциялық үрдістің туындауын ғана емес оның спецификалылығын анықтайды, осылайша оба қоздырғышы тек обаны холера қоздырғышы тек холераны және т.е.с басқада қоздырғыштар белгілі ауруды туындатады. Өмір сүру барысында адам милиардтаған микроорган измдермен катынасады, дегенмен олардың аз бөлігі ғана ауру туындатады. Бүл ауру туындату қсиеті микроорганизмнің патогенділігімен анықталады.
Патогенділікг - бұл микроорганизмнің гендік бекітілген ауру туындата білу қасиеті. Бұл белгісі бойынша микроорганизмдер патогепді, шартты-патогенді, патогенсіз болып жіктелінеді. Патогендікті анықтайтын негізгі факторлар болып вируленттілік, токсигендік және инвазивтік қасиеттері жатады.
Вируленттілік - эр нақты патогенді қоздырғыш ушін патогенділік дәрежесі.
Токсигенділігі - бұл әр турлі уытты токсиндерді бөле алу қасиеті.
Инвазивтілігі - макроорганизмнің тіндері мен мушелеріне еніп, онда көбейе алу касиеті. Патогендік қасиеттері эр коздырғыштын генетикалық элементтерінде (плазмидалар, траспозондар және т. б.) сақталады.
Инфекциялық урдістің туындауында тек патогенділік касиеттері ғана емес, организмнің жалпы жағдайы эсер етеді. Организмнің корғаныс факторлары спецификалық (иммунды) және бейспецификалық болып бөлінеді.
Ауру туындау үшін қоздырғыш организмнің бірнеше қорғаныс барьерларынан өтуэ тиіс. Оларга ең алдымен организмнің өз калыпты микрофлорасы жатады. Бұл микроорганизмдердің басым бөлігі ішекте, өкпеде және теріде орналасқан. Олар патогенді микрофлораны тежейтін көптеген механизмдерге не (перистальтиканьщ стимульденуі, ішек эпителиінің орнына адгезияга бәсэкелестік, антибиоттикалык заттардың бөлінуі, иммунологиялық қорғаныс механизмдерінің индукциясы және т. б.).
Дэл осылай өзінің қорганыстық және бөгеттік қызметін тері және респираторлы тракт аткарады.
Ары қарай қорғаныс реакциясына табиғи иммунитеттің факторлары (фагоциттер, антиденелер, лизоцим, интерферон) іске қосылады. Және де қөптеген жағдайлалда жүре пайда болтан иммунитет, иммунологиялық толераттылық өз эсерін береді.
Ағзаға түскен патогенді қоздырғыш пен организм арасында белгілі уақыт аралығында циклді дамитын инфекциялық үрдіс өтеді. Оның бірнеше кезектескен сатыларын ажытарамыз: инкубациялық (латентті), кезец, продромальдық кезен, аурудың жедел көрініс өрбу кезені және жазылу кезені.
Инкубациялық кезен - зақымдаған мерзімнен аурудың клиникалық белгісі басталғанға дейін өтетін уақыт. Қоздырғыштың касиетіне, макроорганизмнің иммундық статусына, макро және микро организмдердің өз-ара қарым қатынас сипатына байланысты инкубациялық кезен бірнеше сағаттан бірнеше айға, тіпті жылға дейін созылады.
Продромальды кезен - осы ауруға тэн бейспецификалық жалпы симптомдардың пайда болуымен сипатталады. Мысалы, элсіздік, тез шаршағыш, тэбеттің болмауы және т. б.
Аурудың жедел көрініс кезені - аурудың өршуі. Бүл уақытта аурудың өзіне тэн спецификалық симптомдар пайда болады. Мысалы, іш сүзегінде - бөртпелер, вирусты гепатитта - дененің саргаюы және т. б. жатады.
Сауығу кезені - симптомдардың басылуы, баяу ағзаның зақымданған мүшелердің қайта қалпына келуі.
НФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ. Нақты барлық дэрігерлер қолданатын классификация элі күнге дейін жоқ. Себебі жүйелілеудің үсынылған эдіс - тэсілдері өте көп. Бүл инфекциялың аурулардың санының өте көптігімен сипатталады.
Маңызды болып инфекциялық үрдісті туындаткан коздырғыштардың түрлері жатады. Осыған байланысты жүқпалы ауруды тек бір қоздырғыш туындатса- моноинфекциялық, бір уакытта бірнешеуі туындатқан аурулар - аралас, микст-инфекциялар деп аталады.
Микроорганизмдердің адам үшін қатерлігіне байланысты келесі 4 топқа жіктейді:
1. Өте қауіпті аурулар қоздыргыштары: оба, оспа, Ласе және Эбол лихорадкалары
2. Жоғары контагиозды бактериальды және вирусты инфекциялар: сібір түйнемесі, холера, іш сүзегі, бластомикоз, және т.б.
3. бактериальды саңырауқүлақтық, вирусты және протозойлы инфекциялар: көкжөтел, сіреспе, ботулизм, туберкулез, кандидоз, малярия, лейшманиоз, грипп, полиомиелит т.б. аурулардың қоздыргыштары
4. бактериаьды, вирусты менингитті, пневмониялар мен энтеритті, токсико инфекциялар мен жедел улануды туғызатын қоздырғыштар: анаэробты газды гангрена қоздырғышы, амебиаз, аденовирус, герпесвирустар жатады.
Жіктелудің енді бір түрі экзогенді және эндогенді (аутоинфекция) болып табылады. Қоздырғыштың сырттан түсуімен сипатталатын -экзогенді инфекция, ал шартты-патогенді микроорганизмдердің патогендіге ауысып, ауру туындатуы - эндогенді инфекция деп аталады. Аутоинфекция жиі бадамша бездерде, тоқ ішекте, бронхтарда, өкпеде, зэр шығару жолдарында, тері беткейінде қорғаныс реакцияларының төмендеп, сыртқы орта факторларының ағза үшін қолайсыз жағдайларында, ауруға түрактылық пен төзімділік төмендегенде дамиды.
Клинико-анотомиялық тұрғыдан: генерализацияланған инфекциялар, белгелі бір мүшеде шоғырланып дамитын, бірақ организмнің қарқынды жалпы рекциясымен сипатталатын инфекциялар және жергілікті бір жерде дамитын және жалпы реакцияның айқын білінбеуімен жүретін инфекциялар.
Биологиялық принцип бойынша антропонозды, зоонозды, антропо-зоонозды, және де табиғи ошақтық, инвазиялык болып бөлінеді.
Клиникалық көрінісінің көрінуі бойынша (манифесттік және инаппарантты), ауырлығы бойынша (жеңіл, орта, ауыр және өте ауыр инфекцияла), даму ағымы бойынша (типтік, атиптік; циклдік, ациклдік; жедел, және созылмалы).
Едэуір таралған және кең қолданатын Л.В. Громашевскийдің үсынган жіктелу жүйесі жатады. Ол бойынша ауруларды тасымалдау жолы бойынша 5 топка жіктеген:
1. ішектік
2. тыныс алу жолдары арқылы
3. кан арқылы
4. сыртқы жамылғы - тері арқылы
5. берілу жолы эртүрлі
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ НЕПЗДЕРІ.
Инфекциялық аурулардың диагностикасында терапияда колданатын барлық эдістер қолданады, яғни сүрау арқылы анамнез жинау, наукасты зерттеудің клиникалык, лабораториялық, инструментальды және т. б. арнайы эдістері. Оған коса инфекционистер тек инфекциялық аурулардың диагностикасында қолданылатын арнайы әдістемелерді пайдалынады.Оларға біріншіден қоздырғышты анықтау және бөліп алу, және де ағзаның коздыргышка берген жауабын сипаттайтын спецификалық белгілерін анықтау болып табылады.
Екіншіден инфекциялық аурудың диагностикасы ерекше кликнико-эпидемиологиялық эдістерді талап етеді. Осыған байланысты дэрігер эпидемиологиялық анемнез жинайды. Бұл анамнез аурудың козі, таралудың жолы туралы ақпаратта анықтау үшін, бүрын ауырған инфекциялық ауруларды және вакцинациялық егулер жайлы мағлұмат алу үшін жиналады.
Диагноздың барынша ерте қойылуы аурудың оң соңын аныктап қана қоймай, аурудың таралуын да болдырмайды. Диагностика барлық клиникалык зерттеулер мен (анамнез мэліметтері мен эдид.анамнезді коса) лабораториялық, инструментальды зерттеулерді талап етеді.
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.
Ең алдымен перифериялық қанның анализі тексеріледі. Кейбір ауруларда (малярия, лейшманиоз, сепсис) айқын анемия байқалады, ал кейбіреулерінде керісінше қанның қоюлануы нэтижесінде гемоглобин мен эритроциттердің санының өсуі байқалады (холера, сальмонелез). Бір топ бактериальды инфекциялык ауруларга лейкоцитоз тэн (ангина, менингококкты инфекция, лептоспироз), вирусты инфекциялар лейкопениямен жүреді (грипп, вирусты гепатит). Лейкоцитарлы формуланың эр түрлі өзгерістері болуы мүмкін. Мысалы нейтропения мен бір ядролы элементтердің санының өсуі, эозинофильдердің немесе плазматикалық жасушалардың санының артуы. Диагностика үшін биохимиялык эдістер де қолданады. Мысалы висцеральды лейшманиоз үшін айкын диспротеинемия тэн. Кейде аминотрансферазалардың санының артуы, биллирубин, азот қалдыгының мөлшерінің жоғарлауы байқалады.Бүл бейспецификалық эдістерден басқа инфекциялық ауруларда спецификалық эдістер қолданылады. Олар қоздырғышты тауып, бөліп алып идентификациялауға, олардың токсигендерін, антигендерін анықтауға бағытталады. Осы мақсатпен эр түрлі биологиялық, аллергиялық сынақтар, бактериологиялық, микроскопиялық, биологиялық эдістер кең пайданылады.
Кейбір аурулардың коздырғыштарын карапайым микроскоп көмегімен боялған немесе нативті препареат арқылы көруге болса ендібіреулері өте ұсақ және электронды микроскопты керек етеді. Қоздырғыштарды көру үшін иммунофлюресцентті эдіс кенінен қолданады. Ол арқылы ауыз жүтқыншактың шырышты қабатынан алған жұғындыдан грипп және басқа жедел респираторлы ауру қоздырғыштарын, визикула мен пустуладан алынған материалдан оспа қоздырғышын, терілік зақымдаулардан алынған материалдан сібір түйнемесін тағысын тағыларын анықтауға болады. Экспресс-диагностика үшін коаглютинация, латекс-аглютинация, агрегатаглютинация реакциялары қолданылады. Қоздырғышты идентификациялау және антибиотиктерге сезімталдыгын анықтау үшін қоздырғышты қоректік орталарға егу кеңінен қолданылады. Бүларға қоса антигендерді аныктау дүрыс диагностиканың негізі болып табылады.
Зерттеудің серологиялық әдістері өзінің қүндылығын жоғалтқан жоқ. Керісінше инфекциялық аурулардың диагностикасында аса спецификалық болып қалады. Қазіргі кезде келесі серологиялық эдістер қолданылады:
- аглютинация реакциясы (РА)
- комплемент байланыстыру реакциясы (РСК)
- тікелей емес гемагглютинация реакциясы (РНГА)
- гемагглютинацияны үстау немесе тежеу реакциялары (РЗГА немесе РТГА)
- преципитация
- нейтрализация
- жоғары сезімтал радиоиммунды анализ (РИА)
- иммуноферментті анализ (ИФА)
- иммунды блоттинг әдісі (ИБ)
Аллергиялық сынақтар жиі организмнің аллергиялык кайта құрылуында жүретін инфекциялардың диагностикасында (бруцеллез, токсоплазмоз, туберкулез) колданады. Сынақ өте қарапайым — тері ішіне 0,1 мл спецификалық аллаегенді енгізіп, 24-48 сағаттан соң нэтижесін қарайды. Ол көбінесе жергілікті гиперемия мен инфильтрация сияқты өзгерістермен (жиі Ісм), регионарлы лимфоденит және ағзаның жалпы реакциясы - дене температурасының көтерілуімен сипатталады. Оң сынак 5-7 күннен ерте қойылмайды.
ИНФЕКЦИЯЛЫК АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУДІҢ НЕПЗГІ
ПРИНЦИПТЕРІ.
Емнің негізгі перинциптері ерте диагностика мен ерте емнің
басталуына, индивидуальды және комплексті терапияға негізделген.
Дұрыс әрі ерте қойылған диагноз аурудың қатерсіз аяқталуына бірден - бір
себеп болып табылады. Емді эр науқастың жас, жыныс ерекшеліктеріне,
агзаның физиологиялық, иммундык тұрғыдан жағдайына, өмір сүру
тэртібіне байланысты индивидуальды жүргізілуі тиіс. Комплексті терапия
емніц негізгі принципі болып табылады. Өйткені көптеген инфекциялық
аурулар ағзаны барлық түрғыдан жаңа жағдайға экеледі. Организмнің
барлық қызметтері элсіреп, екіншілік инфекцияның туындауына қолайлы
жағдай туындауна жол ашады. Қазіргі кезде басты рольді
антибиотикотерапия, витаминотерапия, ауыр инфекцияларда
химиотерапия колданылады.
Алдын алу уактылы вакцинация мен пропогандық жүмыстарға негізделеген.
Инфекция. Инфекционды процесс факторлары және инфекцияның негізгі формалары.
«Инфекция» сөзі латынның inficio – зақымдаймын, кейінгі латын сөзі infectio – зақымдау деген сөзден шыққан. Дегенмен сөздің тікелей аударымы бұл сөзбен анықталатын негізгі мазмұнды көрсетпейді. Бұл сөзді үш түрлі түсінік ретінде пайдаланады. «Инфекция» термині жиі «инфекционды ауру» түсінігімен теңестіріледі. Басқа жағдайларда инфекция сөзімен залалды бастама (яғни, инфекционды ауру қоздырғышы); немесе ақырында инфекция деп зақымдалу процесін түсінеді. Шындығында, «инфекция» термині сыртқы ортаның арнайы жағдайларында (соның ішінде әлеуметтік) жүретін микро және макроорганизмдердің өзара әсерлесу процесін түсіндіреді.
Инфекционды ауру – инфекцияның формаларының бірі, ең шеткері (ауыр), бірақ оның көрінуінің жалғыз формасы емес. Сонымен қатар, инфекция түсінігінің осындай көзқарасында ғана инфекция тудыратын факторлар, инфекционды процесс маңызы көрсетіледі.
Микробиологияның даму таңында инфекционды процесс дамуындағы қоздырғыш – микроорганизмінің басты және негізгі рөлін түсіндіретін Генле-Кох триадасы биледі. Ол бойынша: 1) микроорганизм тек осы ауруда кездесіп, сау адамда және басқа аурулармен ауыратын науқастарда кездеспеу керек; 2) микроорганизм науқастан таза дақыл түрінде бөлініп алынуы керек; 3) микроорганизмнің таза дақылы да сол ауруды тудыруы керек. Дегенмен кеөтеген зерттеулер бұл тұжырымды қайта қарастыруға алып келді. Аурудың дамуы қоздырғыш қасиеттеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар макроорганизм екені аңық болды. Сонымен қатар инфекционды прцесстің өзін берілген аурудың қоздырғыш – микроорганизмінің рөлін есептемей қарастыру қате. Ғылымның негізгі қызметі осы күрделі әсерлесу процесіндегі екі қатынасушының да рөлін көрсетіп ашу және инфекционды ауру нәтижесімен дамуына дұрыс әсерді қамтамасыз ету. Дәрігер рационалды антибактериалды ем тағайындау арқылы қоздырғышқа, ал адам организміне оның қорғаныш механизмдерін сақтау арқылы әсер ету керек.
Сондықтан қазіргі уақыттағы инфекция туралы оқудың негізгі ережесі микро және макроорганизмнің өзара әсерлесу процесі сынды инфекцияның нәтижесі, дамуы, пайда болуына конкурентті өзара әсерлесудің екі қатынасушысының қасиеттері және осы процесс жүретін сыртқы орта факторлары әсер етеді. Инфекцияларды негізгі екі топқа бөледі:
А) манифестті инфекция, яғни қалыпты, қалыпсыз, созылмалы түрде жүретін инфекционды ауру.
Б) симптомсыз инфекция (тасымалдаушылық, латентті, абортивті, қалғушыжәне т.с.с.). Инфекционды процесстің басты факторларының (яғни, қоздырғыш пен микроорганизм) қасиеттеріне байланысты инфекцияның келесі негізгі формаларын ажыратады:
· Абортивті. Қоздырғыш организмге енеді, бірақ онда көбейе алмайды. Қоздырғыштың көбеюі кәдімгі резистенттілікпен немесе қоздырғышты әлсіздендіретін спецификалық иммунитеттің пайд аболуымен байланысты. Осыған байланысты, инфекционды процесс тоқтайды, кеш немесе ерте өліп, организмнен шығарылады.
· Латентті (инаппарантты). Қоздырғыш организмге енелі, онда көбейеді, макроорганизм оған сәйкес иммунобиологиялық реакциялармен жауап береді. Бұл реакциялар жүре пайда болған иммунитеттің қалыптасуына және организмнен қоздырғышты шығаруға алып келеді. Бірақ бұл инфекцияның сыртқы клиникалық белгілері жоқ, ол жасырын (латентті түрде) өтеді. Жай осындай латентті формада адамдар полиолиелит, бруцуллезбен, кейбір вирусты гепатиттер және басқа ауруларды өткізеді.
· Қалғушы (дремлющая) инфекция. Организмде қоздырғыштың симптомсыз болуы латентті инфекциядан кейін немесе ауырғаннан кейін көп уақытқа сақталуы мүмкін. Мысалы: бірінші ретті комплекс қалыптасуымен аяқталатын өкпе туберкулезі. Организмнің қарсылығын әлсірететін шарттардың әсерінен, онда сақталған тірі микроорганизмдер белсендіріліп, ауруды немесе оның рецидивін шақырады. Сондықтан, патогенді микробтар кішкене уақыт қалғушы жағдайда болады. Мұндай қалғушы микробтар организмге сыртқы ортадан енуі мүмкін немесе тіршілік қабілеттілігі мен қолайлы орта жағдайларында белсенділікке потенциалдық дайындығын сақтап қалған, белсенділігі төмендетілген қалғушы жағдайда өткен қоздырғыш – микроб болуы мүмкін. Сондықтан олар «сыртқа шығуға дайын микробтар» деп аталады (француз тілінде «microbes de sortie»). Организмдегі қалғушы микробтар орны шектелген ошақта ғана болса, және олар таралып ауру шақырға қабілетті болса, «фокалды» инфекция терминін қолданады (мысалы, шіріген тістегі тынған қабыну процесі, оның қоздырғышы – стрептококк белгілі уақытқа шейін қалғушы жағдайда болады).
· Берілген қоздырғыш үшін қалыпты (типичная) инфекция формасы.Қоздырғыш организмге енеді, онда белсенді көбейеді, осы ауруға тән клиникалық белгілер шақырады. Олар да белгілі айналыммен анықталады.
· Қалыпсыз (атипичная) форма. Қоздырғыш организмге енеді, онда белсенді көбейеді, организм оған белсенді иммунитеттің қалыптасуына әкелетін иммунобиологиялық реакциялармен жауап қайтарады. Бірақ клиникалық белгілер дұрыс көрінбей, қалыпсыз, яғни тән емес, белгілер көрсетеді. Көп жағдайда бұл организмнің жоғары резистенттілігіне байланысты, немесе қоздырғыштың әлсіз патогенді қасиеттерімен немесе дұрыс антибактериалды емге немесе осы үш фактордың үшеуінің де әсерімен байланысты болады.
· Персистентті (созылмалы). Қоздырғыш организмге енеді, онда белсенді көбейеді, аурудың белсенді формасын шақырады, бірақ организмнің иммунды жүйелері мен химиопрепараттар әсерінен L-трансформацияға ұшырайды. Торша қабырғасының синтезін бұзатын әсері бар химиопреператтар мен антибиотиктерге, антиденелерге сезімталдығы болмайды, сондықтан көп уақыт тірі болады (персистенттілік ағылшын сөзі «persistence» - өлмейтін, төзімді). Алғашқы формасына қайта оралып, қоздырғыш патогенді қасиетттерін қайта қалпына келтіріп, көбейіп, аурудың өршуіне (рецидив) алып келеді. Бұндай созылмалы инфекцияның мысалына туберкулез жатады. Науқас организмінде сақталатын туберкулез таяқшасының L-формасы осы аурудың созылмалы жүруінің басты себебі, ал туберкулез таяқшасының L-формасының Mycrobacterium tuberculosis айналуы – оның рецидивінің басты себебі.
· Баяу инфекциялар. Қоздырғыш организмге еніп, көп уақыт бойы – айлар, жылдар бойы латентті жағдайда клетка ішінде сақталады. Баяу инфекциялардың қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерінің күштеріне байланысты организм олардан құтыла алмайды, ал қоздырғышқа қолайлы жағдайда ол бөгетсіз көбейіп, ауру қиындай береді, сосын науқас өлімімен аяқталады. Баяу инфекциялар ұзақ инкубационды периодпен, аурудың ұзақ прогрессирленуші дамуымен, әлсіз иммунды жауаппен және ауыр нәтижемен сипатталады.Баяу инфекцияның қарапайым мысалы ЖИТС болып табылады.
· Бактериятасымалдаушылық. Жиі жағдайларда латентті инфекциядан кейін, ауырғаннан кейін адам организмі қоздырғыштан толық ажырай алмайды. Сондықтан адам дені сау бола тұра көп айлар, тіпті жылдар бойы бактериятасымалдаушы болады. Басқа адамдардың зақымдану көзі болғандықтан бактериятасымалдаушылар көп аурулардың эпидемиологиясында маңызды рөл атқарады (іш сүзегі, дифтерия және т.б.). Себебі, олар қоздырғыштарды сыртқа шығарып, ауаны, суды, тағамдық заттарды зақымдайды. Іш сүзегімен ауырғандардың 5-8% S.typhi созылмалы ( 3 айдан артық уақыт) тасымалдаушысы болып, оның табиғаттағы негізгі резервуары болады.
Реинфекция, суперинфекция, микст-инфекция, екіншілік инфекция түсініктері бар.
Реинфекция – сол қоздырғышпен шақырылған қайта зақымданып, инфекция дамуы. Әдетте ол клиникалық инфекционды ауру формасында болады. Себебі аурудан кейін қуатты иммунитет қалыптаспайды.
Суперинфекция – сауығу болмай тұрып, науқас организмінің сол қоздырғышпен инфицирленуі.
Микст-инфекция - әртүрлі микроорганизмдермен шақырылған екі инфекционды процесстің бір уақытта тууы. Қарсы түсінік – моноинфекция.
Екіншілік инфекция – біріншілік инфекционды аурудың уақытында иммунитеттің әлсіреуінен болады және әртүрлі қоздырғыштармен шақырылады (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар). Аз патогенді немесе патогенсіз қоздырғыштармен шақырылған сау адамдағы екіншілік инфекциялар аппортунистикалық деп аталады.
Аутоинфекция – кілегей қабықта және теріде болатын өзіндік микрофлорамен, олардың басқабиотоптарға түсуінен (мысалы, жараға) өзін зақымдау нәтижесінде болатын инфекционды процесстің дамуы.
Сонымен қатар экзогенді және эндогенді инфекцияны ажыратады (соның ішінде аутоинфекция), ошақтық (локалді) және генерализацияланған.
Инфекционды аурудың даму динамикасы.
Инфекционды аурудың дамуы белгілі айналыммен, период алмасуымен сипатталады. Инкубационды және продромалды, даму, сауығу (реконвалесценция) периодтаын ажыратады.
Инкубационды период – зақымдалу уақытымен аурудың алғашқы белгілерінің көрінгеніне дейінгі период. Бұл период ішінде организмде белгілі табалдырықтық мөлшерге дейін қоздырғыштың белсенді көбеюі мен оның токсиндерінің жинақталуы жүреді. Содан кейін организм клиникалық көрінулерімен жауап қайтарып, келесі продромалды период басталады. Инкубационды период ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін, ал лепр кезінде бірнеше жыл болуы мүмкін. Бүл ерекшелік зақымдау дозасының мөлшері, қоздырғыштың патогенділік дәрежесі, организмнің резистенттілік жағдайы сияқты себептерге байланысты болады.
Продромалды период немесе хабарлаушылар периоды. Ол дене қызуы, жалпы әлсіздік, бас ауруы сияқты спецификалық емес жалпы көріністермен сипатталады. Ұзақтығы 24-48сағат аралығында.
Даму периоды. Ол да жиі белгілі айналыммен сипатталады. Симптомдардың өсу стадиясын (incrementіum стадиясы), ауру өршуі (acme стадиясы) және симптомдардың сөну стадиясын (decrementum стадиясы) ажыратады. Аурудың жай формасында бұл период жалпы симптомдармен, жиірек: интоксикациямен, қабынумен, бөртпенің пайда болуымен, лихоадка болуымен сипатталады.
Сауығу периоды немесе реконвалесценция. Клиникалық сауығу паталогоанатомиялық және бактериологиялық сауығудан бұрын басталады. Адам сау болғанымен процестің локализацияланған жерінде кейбір паталогоанотомиялық өзгерістер сақталады (мысалы, дизентериядан кейін тоқ ішектің кілегейлі қабығында). Реконвалесценция толық болуы мүмкін – барлық процестер ешбір кедергісіз аяқталады. Бірақ көптеген аурулар ауыр іздер қалдырады, мысалы: полиомиелиттен кейінгі бұлшықеттердің салдануы, В гепатитінен кейінгі бауыр циррозы. Ерекшк маңыздысы ол инфекционды аурудан кейінгі бактериологиялық сауығу, яғни организмнің қоздырғыштан толық құтылуы. әр түрлі инфекционды аурудан кейін бактериологиялық сауығу периоды өзгермелі бұл науқасты ауруханадан шығарған кезде есепке алынуы тиіс. Мысалы, іш сүзегінен кейін реконвалесценттердің 80% алғашқы екі апта бойы бактериятасымалдаушы болады. Бактериологиялық сауығуды лабораторлық бактериологиялық анализдермен бақылайды. Бактериятасымалдаушылықтың эпидемиологиялық маңызы туралы жоғарыда айтылған.
Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 3596;