Асқазан-ішек трактысының микрофлорасы
Көптеген зерттеушілердің айтуынша сау адамдардың асқазан микрофлорасы болмайды немесе өте аз мөлшерде кездеседі. Асқазанның микробсыз жағдайда болуының себебі, асқазан сөлі мен бактерицидті заттардың әсері деп түсіндіреді.
Ащы ішек пен тоқ ішектің «стерильді» немесе микроб жайлағаны жөнінде толық жауап жоқ.
Қолдағы анықтамалар бойынша, 12-елі ішекте микрофлора болмайды немесе онда кейбір сапрофиттер болуы мүмкін: энтерококктар мен лактобацилдер, біршама саңырауқұлақтар мен сарциналар.
Ащы ішектің дистальді бөлігінде микрофлора саны көбейе береді және оның спектрі де әртүрлі болады. Көптеген анаэробтар, ішекті және сүт қышқылы таяқшалары мен фекальді стрептококктар мен энтерококктар.
Әсіресе тоқ ішек пен үлкен дәрет микрофлораға өте бай және алуан түрлі. Адамның тоқ ішегінде орта есеппен 1,5 кг микроорганизмдер, ал 1г үлкен дәретте 250 млрд микроорганизмдер бар екендігіесептелінеді.
Ішек микрофлорасының микроорганизмдері 8-10 түрлі туыстар мен 60 шақты түрлер мен туыстарға жатады.
Облигатты ішек флорасына жататындарға: бифидобактериилер, бактероидтар, лактобактериилер, ішек таяқшалары мен энтерококктар жатады.
Бифидобактериилер жас нәрестенің тоқ ішегіндегі ана сутімен қоректенетін негізгі флорасы болып есептелінеді. Отандық ғалымдардың жұмысы, олардың адамдардың ағзасында доминатты мөлшерде кездесетінін анықтап көрсетті.
Факультативті ішек флорасының тобына патогенді және шартты-патогенді бактерия түрлері мен сапрофиттер жатады.
Мектеп жасындағы балалардың флорасы үлкен адамдардың флорасынан ешқандай ерекшеленбейді.
Емшектегі балалардың тоқ ішегінде бифидобактериилердің көбеюінен: аэробты ассоциацияның интенсивті көбеюі азаяды.
Жасанды тамақтануға ауысқандар аэробты флора мөлшері көбейіп, спектірі кеңейеді және белгілі мөлшерде биохимиялық активтілігі өзгереді. Бұл рН-тың өлшемі мен фекалиидің тотығу-тотықсыдану потенциалында айқындалады. Нәтижесінде фекальді флора, үлкен адамның флорасына ұқсас болып келеді. Ағзаның қартаюы, сүт қышқылы микробтарының азаюы мен ішек флорасының ферментативті жіберуімен гемолитикалық штамдардың пайда болуымен және кейбір микроорганизмдердің агрессия факторларымен қатар жүреді.
Теріге тән негізгі мекендеуші микроаэрофильдер Cor acnes, стафилококктар, дифтероидтар, және Candida туысына жататын саңырауқұлақтар.
Коньюктив үшін біршама тән стафилококктар және аэробты коринебактериялар.
Мұрын жолдары флорасына стафилококктар, микрококктар мен аэробты коринебактериялар, сонымен қатар мұрын жолдары арқылы өте көп мөлшерде ауа өтетін болғандықтан мұнда патогенді стафилококктар, дифтерия коринебактериялары, пневмококктар, нейссериялар және т.б. микроорганизмдер кездеседі.
Мұрын жұтқыншақта анаэробтар кездеседі. Флораға бай.
Еркектер мен әйелдердің сыртқы жыныс органдарына тән: спирохеталар мен фузиформды бактериялар жатады.
Жатырдың негізгі бактериялары болып лактобацилдер, Дарерляйна және дифтероидтар жатады.
Дені сау әйелдің жатыр қуысы көп процетте стерильді.
Зәр шығару жолдарының дистальді бөлігі аэробтармен, аз мөлшерде анаэробтармен байытылған. Катетермен алынған сау адамның зәрі қалыпты жағдайда стерильді.
Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 4821;