Микроорганизмдерді дақылдандыру үшін арнайы анаэробты жағдайды жасау әдістері.
1. Физикалық – арнайы оттегісіз қоспа қосылған ауаны ығыстыру (көбіне- N,- 85%, СО2
10%, Н2 - 5%).
2. Химиялық - оттегіні химиялық жұтушылар қолданады.
3.Биологиялық - қатал аэробтар мен анаэробтарды бірге дақылдандыру (аэробтар оттегіні жұтып, анаэробтардың өсуіне қолайлы жағдай жасайды).
4.Аралас – бірнеше түрлі әдістер қолданады.
Айта кететін жәйт, қатал анаэробтарға оптимальді жағдай жасау өте қиын іс.Сол сияқты дақылдандыруда оттегісіз жағдайды тұрақты қамтамасыз ету мүмкін емес, сол себепті ерітілген оттегі құрамынсыз арнайы орталар, оларды алу, жеткізу, анаэробтық жағдайда материалды егу аса қажет.
Оның бірнеше әдісі бар, яғни анаэробтардың өсуіне келетін жағдаймен қамтамасыз ету үшін – қоректік орталарды алдын-ала қайнатып алу, терең агар бағанасына егу, оттегінің түсуін азайтатын орталарды вазелин майымен көмкеру, герметикалық жабылатын флакондар мен пробиркаларды , шприцтерді және инертті газы бар зертханалық ыдыстарды, жанып тұрған май шамы бар тығыз жабылатын эксикатор қолдану. Анаэробты жағдай туғызу үшін арнайы приборлар анаэростаттар қолданады. Бірақ қазіргі уақытта анаэробты және микроаэрофильді жағдай жасау үшін қарапайым және өте тиімді жүйе «Таз-пак»'қолданады, оның арнайы герметикалық жабық ыдыстардағы атмосфералық ауаны, газ қоспаларымен ығыстыру принципі бойынша жұмыс жасайтын арнайы газорегенерирлеуші пакеттері бар.
Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 3481;