Микроорганизмдердің морфлогиясы

Микроорганизмдердің қазіргі уақыттағы жіктелуі.

Өмірдің төрт патшалығы бар: эукариоттар (Protozoa – қарапайымдылар, Trichomycetes – зең саңырауқұлақтар, Blastomycetes – ашытқы секілді саңырауқұлақтар); прокариоттар (Schizomycetes – бактериялар, Actinomycetes – сәулелі саңырауқұлақтар, Cyanobacteria – жасыл-көк балдырлар, Rickettsia – риккетсиялар, Chlamydia – хламидиялар, Mycoplasma – микоплазмалар); вирустар және вироидтар; приондар.

«Определитель бактерий Бержди» 9 басылымы бойынша бактериялардың жіктелуі олардың клетка қабырғасы құрылымы және Грам әдісімен бояуына қарай 4 бөлімге топтастырылған:

· Gracilicutes, нәзік қабатты, грам теріс;

· Firmicutes, қалың қабатты, грам оңды;

· Tenericutes, клетка қабырғасы жоқ, микоплазмалар;

· Mendosicutes, клетка қабырғасы дефектті, архебактериялар.

Кесте. Коккты және таяқша формалы бактериялар

Морфологиясы бойынша бактериялық клетканың келесі пішіндерін ажыратады.

Кокктар – шар тәрізді клеткалар (көлденең өлшемі ұзындығына тең, яғни - 0,5-1,5 мкм), тізбектеліп орналасқанда байланысқан орны жазық болуы мүмкін, осындай қос-қос, екі-екеуден орналасқан клеткаларды диплококктар деп атайды (Neisseria meningitidis). Тізбектелген кокктар - стрептококктар (Streptococcus lactis). Стрептококктар тізбектері қысқа (5 клеткаға дейін) және ұзын (5-9 және одан да көп) болады. Хаос түрінде, шоғырланып орналасқан “жүзім дәндер бұтағына ұқсас” кокктарды стафилококктар деп атайды (мысалы, Staphylococcus aureus). Таяқшалар – таяқшалы микроорганизмдер (ұзындығы көлем өлшемінен ұзын). Жұғын-препараттары бір-біреуден орналасады (мысалы бациллалар – Escherichia coli). Жұптасып орналасқан таяқшаларды, V әріпіне ұқсас таяқшаларды диплобациллалар деп атайды (мысалы, Klebsiella pneumoniae). Кейбір таяқшалар тізбектеліп орналасады - стрептобациллалар (мысалы, Bacillus subtillis). Клеткалар сәл имектелуін вибриондар деп атайды (мысалы, Vibrio cholerae).

Таяқшаларды микроскоптан қарағанда тек клетканың көлденең өлшемі, жұғын-препаратта орналасуына ғана назар аударғаннан басқа, тағы клеткалардың терминалды бөлімдерінде қарайды. Көп жағдайда клеткалардың шеттері домаланған, кейбіреулерінде шоқпар секілді бүршіктелген, осындай клеткаларды коринебактериялар деп атайды (corine, лат. – шоқпар (булава)) – Corynebacterium diptheriae; басқа клеткалар ортасында немесе терминальды ісінулері көрінеді, оларды эндоспора деп атайды (боялмаған аймағы) – осындай клеткаларды бациллалар немесе клостридиялар деп атайды (мысалы, Clostridium botulinum). Бір клеткалардың шеттері "кесіліп қалғандай" (бұндай морфология Bacillus anthracis тән) немесе үшкірленген – арқан секілді, оларды фузобактериялар деп атайды (fusium, лат. – арқан).

Таяқшалар тармақталған құрылымдар құруі мүмкін. Бұл жағдайда ажырату керек – шынайы тармақтарды (Nocardia israellii) жалған тармақтардан (Actinomyces odontolytica). Шынайы тармақта әр "тармақтар" арасында қосылуы бөлінбеген, сондықтан тармақталған құрылымдар бір клетка құрайды. Жалған тармақтыларда әр "тармақтар" арасында арнайы шектелу бар, сондықтан әр бөлек "тармақ" бөлек клетка түрінде көрінеді.

Клеткалар имектелген пішінде болуы мүмкін, олардың біреуін спирохета деп атайды (мысалы, Treponema pallidum). Спирохеталар бір-бірінен оралымдары бойынша олардың жиілігіне қарай дифференцияциясы жұргізіледі (суретке қараныз).








Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 5501;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.