Ышқылға тұрақты бактерияларды бояу

Қышқылға тұрақты микроорганизмдер бейорганикалық қышқылдарға, спиртке, сілтіге айтарлықтай тұрақтылық байқатады. Олардың осындай қасиеті клетка қабырғасында және цитоплазмасында липидтердің көп болуымен (воск тәрізді заттар) байланысты. Микобактериялар қарапайым бояуларды дұрыс қабылдамайды, сондықтан жылытылған концентрленген бояулар ертінділері қолданалады. Бояу барысында микробтық клеткаларды қышқылмен өндегенде, олар алғашқы бояуын жоймайды. Осы қасиеті бойынша басқа қышқылға тұрақсыз бактериялардан ажыратуға болады. Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нельсен әдісімен бояйды .

Циль-Нильсен әдісімен бояу

Әдістемесі:

1. фиксацияланған жұғын-препаратқа карбол фуксинің бірнеше тамшысын тамызады, фильтр қағазбен жауып бу шыққанға дейін қыздырады, тағы 1-2 рет бояу тамызып қыздырады (3—5 мин);

2. фильтр қағазын алып тастап, жұғын-препаратты салқындатады, 5% күкірт қышқылы ертіндісі немесе 3% соляноқышқыл спиртімен (2-4 с) түссіздендіреді;

3. жақсылап сумен шаяды;

4. Леффлер сия көгімен бояу (3-5 мин);

5. Сумен жақсылап шайып, кептіру керек.

6. Микросптан қарау. Қышқылға тұрақты бактериялар рубинді-қызыл түсте, ал қалғандары – сия көк түске боялады.

Микроорганизмдерді тірі күйінде тексеру

Микроорганизмдерді тірі күйінде олардың пішінін, қозғалғыштығын немесе тірі күйіндегі ішкі құрылысын анықтау үшін зерттейді. «Езілген тамшы» немесе «ілінген тамшы» әдісін қолдана отырып нативті және боялған препараттарды зерттейді.








Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 7743;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.