Жер асты көлігі
Көлік жүйесі деп пайдалы қазбаларды, тау жынысын, көмекші жүктерді және адамдарды тау-кен қазбалары бойынша тасымалдауға арналған өзара байланысты көліктік құралдардың реттелген басқарушы жиынтығы түсіндіріледі.
Жер асты көлігі жүйелері көп түйінділікпен ерекшеленеді және әр типті үздіксіз және мерзімді әрекет ететін көліктік қондырғылардан тұруы мүмкін. Жер асты көлігі жүйелерінің құрылымы және оның элементтерінің өзара байланысы тазарту жұмыстарын жүргізудің қабылданған технологиясына, шахта алабын ашу және дайындау сұлбаларына, тау-кен қазбаларын қазу жүйесіне, кеңістікте орналасуына (технологиясына) тәуелді. Өз алдына, көлік құралдарының техникалық параметрлері тау-кен қазбаларының топологиясына әсер етеді: жоспарда ұзындықты, еңіс бұрыштарын және қисықтылығын шектейді. Көмір шахталарының көлік жүйелерінің күрделілігі көліктік жабдықтың тау-кен техникалық жағдайларының әртүрлілігімен (горизонтальды және еңіс, тік сызықты және майысқан қазбалар, ортаның жарылыс қауіптілігі), технологиялық міндеттермен (негізгі, көмекші жүктерді, жабдық пен адамдарды тасымалдау) анықталады.
Көлік тау-кен кәсіпорнының ішкі және сыртқы тасуды қамтамасыз етеді. Сыртқы көлік кен өндіруші кәсіпорнынан тұтынушы немесе қайта өңдеушіге дейін тасуды іске асырады; ішкі – пайдалы қазбаны, әртүрлі жүктерді және адамдарды тау-кен кәсіпорнының шеңберінде тасуды іске асырады.
Ішкі көлік пайдалы қазбаны тасымалдайтын негізгі, және де, машиналарды, жабдықты, материалдарды, тау жыныстарын және адамдарды тасымалдауға қолданылатын көмекші болып бөлінеді.
Ішкі көлік шахталарда жер асты және үстіңгі беттегі (оқпаннан бастап сыртқы көлік құралдарына дейінгі көлік) болып бөлінеді.
Пайдалану шарттары көлік машиналарына сәйкес талаптарды білдіреді: шағын габариттер, тез жинауға және бөлшектеуге, ұзартуға, жарылыстан қорғауға және т.б бейімділік, олар тау-кен өндіру немесе үңгілеу кешендерінің жұмысқа қабілеттіліктерін толық қамтамасыз етуі керек.
Тау-кен массасының тиеу орнынан негізгі көлік немесе конвейерлермен көлікке орын ауыстыруы жеткізу деп аталады, 300 дейін еңіс бұрышымен рельстік жолдар бойынша – тасылым, ал еңіс немесе вертикальды оқпандар бойынша көтерілу деп аталады.
«Әрекет ету амалы» белгісі бойынша іске асырылған жіктеу бойынша негізгі құрылғылар үздіксіз және мерзімді әрекет ететін болып бөлінеді, олардың әрқайсысы көліктің жеке түр тармағына бөлінеді. Әрбір түр тармағы өз алдына өзіне әртүрлі конструкциялы және типтік өлшемді көлік құралдарын жатқызады. Сонымен қатар, көліктік құралдарға бункерлер, артық тиегіштер, итергіштер, биіктікті өтеушілер, тоқтатқыштар және т.б жатады.
Көмір шахталарында жер асты көлігінің негізгі түрлері конвейерлік және локомотивтік, жиі өздігінен ағатын, гидравликалық және өзі жүретін; рудалық шахталарда локомотивтік, қырғыш, өзі жүретін, вагондар болып бөлінеді.
Жер асты көлігін көмірді және көмекші материалдарды тасымалдау кезінде қайта тиеу операцияларын барынша болдырмау үшін жобалайды. Көлік түрін таңдау техникалық-экономикалық салыстырумен негізделеді. Жер асты көлігі жүйесін негіздеу үшін өткізу қабілеті, жер асты көлігінің еңбек сыйымдылығы, күрделі шығындар, тасымалдаудың өзіндік құны және т.б. сияқты көрсеткіштері пайдаланады. Барлық салыстырмалы көрсеткіштері шахтаның (учаскінің) 1000т. тәуліктік өніміне саналады.
Негізі сипаттамалар өткізу қабілеті және тасымалдаудың өзіндік құны болып табылады. Көліктік қондырғының техникалық мүмкіндігін анықтайтын ең жоғары өткізу қабілетін ажыратады.
(5.1)
мұнда Q – қондырғының өнімділігі (мин, сағ, тәу.) немесе қабылдау қабілеті;
F – қиылысу ауданы, м2;
V – қозғалу жылдамдығы, м/с;
R – тау массасының тығыздығы, т/м3;
- толтыру коэффициенті
Көліктік жүйенің өткізу қабілеті ең аз мүмкін өндірістік құраушы буыны бойынша анықталады:
(5.2)
мұнда Qmin- жүйе буынының ең төмен өнімділігі;
n- бірізді көліктік қондырғылардың саны;
Кг және Ки- уақытта және көлік жүйесінің «п» буындары санының дайындығы коэффициенті.
Көліктің бар (немесе жобаланатын) сұлбалары кезінде тасымалдаудың өзіндік құны маңызды деңгейде жер асты көлігінің еңбек сыйымдылығына тәуелді, яғни көліктік операцияларды 1000 т. тәуліктік өндіруге орындауда жұмыс басты еңбек етушілер (электровоз жүргізушілері, жол сына саймандары, операторлар және т.б) санының көрсеткішіне тәуелді.
Мысалы, Донбасстың кейбір шахталарында 1 т. көмірді конвейерлеуге дейін тасымалдаудың өзіндік құны 9 бастап 15 руб/т дейін құрады, конвейерлеуден кейін ол соған сәйкес 8,2 бастап 12,6 руб/т дейін түсті, сонымен еңбек сыйымдылығы 72 бастап 203 дейін адамды/осы шахталарды конвейерлеуден кейін 56 бастап 137адамды/1000 т. құрады.
Кез келген көліктік сұлба тазарту забойларында көліктен пайда болады, аралық қазбалар бойынша (көбінесе өнеркәсіптік қуақаздар немесе тасымалдық қуақаздар бойынша), басты тасымалдық қазбалар бойынша, оқпан қасындағы аулаларда және оқпандар бойынша (еңіс немесе вертикальды).
Тік құлама және тік қаттарда көмір тазарту забойларында өздігінен ағу арқылы орын ауыстырады, жазық және горизонтальды қаттарда – көбінесе механикаландырылған кешеннің құрамына кіретін қырғыш конвейерлермен, немесе дербес забойлық конвейер ретінде.
Аралық қуақаздар бойынша көмір конвейерлермен немесе (жиі) рельстік жолдар бойынша тасымалданады.
Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 5838;