Теміржол көлігінің негізгі жұмыс көрсеткіштері
Карьерлердегі рельстік көлік жұмысының ерекшелігі экскаватормен құрамды тиеу, түсіру және қозғалту операциясынан тұратын тұйық цикл бойынша локомотивтік құрамдарының қозғалысы болып табылады.
Үйіндіге тау жынысын және пайдалы қазбаны байыту фабрикасына тасымалдау тұйық цикл бойынша іске асырылады, сондай-ақ, жылжымалы құрам екі белгілі бір пунктілер арасында ғана айналады деген алғышарттардан шыға отырып, келесі формула бойынша құрамның толық айналу уақытын анықтауға болады [9] :
Tоб=tn+t1+t2+tp+tсм, (4.8)
мұнда tn – құрамға жүк тиеу уақыты, мин;
tp – құрамның жүк түсіру уақыты, мин;
t1 және t2 уақытша (в) және стационарлық (е) жолдар бойынша жүк тиелген және бос құрамның қозғалу уақыты;
tсм- құрамға жүк тиеуді және құрамның жүк түсіруді күтудегі локомотивтік құрамдардың тұру уақыты;
Жүк тиеу уақыты келесі формулалар бойынша анықталады:
немесе (4.9)
мұнда V∂ - думпкар сыйымдылығы, м;
Эв Э – экскаватордың өнімділігі, т/сағ немесе м3/сағ;
Kэ- ожаудың геометриялық сыйымдылығынның қолдану дәрежесін сипаттайтын экскавация коэффициенті.
Жүк түсіру уақыты мынаған тең:
, (4.10)
мұнда n – вагондар саны;
tn – вагондарды түсірудің уақытша көрсеткіші, жазғы уақытта 1,5-2 мин, қыста 3-5 мин.
Бір уақытта барлық құрамды түсіру кезінде:
tp=tn.
Уақытша немесе стационарлық жолдар бойынша құрамның қозғалу уақыты төмендегі формула бойынша анықталады:
tдв=t ГП +t Г сm + t n∙n + t n∙cm + t p∙3, (4.11)
мұнда t ГП + t Г∙cm —уақытша жылжымалы және стационарлық жолдар бойынша қозғалулар.
(t ГП + t Г∙cm) – жүк құрамының қозғалу уақыты;
– бос құраммен қозғалу уақыты;
– күту уақыты
tДВ= , (4.12)
мұнда - жылжымалылардың созылыңқылығы (стационарлық жолдардың), км;
Vn(cn) – жылжымалы (стационарлық) жолдар бойынша қозғалу уақыты,км/ч
Локомотивтік құрамның өнімділігі деп карьерден уақыт бірлігіне (тәулігіне, жылына) шығарылған пайдалы қазба тонналарының (м3) саны аталады.
немесе м3/сағ, (4.13)
мұнда Т- тәулігіне көліктің жұмыс уақыты; Тоб- айналым уақыты, с;
q – поездегі пайдалы сыйымдылық немесе жүк массасы;
Т/Тоб – жұмыс уақытында локомотивтік құрамды жасайтын сан;
V—вагонның (құрамның) сыйымдылығы; м3;
п — поездардың саны (вагон)
Есептеулер үшін қажет көрсеткіштердің бірі желілердің (станциялардың, аралықтардың) өткізу қабілеті, яғни поездардың санын осы учаске бойынша теміржол қабілеті.
Бір жолды желілер үшін,
, (4.14)
мұнда τ – аралықтарды шектейтін жалпы стационарлық интервал, мин;
tгр- п жүк бағытындағы қозғалу уақыты, мин; ;
tnop- бос жүк құрамының қозғалу уақыты, мин; ;
Sn- аралықтың ұзындығы, км.
Екі жолды желі үшін
; , (4.15)
мұнда Т – тәулігіне көліктің жұмыс уақыты, с. Поездардың арасындағы ең аз интервал
; м, (4.16)
мұнда - поездың ұзындығы, м.
lг – қауіпсіздік шарттары бойынша кепілді арақашықтық, м;
lбл- тең немесе тежеуіштік жолдан үлкен учаске блогының ұзындығы /т. Егер тежеуіштік жол lt= lбл немесе lг=lп, онда
ST=lT+2ln. (4.17)
Кертпеште жолдың өткізу қабілеті
. (4.18)
мұнда tорн- жолды алу уақыты, мин.
, (4.19)
мұнда τ - интервал (үзіліс), мин;
tn— құрамды тиеу уақыты, мин.
Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 2710;