Жалпы түсініктер және қазу амалдарын жіктеу

 

Шахта – жер асты тау-кен қазбаларымен пайдалы қазбаны алуға арналған тау-кен кәсіпорнының дербес өндірістік-шаруашылық бірлігі. Шахта ұғымына жер үсті және жер асты үймереттер және оның құрамына кіретін кен қазбаларының жиынтығы жатады [х].

Шахта алабы – шахта алабын әзірлеуге бөлінетін кенорны немесе оның бөлігі. Шахта алабының шектері оны шектейтін беттердің жиынтығы. Қаттың горизонтальды емес жатысы кезінде қаттың көтерілуі (жоғары), құлауы (төмен) және созылуы бойынша шахта алабының шегін ажыратады.

Шахтаның тасылымдық деңгейжиегі – шахталық оқпанға алынған көмірді тасымалдауға тағайындалған горизонтальды қазбалардың жиынтығы. Оқпан жанындағы деңгейде орналасқан тасымалдық деңгейжиегі негізгі немесе түбегейлі болып аталады: бұрышты горизонталь бойынша орын ауыстыруға арналған қазбалар жиынтығы тасымалдық қуақаз; көлбеу қазба-еңістері бойынша бремсберг; тік қазбалар бойынша скилды немесе клетті оқпан деп атайды.

Ауаның шығатын ағыншасы иелігіне арналған қазбалар желдеткіштер деп аталады. Негізгі тасымалдық деңгейжиегінен жоғары орналасқан шахта алабының бөлігі көтерілуі бойынша алабы, ал негізгі тасымалдық деңгейжиегінен төмен құлауы бойынша алабы деп аталады.

Шахта алабын ашу деп үстіңгі беттен қатқа немесе қаттарға жол ашатын және дайындық қазбаларын өткізуді қамтамасыз ететін тау-кен қазбаларын жүргізу аталады (5.1-сурет).

Қатты дайындау деп тазарту жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қатты ашудан кейін қазбаларды өткізу аталады.

Жер асты қазуға жататын қаттылық (көмір) кенорындарын ашу сұлбалары мен амалдары келесі негізгі белгілері бойынша жүйелендіріледі:

1. Кенорнында немесе шахта алабында ашылатын жұмыс қаттарының көлемі бойынша:

а) бөлек ашу - әрбір жұмыс қат қабаттарын;

б) бірлесіп ашу – қаттардың немесе қат қабаттарының тобы.

2. Шахта алабының шеңберінде орналасқан жұмыстық қат қабаттарын ашу тәртібі бойынша:

а) бір мезгілде ашу;

б) бірізді ашу.

3. Қаттардың құлау бұрышы бойынша:

а) горизонтальды және жазық қаттарды ашу;

б) еңіс қаттарды ашу;

в) тік қаттарды ашу.

4. Вертикальды және горизонтальды қазбалардың орны бойынша.

5. Ашылатын горизонтальды немесе еңіс қазбалардың орналасуы бойынша:

а) тікелей жұмыс қаттары бойынша;

б) жұмыстық емес қаттар бойынша;

в) бос жыныстар бойынша.

 

1-басты оқпан; 2-көмекші оқпан; 3-оқпанаралық аула; 4-басты өткізгіш квершлаг; 5-жазықтың шегіну қауақаздары; 6-капиталды көмекші бремсберг; 7-жазықтағы капиталды конвейерлі бремсберг;8- адамдарға арналған капиталды бремсберг;9- квершлаг; 10-қабатты конвейерлі қауқаздар; 11-гезендер; 12-жазықтағы қабатты салқындатқыш штрек; 13-жүкарбалар

 

5.1-сурет – Екі жақын орналасқан қабаттарды өңдеу кезіндегі шахта көлігінің сызбасы








Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 2777;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.