Ырғыш конвейерлері

 

Тазарту забойларында көмірді тасымалдау үшін ең көп таралымға қырғыш конвейерлері ие болды. Олар төгілетін, салыстырмалы аз жемірлі жүктерді тасымалдау үшін қолданылады. Төгілетін жүк науа (рештак) бойынша тіркелген тартқыш шынжырлар арқылы орын ауыстырады.

Олар деңгейжиек бойынша, құлауы бойынша (өрлейқазды) және көтерілуі (еңістік) бойынша жұмыс істей алады.

Қазіргі қырғыш конвейерлер жұмыс органы қозғалысының жылдамдығы 1,5м/с дейін, өнімділігі 1200т/с дейін, ұзындығы 150-350м дейін, жетектердің сомалық қуаттылығы 500кВт дейін, құлама бұрығы 350 дейін. Қырғыш конвейерлерді келесі типтерге бөледі:

- бір немесе екі вертикальды тұйық шынжырдан тұратын, рештактың еңі бойынша орташа жағында орналасқан, СЦП тартқыш органымен жылжымалы;

- шеттерінде орналасқан екі немесе үш (үшіншісі егер ортасында болса)-СП вертикальды тұйық шынжырлардан тұратын тартқыш органымен жылжымалы;

- аршылатын және бір тартқыш шынжырмен тасымалданатын, вертикальды тұйық, С және шеттеріндегі екі шынжырдың-СР;

- аршылатын бір горизонтальды тұйық шынжырмен тасымалданатын СК және СКГ.

СПЦ және СП типті конвейерлерді тар алымды комбайндарымен тазарту забойларында жұмыс үшін қолданады. Олар комбайн орын ауыстыратын бағыттаушылары бар мықты беткейлеріне ие. Аршылатын тасымалды конвейерлер С және СР қаттың түбінен немесе аралық қазбаларда жұмыс істейтін (пештерде, қиыс қазбаларда, таспалы немесе тақташа конвейердің қалдығында) кең алымды комбайндардың жұмысы барысында пайдаланды.

СК және СКГ – механикаландырылған немесе жеке бекітпемен кешенде тар алымды комбайндармен жұқа қаттарда жұмыс үшін пайдаланылады.

Тартқыш органы ретінде көбінесе дөңгелек буынды немесе жиналатын шынжырлар (тақташалы қоректендіргіштерде – тақташалы шынжырлар) қолданады, қондырғы жұмыс органы үшін бағыттауыштарға ие штампталған рештактардан (қырғыштардан және шынжырлардан) тұрады.

Жиналатын шынжырлар рештактың ұзындығына еселі жинауды іске асыруға мүмкіндік береді. Рештактың ұзындығы 1 және 2,5м құрайды.

Қырғыш конвейерлердің негізгі кемшілігі пайдалы қазбаны сүйрету болып табылады, бұл көмірді ұсатуға, сонымен қатар, шынжырлар мен науаның тез тозуына; жүкті тасымалдауға үлкен масса мен үлкен шығындарға әкеледі. Сонымен бірге, тәжірибе, олар көп деңгейде ауыр тау-кен-геологиялық жағдайларда пайдалану үшін икемделгендіктен, кемшіліктерге қарамастан тазарту забойларында өте кең таралғанын көрсетті.

Қырғыш конвейерлердің бірқатары көмір бойынша жүргізілетін үңгілеу забойларында және аралас забойларда бұрғылап жару амалымен (жиі комбайндармен) жүргізу кезінде, осы конвейерлер ең төмен еңбек және уақыт шығынымен өсіруге және тасымалдауға мүмкіндік беретіндіктен пайдаланылады.

 

 








Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 2253;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.