Жүк тасқындарын қалыптастыру

Карьердің әрбір қазу қабаты жалпы жағдайда келесі түрде ұсынылуы мүмкін:

Аршылымды тау жыныстарымен (қатты, жартылай қатты, тығыз немесе жұмсақ);

Келесі кезеңдерде пайдалану үшін жеке үйінділерге қатпарланатын сұрыпталмаған және баланс алдынғы пайдалы қазбалармен;

Жеке тасымалдау және пайдалану үшінтиптер мен сұрыптарды ажырататын пайдалы қазбалармен.

Уақытта салыстырмалы тұрақты бағытпен және уақыт бірлігінде тасымалдардың белгілі көлемімен сипатталатын белгілі бір сападағы жүк тасқындарын қарапайым жүк тасқыны деп атайды.

Қарапайым жүк тасқындары (4.6-сурет) көліктің бағытымен, түрімен, көліктік коммуникацияларымен немесе көліктің бір түрінің модельдерімен ажыратылады.

Бір текті тасымалданатын жүктер кезінде әртүрлі забойлардан қарапайым жүк тасымалдары кертпештің бір жүк тасқынына немесе карьердің біртекті жүк тасқындарына біріктіруге тырысады.

Жалпы жағдайда біріктірілетін қарапайым жүк тасқындарының тобы үйлесетін жүк тасқынын жасайды. Кейін жеке жүк тасқындарына бөлінетін жалпы жүк тасқыны үйлесетін жүк тасқыны немесе күрделі деп аталады.

Карьердің жалпы жүк тасқыны жүк тасқындары бір шығыс коммуникациялармен орын ауыстыратын болса, шоғырланған, ал егер жүк тасқындары әртүрлі негізгі коммуникациялар бойынша орын ауыстыратын болса, бөліп шоғырланған деп аталады.

Егер жүк тасқыны жүру жолы бойынша көліктің әртүрлі түрлерімен қызмет етілсе және жүру жолы бойынша қайта жүктеу және сұрыптау орындарына ие болса, оны құрамдастырылған деп аталады.

Жүк тасқындары барлық процестерді біріктіреді: тау жыныстарын қазуға дайындау, оларды қазуды және жүктеуді, орын ауыстыруын, үйінділерді жасау және қоймаландыру. Олар кен жұмыстарының және жабдықты пайдаланудың тиімділігін білдіреді. Уақыт бірлігіне (сағатына, тәулігіне, жылына) жылжитын жүктің көлемі (Т-да немесе м3), карьердің жүк тасқынын құрайды.

 








Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 1898;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.