Топырақ құнарлылығының түрлері

Топырақтың құнарлылығының түрлері болып оның табиғи, жасанды және тиімді құнарлылығы саналады.

Табиғи құнарлылық тың жер топырағына тән және ол адам әсері тимеген, табиғи жағдайда қалыптасып дамиды. Оның мәнін жабайы өсімдіктердің өнімділігі сипаттайды.

Топырақтың жасанды құнарлылығы адамдардың өндірістік әсері тиген, өңделіп, бапталған, тыңайтылған топырақтарға тән. Жасанды құнарлылық дәрежесі ғылым мен техниканың дамуының деңгейіне, топырақтың табиғи құнарлылығын толық пайдалану мүмкіндігін адамдардың қолдана алуына байланысты.

Тиімді құнарлылық-топырақты ауыл шаруашылығында қолданғанда оның табиғи және жасанды құнарлылығының бірлесе әсер етуі нәтижесінде ауа райы мен агротехникалық жағдайға байланысты өсімдіктердің өнімділігінің белгілі бір дәрежесін қалыптастыруымен сипатталады.

Жоғарыда көрсетілген құнарлылық түрлерімен қатар топырақтың потенциалды құнарлылығы деп аталатын ұғым бар. Ол топырақтың табиғи және жасанды құнарлылығын сипаттайтын қоректік заттардың жалпы мөлшері мол болуымен және оның басқа қасиеттерінің қолайлы жағдайда көптеген жылдар бойы өсімдіктерді қажетті түрде қоректік заттармен қамтамасыз ете алуымен, тиімді құнарлылықты жоғары дәрежеде қалыптастыруымен сипатталады. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда таралған кәдімгі қара топырақ жоғары потенциалды құнарлылығымен ерекшеленеді, ал шөл аймағында кездесетін сұр-қоңыр топырақтың потенциалды құнарлылығы нашар болып келеді.








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3921;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.