Нарлылықтың өзгеруі

 

Топырақты игеріп мәдени өсімдіктерді өсіру кезінде оған негізгі үш фактор – топырақты механикалық өңдеу, тыңайтқыштар қолдану және мәдени өсімдіктердің өсіп - өнуі үлкен әсер етеді. Осы әрекеттер дақылдардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін бағытталады. Сонымен бірге олардың топыраққа кері әсері де болуы мүмкін. Мысалы, механикалық өңдеу кезінде топырақтың түйіртпектігі бұзылады, қарашіріндінің минералдануы артады, өсімдіктер өнімімен топырақтан қоректік элементтер шығындалады. Ал минералды тыңайтқыштар әсерінен топырақ ерітіндісінің реакциясының өзгеруі мүмкін.

Әр табиғи аймақтың топырақтарының ерекшеліктері мен топыраққа кері әсерін тигізетін әрекеттер ескеріліп, топырақты дұрыс өңдеу, одан шығындалған қарашірінді мен қоректік заттар мөлшері толықтырылып отырылса, топырақтың құнарлылығы арта түседі. Керісінше, жоғарыда аталған жағдайлар ескерілмей, топырақтан өсімдік өнімі алынып отырылса, бұл топырақтың құнарлылығы төмендеп, топырақ тозады.

Тың топырақ игерілгеннен кейін оның құнарлылығының өзгерістерге ұшырауы байқалады. Алғашқы жылдары егістікте игерілген тың топырақ құрамындағы қарашіріндінің мөлшерінің күрт төмендей бастауы байқалады. Өйткені, әлі толық қарашіріндіге айналмаған органикалық заттардың тез ыдырауы және құрылымының нашарлап, топырақтың жел мен су эрозиясына ұшырауы байқалады.

Солтүстік Қазақстан өңірінің негізгі топырақтары 1954-1956 жылдары егіншілікте игеріле бастады. Олардың құрамындағы қарашірінді мөлшерінің өзгеруі жөнінде бұрынғы Орталық агрохимиялық қызмет көрсету институтының Алматы филиалының бөлім меңгерушісі Е.А.Мартьянова құнды мағлұматтар жинақтап қорытындылады (24-кесте). Осы мағлұматтар отыз жыл шамасында егістік жер ретінде пайдаланылған кәдімгі қара топырақтың құрамында қарашірінді 0,4-0,8%-ға, оңтүстік қара топырақта 0,3-0,9% -ға кемігенін көрсетеді.

Топырақ құрамындағы қарашіріндінің, қоректік заттардың кемуіне және басқа қасиеттерінің нашарлауына әсіресе оның жел және су эрозиясына шалдығуы үлкен әсер етеді. Мысалы, жел эрозиясына (дефляцияға) шалдыққан Павлодар өңірінің гранулометриялық құрамы құмайт және жеңіл құмбалшық қоңыр топырақтарында қарашірінді қабатының қалыңдығымен мөлшерінің төмендеуі және топырақ құрамындағы физикалық балшықтың мөлшерінің кемігені анықталды (М.К.Белгібаев, Г.В.Зонов, Э.М.Паракшина, 1982). Жел эрозиясына шалдығуы орташа дәрежеге жеткен топырақтарда осы зиянды құбылыстар қарқыны үлкен болады (25-кесте).

 

24-кесте. Тың топырақты игеруге байланысты оның құрамындағы қарашіріндінің өзгеруі (27)

Топырақ типі Қарашірінді мөлшері % Өзгерісі,  
Тың игерудің басында 1984 жылдың басында  
Қостанай облысы
Кәдімгі қара топырақ 5,5 4,7 -0,8
Оңтүстік қара топырақ 3,7 2,8 -0,9
Күңгірт қара - қоңыр топырақ 3,5 3,1 -0,4
Павлодар облысы
Оңтүстік қара топырақ 4,5 4,2 -0,3
Күңгірт қара-қоңыр топырақ 2,5 2,1 -0,4
Нағыз қара-қоңыр топырақ 2,2 2,0 -0,2
Солтүстік Қазақстан облысы
Сілтісізденген қара топырақ 5,3 5,0 -0,3
Кәдімгі қара топырақ 5,8 5,5 -0,3
Ақмола облысы
Кәдімгі қара топырақ 5,2 4,7 -0,5
Оңтүстік қара топырақ 4,6 3,7 -0,9
Күңгірт қара -қоңыр топырақ 3,7 3,8 +0,1
         

 

25-кесте. Дефляцияға шалдығуына байланысты жеңіл гранулометриялық құрамды қара-қоңыр топырақтағы өзгерістер (6)

Топырақтың дефляцияға шалдығу дәрежесі Топырақ қабатының қалыңдығы, см Топырақтың 0-20 см қабатындағы
А   А+В   Қарашірінді, % Физикалық балшық, %
Құмайт
Шалдықпаған, тың жер 1,69 16,8
Шамалы шалдыққан 1,50 15,5
Орташа шалдыққан 1,11 14,8
Жеңіл құмбалшық
Шалдықпаған,тың жер 2,12 28,2
Шамалы шалдыққан 1,90 25,8
Орташа шалдыққан 1,56 24,0

 

Егістікте өсірілген дақылдардың және топырақты баптап-күту шараларының қарашірінді мөлшеріне ықпалының бағытын, оның теңдестігін есептеу арқылы болжап, анықтауға болады (26-кесте).

Жүргізілген есептеулер егер органикалық тыңайтқыштар топыраққа енгізілмесе, оның құрамында, әсіресе сүрі және отамалы дақылдар (жүгері т.б.) алқабында қарашіріндінің теріс теңдестігі қалыптасатынын көрсетті.

Яғни, осы алқаптарда қарашіріндінің шығындалуы көп, сондықтан біртіндеп оның мөлшерінің кемуі ықтимал. Ал көпжылдық шөп орналасқан алқаптарда қарашірінді теңдестігі оң көрсеткішті болып қалыптасқан, яғни топырақта біртіндеп оның мөлшерінің молая түсуі мүмкін. Сонымен бірге көпжылдық шөп алқабында топырақтың түйіртпектігі жақсарып, оның эрозияға төзімділігі артады.

Егіншілікте топырақты пайдаланғанда құнарлылығының өзгеруінің бағыты, мәні адамдардың қолданатын оны өңдеу, баптау әдістеріне, ауыспалы егіс жүйесіне және оны тыңайтуға байланысты болып келеді.

 

26-кесте. Солтүстік Қазақстанның Көкшетау өңіріндегі топырақтарда қарашірінді теңдестігінің қалыптасуы

(Ш.Т.Тайжанов, Т.К.Атикеева, 1994)

 

Дақылдар Жылдар Ауданы, мың га Өнім ділік, ц/га Теңдестіктің құрылымы, т/га Қарашірінді теңдестігі, т.
шығын кіріс 1гектарда барлығы
Бидай 2443,7 15,4 -0,62 +0,46 -0,16 -384045  
1564,5 15,0 -0,60 +0,37 -0,23 -359829
Жүгері (сүрлеме) 251,1 250,2 -2,50 +0,49 -2,01 -504382
235,6 114,7 -1,0 +0,17 -0,83 -195538
Көп жыл- дық шөп 280,3 8,4 -0,17 +0,42 +0,25 +70074
10,0 -0,2 +0,50 +0,30 +81701
Сүрі танап - -1,8 - -1,8 -1047600
- -1,8 - -1,8 -900000

 

Мысалы, академик А.И.Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығында жүргізілген көпжылдық егістік тәжірибелерде 4 танапты дәнді-сүрлі ауыспалы егіс жүйесінде оңтүстік қара топырағын жазықтілгіш құралдармен өңдеп, егін орылғаннан кейін сабанды егістікке жылда шашып қалдырғанда топырақтағы қарашіріндінің мөлшерінің кемімегені, ал топырақты соқамен жыртып, оның бетінде сабанды қалдырмағанда қарашірінді мөлшерінің кемігені байқалды (27-кесте).

Осы орталықтың ғалымдарының 1979-1991 жылдары жүргізген егістік тәжірибелерінде 5 танапты дәнді-сүрі танапты ауыспалы егісте оңтүстік қара топырағының құнарлылығына органикалық тыңайтқыштардың (көңнің) әсері зерттелді (А.И.Лихитенберг, Н.Я.Казанцев, 1994). Осы ауыспалы егістіктің екі айналымы (10 жыл) кезінде сүрі танабының әр гектарына 60 тонна көң қолданылып, топырақ жазықтілгіш құралдармен өңделгенде оның 0-30 см қабатындағы қарашіріндінің мөлшері 0,11%-ға артты. Сонымен бірге топырақ құрамындағы өсімдіктерге тиімді азоттың, фосфордың мөлшері молайды, топырақтың тығыздығы кеміп, оның су өткізгіштік қабілеті жақсарды және осы танаптан алынған дәнді дақылдардың өнімділігі жоғарылады.

 

27-кесте. Топырақтағы қарашірінді мөлшеріне топырақты өңдеу әдістерінің және сабанды тыңайтқыш ретінде қолданудың әсері (27)

 

  Тәжірибе нұсқасы Топы-рақ қабаты, см Қарашірінді мөлшері, %
1965ж. 1983ж. Өзгеріс, +, -
Топырақты сүрі танабында соқамен 25-27см, ал басқа танаптарда 20-20см тереңдікке жырту Сабансыз 0-30 4,78 4,10 -0,68
Сабан шашу 0-30 4,59 4,02 -0,57
Топырақты барлық танаптарда жазықтілгіш құралмен 12-14см тереңдікке өңдеу Сабансыз 0-30 4,39 4,20 -0,19
Сабан шашу 0-30 4,39 4,49 +0,10

 

Топырақтың құрамындағы өсімдіктерге тиімді азоттың, фосфордың, калийдің мөлшері оның құнарлылығының басты көрсеткіштері қатарына жатады. Сондықтан осы көрсеткіштер Қазақстанның әр облысында орналасқан агрохимиялық зертханаларда тексеріліп, зерттеледі. Солтүстік Қазақстан өңірінің топырақтарында өсімдіктерге қажетті азоттың, калийдің қоры мол екені, ал өсімдіктерге тиімді фосфордың қоры жеткіліксіз екені анықталды. Сондықтан тың өңірінің топырақтарына фосфор тыңайтқыштарын шашу кеңінен пайдаланылып келді. Мысалы, бұрынғы Көкшетау облысының егіншілік алқаптарына 1976-1980 жылдары әр гектарға орташа есеппен 16кг минералды тыңайтқыш (қоректік зат бойынша) қолданылса, ал 1986-1990 жылдары осы көрсеткіш 25 кг дейін өсті. Сондықтан осы өңірдің топырақтарының құрамындағы жылжымалы фосфордың мөлшерінің біртіндеп жоғарылауы байқалды. Егер 1964-1973 жылдары облыстың зерттелген егістік топырақтары құрамында жылжымалы фосфордың мөлшерінің орташа мәні 16,0 мг/кг болса, ал осы көрсеткіш 1986-1990 жылдары 33,7 мг/кг дәрежесіне дейін көтерілді (Ш.Т. Тайжанов, Н.А.Канитаев, 1994). Фосфор тыңайтқыштарын кеңінен қолдану нәтижесінде Солтүстік Қазақстан аймағындағы негізгі егістік алқаптардағы топырақтардың жылжымалы фосформен қамтамасыз етілуі жақсарды (28-кесте).

 

 

28-кесте. Қазақстанның солтүстік өңіріндегі топырақтардың жылжымалы фосформен қамтамасыз етілуі (27)

Жылдар Зерттел- ген жер ауданы, млн. га Топырақтың фосформен қамтамасыз етілуі
төмен орташа жоғары
млн.га % млн.га % млн.га %
13,7 9,7 71,2 3,7 27,1 0,2 1,7
22,0 13,4 61,1 7,0 31,9 1,5 7,0
22,5 11,0 48,7 8,8 39,3 2,7 12,0

 

Егер 1971 жылы зерттелген жер ауданының 71,2 пайызында топырақтың жылжымалы фосформен қамтамасыз етуі төмен дәрежеде болса, ал 1987 жылы фосформен осы дәрежеде қамтамасыз етілген жер ауданы 48,7 пайызға дейін кеміді. Сонымен қатар осы элементпен орташа және жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген топырақтардың ауданының артқаны айқын байқалды.

Егіншілік шаруашылығы дамыған Қазақстанның солтүстік аймағының топырақтарының құнарлылығын сақтап, оны арттырудың басты жолдары келесідей:

- егіншіліктің топырақты қорғау жүйесін қолданып, оның басты буыны-топырақты жазықтілгіш құралдармен өңдеп, топырақ бетінде өсімдік қалдықтарын сақтау;

- жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда дәнді дақылдарды, сүрі танапты және көпжылдық шөптерді топырақ қорғау ауыспалы егісінде жолақтап орналастыру;

- органикалық тыңайтқыштарды (көңді, жасыл тыңайтқыштарды, сабанды) және минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде қолдану;

- көпжылдық шөп егілген танаптар ауданын арттырып, оларды мерзімді түрде ауыспалы егістікке қосып отыру.

Қорыта келгенде, топырақты өңдеп, баптап, оған мәдени дақылдар өсіріп пайдалануымыз кезінде оның бойында өсімдіктерге қолайлы жағдайлар қалыптасуымен бірге топырақтың кейбір қасиеттері нашарлап, құнарлылығы төмендеуі мүмкін. Ал егіншіліктің қарқынды жүйесі қолданылып, топырақ құнарлылығына кері әсерін тигізетін жағдайлардың алдын алу шаралары жүргізіліп, мәдени топырақ түзілу үрдісі қалыптастырылса, топырақтың қасиеттері жақсарып, оның құнарлылығы арта түседі.








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 2550;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.