Ндірудегі, пайдаланудағы, жөндеудегі сапаны талдау және қамтамасыз ету әдістері

 

Сәйкессіздік дегеніміз - өнімнің көрсетілген нормативті-техникалық құжаттарында көрсетілген талаптарға сай келмеуін айтамыз.

Cәйкессіздік себептері дегеніміз - осы талаптардан ауытқуына әсер ететін құбылыстарды айтамыз. Сәйкессіздік себептерін болдырмау үшін жұмысшы персоналын квалификациядан өткізіліп тұруын қамтамасыз ету тиіс. Сәйкессіздік себептері өлшіу құралдарынан, аппараттардың дұрыс жұмыс жасамауынан шығуы мүмкін. Осындай сәйкессіздіктердің алдын алу мақсатында мезгіл-мезгіл тексеру жұмыстарын жүргізу қажет. Сәйкессіздіктерді болдырмау мақсатында, оны бақылап, қадағалап отыратын арнайы жауапты тұлғаны тағайындау қажет. Егер сәйкессіздік орын алса, оны –түзету әрекеттері арқылы жоюға және қайта қайталануын болдырмауға болады.

Кәсіпорын өнімге қойылатын талаптарға сәйкеспейтін өнімнің сәйкестендірілуін және қолданылуын немесе жеткізілуін алдын алу мақсатында басқарылуын қамтамасыз етуі керек. Сәйкеспейтін өніммен басқару жабдықтары, сәйкес жауаптылық және өкілеттік құжатталған түрде анықталуы тиіс. Кәсіпорын сәйкеспейтін өнім сұрақтарын бір немесе бірнеше тәсілмен шешуі керек:

-айқындалған сәйкессіздікті жою мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы;

- сәйкес органнан немесе тұтынушыдан болдырмау туралы шешім болған жағдайда оның пайдалануын, шығарылуын немесе қабылдануын шешу жолымен;

- алдыңғы болжалданған пайдалануы мен қолдануының алдын алу мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы.

- Сәйкессіздіктің мінездемесі және алып тастауға алынған рұқсаттарды қоса, қандай да болсын кейінгі қабылданған әрекеттер туралы, жазбалар жұмысшы қалыпта ұсталынуы тиіс.

- Сәйкеспейтін өнім дұрысталған кезде, талаптарға сәйкестігін бекіту үшін қайталау верификациясына түсуі керек.

- Сәйкеспейтін өнім жеткізілгеннен кейін немесе пайдаланудың алдында анықталса, ұйым сәйкеспейтін ықпалға (немесе әлеуетті ықпалға) сәйкес әрекетті қабылдауы керек.

Мұнай өнімдерінің сәйкессіздік себептерін анықтау мақсатында Исикаво диаграммасын қолданамыз. Тіршілік циклының барлық кезеңдерінде өнім сапасына әсер ететін факторларды Исикаво диаграммасының көмегімен анықтауға болады. Анықталған өнім сәйкестігін болдырмау жолдары төменде көрсетілген.

1) Материалдарды:

- ақаулы бөлшектерды қолданбау;

- өлшеулердің дұрыс жүргізілуі;

- қоспаларды дұрыс таңдауы;

- келген шикізатты нормативтік-техникалық құжатқа сай қабылдап алу;

- шикізаттардың сақтау орындарының жайлылығы

2) Персоналдарды;

- жұмысты тиянақты орындау;

- жұмысқа жауапкершілікпен қарау;

- басшылықтан келген ақпараттармен дер кезінде таныстыру;

- жұмысқа ынталандырып, жағдайларын жасау (сыйақы, жәрдемақы т.б ақыларды дер көзінде төлеу, кәсіпорын өзінің фирмалық киімдерімен қамтамасыз ету);

- қызметшілерге жұмыс орындарын ыңғайлы етіп жасау, барлық құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;

- мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы оқуларға оқыту.

3) Әдістер:

- ең бірінші әдістерді қолданбас алдын оларды жақсылап зерттеу;

- нақты әдісті қабылдап уақтылы шешім қабылдау;

- өз әдістер мен басқа кәсіпорындардың, шет елдердің әдістерін салыстырып нәтиже шығару;

4) Өлшем құралдары:

- қазіргі заманға сай заманауи эталондар болуы керек;

- бұзылған приборлар мен тозған приборларды қолданбау;

- оларды әрдайым дер кезінде тазалап уақтылы жөнлеуден өткізіп тұруы керек;

- құрал-жабдықтардың толық техникалық шарттаға сай қызмет атқаруын қамтамасыз етуі қажет;

- мүмкіндігінше барлық параметрлерін қадағалап реттеп отыруы керек.

Сапаны басқарудың статистикалық әдістері сапаны тиімді басқарудың маңызды шарттары болып мойындалады. Сондықтан сапа бойынша жұмыстардың әдістерінің ортасынан бөліп алып қарастырамыз. Статистикалық ыңғайға негізделген әдістер бұйымның тіршілік циклының барлық сатыларында пайдаланылады. Сапаны басқаруда мынадай статистикалық әдістер жиі қолданылады:

‒ гистограммалар;

‒ уақытша қатарлар;

‒ Парето диаграммасы;

‒ себептік – тергеулер диаграммалары;

‒ бақылау қағаздары;

‒ бақылау карталары;

‒ шашырау диаграммалары.

Бұл әдіс «сапаның 7 құралдары» деп аталады. Соның ішінде Парето диаграммасына тоқталып өтейік.

Парето диаграммасы проблемаларды шешу үшін жүргізілетін нүктені таңдау мақсатында барлық проблемалар мен шарттардың салыстырмалы маңыздылығын көрсету қажет болған жағдайда пайдаланылады. Парето диаграммасы қарастырылатын проблемалар мен оларды шешу реті арқылы анықталатын тік бағаналық сызба түрінде тұрғызылады. Мұндай диаграммаларды тұрғызу нақты маңызды проблемаларға көңіл аударуға көмектеседі. 12.1 – суретте Парето диаграммасы мысал түрінде келтірілген.

100 %


Ақаулар Ақаулардың

саны жинақталған

пайызы

 

Ақаулар

12.1- сурет. Парето диаграммасы

 

 

Парето диаграммасын құру тәртібі мынадай сатылардан құралады:

‒ салыстырылатын проблемаларды таңдау;

‒ өлшем бірліктерін өлшеуге арналған критерилерді анықтау;

‒ оқып зерттеу үшін уақыт мерзімін таңдау;

‒ категориялар бойынша мәліметтерді топтастыру және әрбір топтың критерилерін салыстыру;

‒ критери мәндерін кемуі ретінде горизонталь ось бойына солдан оңға қарай категорияларды санау.

Исикава диаграммасы.Нәтижелі көрсеткішке әсер етуші кейбір факторларды анықтау барысында сапаны сипаттайтын Исикава схемасын қолданады.

Бұл схеманы 1953 жылы инженерлердің әртүрлі пікірлерін нәтижелеу барысында Токио университетінің профессоры Каору Исикава ұсынды. Тағы басқа бұл Исикава схемасын нәтиже және себеп диаграммасы «балық қаңқасы», ағаш деп те атайды.

Ол факторлы көрсеткіштерді және нәтижені сипаттайтын сапа көрсеткішінен тұрады (сурет 12.2)

Диаграмманың орналасуы келесі этаптарды құрайды:

‒ Өнімнің (процестің т.б.) сапасын сипаттайтын нәтижелі көрсеткішті таңдау;

‒ Сапа көрсеткішіне әсер ететін басты себепті таңдау. Оларды тікбұрышқа орналастыру тиіс («үлкен сүйектер»);

‒ Бастысына әсер ететін екінші себепті таңдау («орталық сүйектер»);

‒ Екіншісіне әсер ететін үшінші себепті таңдау («ұсақ сүйектер»);

‒ Мағынасы бойынша факторларды ранжирование.

Нәтиже және себеп диаграммасы универсалды қолдануға ие. Сондықтан оларды мәнді факторларды шығару барысында, мысалы, еңбектің өнімділігіне әсер ететін факторларға қолданады.

 

 

 


 

12.2 сурет. Исикава диаграммасы

 

 








Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 1826;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.