Ндіруде, пайдалану мен жөндеуде сапаны нашарлататын себептерді жою тәсілдері
Сәйкессіздік себептерін болдырмау
Жоғарғы басшылық сәйкессіздіктерді уақтылы тану және болдырмауды қамтамасыз ету үшін процестің кез келген кезеңінде сәйкессіздіктер туралы айтып отыру үшін қызметкерлерді өкілеттіктер мен жауаптылықпен қамтамасыз етуі және талаптарға процестер мен өнімдердің сәйкестігін ұстау мақсатында сәйкессіздіктердің алдын алу жөнінде өкілеттіктерді анықтауы керек. Ұйым сәйкеспейтін өнімдерді дұрыс емес пайдалануды болдырмау үшін, оларды сәйкестендірумен, алып тастаумен және кәдеге жаратумен нәтижелі және тиімді басқару керек.
Олардың тиімсіздігі кезінде талдау үшін және жақсарту жөнінен әрекеттер туралы деректерді зерттеу мен қамтамасыз етуді жеңілдету үшін сәйкессіздіктердің орналасқан жерін көрсетіп тіркеп отыру керек. Ұйым сондай – ақ өнімнің өмірлік кезеңдерінің процестеріне және көмекші процестерге қатысты сәйкессіздіктерді тіркеу және басқару туралы шешім қабылдай алады.
Сондай – ақ ұйым, жұмыс барысында түзетілген сәйкессіздіктер жөнінде тіркелген ақпаратты қарастыруы керек. Бұндай деректер процестердің нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту жөнінен құнды ақпарат беруі мүмкін.
Сәйкессіздіктерге талдау және оларды болдырмау
Ұйым басшылығы анықталған сәйкессіздіктерді талдау мен болдырмау жүргізудің нәтижелі және тиімді процесін әзірлеуді қамтамасыз етуі керек. Сәйкессіздіктерді талдауды қандай – да болмасын беталыс немесе олардың туу мүмкіндіктері көңіл бөлуді талап ететінін бекіту мақсатында өкілетті тұлғалар жүргізгені дұрыс. Жағымсыз беталыстар оларды жақсы жаққа өзгертуге, сондай – ақ оларды азайту және қажетті ресурстарды тарту жөнінен тапсырмаларды қарастырғанда басшылық тарапынан талдау үшін кіріс деректер ретінде қарастырылады.
Талдауды жүзеге асыратын қызметкерлер сәйкессіздіктің жалпы әсер етуін бағалау үшін құзіреттікпен, сондай – ақ сәйкессіздіктерді болдырмау үшін және қажетті дұрыстау әрекеттерін анықтау жөнінен өкілеттіктерге және ресурстарға ие болуы керек. Сәйкессіздіктердің алдын алуды бекіту тұтынушылардың келісімшарттық талаптары немесе басқа да қызығушы тараптардың талаптары болуы мүмкін.
Ұйым өнімге қойылатын талаптарға сәйкеспейтін өнімнің сәйкестендірілуін және қолданылуын немесе жеткізілуін алдын алу мақсатында басқарылуын қамтамасыз етуі керек. Сәйкеспейтін өніммен басқару жабдықтары, сәйкесжауаптылық және өкілеттік құжатталған түрде анықталуы тиіс.
Ұйым сәйкеспейтін өнім сұрақтарын бір немесе бірнеше тәсілмен шешуі керек:
- айқындалған сәйкессіздікті жою мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы;
- сәйкес органан немесе тұтынушыдан болдырмау туралы шешім болған жағдайда оның пайдалануын, шығарылуын немесе қабылдануын шешу жолымен;
- алдыңғы болжалданған пайдалануы мен қолдануының алдын алу мақсатында әрекетті жүзеге асыру арқылы.
Сәйкессіздіктің мінездемесі және алып тастауға алынған рұқсаттарды қоса, қандай – да болсын кейінгі қабылданған әрекеттер туралы, жазбалар жұмысшы қалыпта ұсталынуы тиіс.
Сәйкеспейтін өнім дұрысталған кезде, талаптарға сәйкестігін бекіту үшін қайталау верификациясына түсуі керек.
Сәйкеспейтін өнім жеткізілгеннен кейін немесе пайдаланудың алдында анықталса, ұйым сәйкеспейтін ықпалға (немесе әлеуетті ықпалға) сәйкес әрекетті қабылдауы керек.
Жасалынатын өнім сапасын бақылау нәтижелерін талдау үшін саспа топтарын пайдаланытын талдаудың графикалық әдістері кеңінен таралады.
Статистикалық бақылаудың 7 элементарлық әдістері:
Паретто диаграммасы
Исикава диаграммасы.
Гистограммалар
Нүктелік график
Шашырау диаграммасы
Бақылаудың кестелік нәтижесі
Бақылаушы карта
Анағұрлым белгілі әдістер - "сапаны бақылаудың 7 аспаптары" әдістері: қабыршақтану әдісі, график, гистограммалар, себеп-салдарлық диагораммалар, бақылаулық карталар, шашырау диаграммалары, паретто диаграммасы.
Паретто диаграмасы түрлі ақаулардан болған шамасын көз алдында елестетуге мүмкіндік береді. Осы әдістің арқасында назарды бастапқы кезде мыналарға аударуға болады:
- осы ақауларды жою;
- ақаулылық себептерін анықтап білу.
Ақаулық себептерін анықтап білу кезінде себеп-салдарлық әдістерді немесе диаграммаларды пайдалану қажет. Ақауды жойғаннан кейін жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін басқару мақсатында диаграмма тұрғызылады. Бұйымдардың ақауынан болатын жоғалымдар жиынтығын есепке алу үшін кумулятифтік қисықты тшұрғызған орнында, ол ақау пайызы бойынша ақаумен келтірілген экономикалық немесе құндық шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.
Гистограмма-параметрлердің нақты шамаларын белгілі бір уақыт ішінде оны қайталау жиілігі болйынша бөліп үлестіруді көзге анық елестетуге мүмкіндік беретін бағандық график. Гистограмманы талдау кезінде белгілі бір параметр рұқсат етілетін диапазонға қаншалық жиі кіретінін және оның шектерінен шығуын анықтауға болады. Гистограмаларды талдау кезінде келесі әдістерді пайдаланылады:
- ақаудың үлесін және жоғалымдарды анықтау:
- себеп-салдарлық диаграмма көмегімен ақаулар себептері:
- сипаттамаларпдың уақыт ішінде бақылау карталары бойынша өзгерту.
Шашырау диаграммасы екі параметр арасындағы тәуелділік графигі ретінде тұрғызылады. Бұл осы параметрлер арасындағы өзара байланысты анықтауға, бір параметрдің екіншісіне ықпал етуін анықтауға және қажет болған жағдайда параметрлердің бір-біріне ықпал етуін жоюға мүмкіндік береді. Мұнда оң және теріс өзара байланыстар немесе кез-келген байланыстың жоқ болуы мүмкін.
Бақылау картасы - белгілі параметрлердің шамаларының сәйкестігін анықтаудың жол береді. Бұл график сипаттамалардың әдеттегі жағдайларда технологиялық процесс ішінде шашырауының өзгерістерінің рұқсат етілетін диапазонды білдіретін бақылаулық шекаралар шегін көрсетеді. Сипаттамалардың шекаралар шегінен шығуы процесс тұрақтылығының бұзылуының және оның бақыланбайтығын білдіреді. Осы мәліметтердің негізінде осы ауытщқуларды жозю бойынша іс-шаралар жасалады. Графиктер сипаттамалардың айқын көрінуіт үшін және өзара байланысын түсіну үшін пайдаланылады. Сызықтық тәуелділік графиктерін, диаграмма, бағандық ленталық тәуелділіктерді қолданады.
Себеп-салдарлық диаграмма ақаулар өндірістің ең үлкен жоғалымдарға әкелген кезде қолданылады. Мұндй диаграмма тергеу, нәтиже және оларға әсер ететін барлық мүмкін себептермен арадағы қатынастарды көрсету мақсатында жасалып дайындалған. Балықтың қаңқасына ұқсағандығына байланысты мұндай диаграмма «балық қаңқасы» немесе Исикаво деп аталады. Мұнда негізгі төрт факторлар талданылады: адам, өлшем құралдары, материал, жұмыс әдісі. Талдау кезінде жойылуы біріншілей, екіншілей, үшіншілей ақауларды анықтап біледі. Талдау үшін осы ақауларға әкелетін себептердің максисалды санын анықтау қажет.
Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 1737;