Пәннің мақсаты мен мәселесі.

Электроника ақпаратты жинау және түрлендіру, автоматты және

автоматтандырылған басқару, энергияны шығару мен түрлендіру аясында әртүрлі

мәселелерді шешудегі ең тиімді құрал болып табылады. Электроника әртүрлі

электронды құралдардың физикалық негіздерін және практикада қолданылуын

үйретеді. Физикалық электроникаға: газдардағы және өткізгіштердегі электрондық

және иондық процесстер жатады. Техникалық электроникаға: электрондық

құралдардың құрылысын зерттеу мен оларды қолдану жатады.

Электрониканың қолдану аясы үнемі кеңеюде. Шын мәнінде әрбір күрделі

техникалық жүйе электрондық құрылғымен жабдықталады.

Электрондық құрылғылар туралы барлығы түсінеді: радиоқабылдағыштар,

магнитофондар, теледидарлар, калькуляторлар және т.б. негізінде электрондық

элементтерден құралады. Электрондық құрылғылардың сипаттамасы ең алдымен

оларды құрайтын элементтердің сипаттамасымен анықталады.

Қазіргі таңда электрониканың рөлі ақпараттық сигналдарды өңдеу үшін

микропроцессорлық техниканы және электр энергиясын түрлендіру үшін күшті

жартылай өткізгіш құралдарды қолдануға байланысты артып келеді.

Электрониканың қысқа, бірақ жаңалықтарға толы тарихы бар, ол небәрі 100

жылдан ғана асады. Бірінші кезеңі вакуумды құралдармен байланысқан. Осы

негізде электрондық құрылғылар жасап шығарылып, ал содан кейін ұзақ жылдар

бойы оларды жетілдірді. Электрондық құралдарды өнеркәсіпте пайдалануға

арналған бөлім Өнеркәсіптік Электроника деп аталады. Электрониканың

жетістіктері радиотехниканың дамуымен байланысқан. Электроника мен

радиотехниканың бір бірімен тығыз байланысқандығы сондай 50-ші жылдары

оларды қосып, техниканың осы бөлімін Радиоэлектроника деп атаған. Бүгінде

Радиоэлектроника ол жиіліктің радио және оптикалық диапазонында эл. магниттік

тербелістер мен толқындар көмегімен ақпаратты беру, қабылдау және

түрлендірумен байланысқан ғылым мен техника саласының кешені. Электрондық

құралдар радиотехникалық құрылғылардың негізгі элементі болып табылады және

радиоаппаратураның маңызды көрсеткіштерін анықтайды. Екінші жағынан

радиотехникадағы көптеген проблемалар жаңа жаңалықтар ашуға және

қолданыстағы электрондық приборларды жетілдіруге әкелді. Бұл құралдар

радиобайланыста, теледидарда, дыбыстарды жазу мен ойнатуда, радиолокацияда,

радионавигацияда, радиотелебасқаруда, радиоөлшеулерде және радиотехниканың

басқа да аймақтарында қолданылады. Американдық статистика мәліметтеріне

сүйенсек барлық өнеркәсіп көлемінің 80% электроника алады. Электроника

саласындағы жетістіктер күрделі ғылыми-техникалық проблемаларды шешуге

көмектеседі. Электроникадағы ғылыми зерттеу аясы: 1. Электрондар мен басқа да

зарядталған бөлшектердің эл. магниттік өріспен әсерлесу заңын үйрену. 2. Осы

әсерлесу энергияны ақпаратты беру, өңдеу және сақтау мақсатында, өндірістік

процесстерді автоматтандыру, энергетикалық құрылғыларды құру, бақылап-өлшеу

аппаратураларын құру, ғылыми эксперимент және басқа да мақсаттарда түрлендіру

үшін электрондық құралдарды ойлап шығару әдістерін жасау. Кез келген электрондық схема қарапайым түзеткіштен бастап күрделі ЭВМ-ге дейін электр сигналын өңдеуге арналған: күшейту, түзету, тегістеу (формасын ауыстыру, есте сақтау және т.б.). Өңделетін сигналды жеткізу тәсіліне байланысты электрондық құрылғыларды аналогтік және сандық деп бөледі. Аналогтік құрылғыларда өзінің мәнін мәндердің белгілі бір диапазонындағы жоғарғы және төменгі шегі аралығында өзгертетін айнымалылар қолданылады. Өңделетін сигналдар табиғаты бойынша үздіксіз немесе өлшейтін құралдардан түсетін үздіксіз өзгеретін кернеумен түсіндіріледі (мысалы, температураны, қысымды, ылғалдылықты және т.б. өлшеуге арналған құралдардан).








Дата добавления: 2016-03-04; просмотров: 2165;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.