Транзисторлардың құрылымы, жұмыс принципі, түрлері.
Жоғарыда айтылған р-n ауысудың қасиетін, жартылай өткізгіштік триод немесе транзистор деп аталынатын, электрлік тербелістерді күшейткіштер жасау үшін пайдалануға болады.
Транзисторда кристалдың екі р – аймағы жіңішке n – аймағымен бөлінеді (26-сур.). Мұндай транзисторды р-n-р деп шартты белгілейді. n- р- n – типті транзистор да жасауға болады, яғни кристалдың екі n – аймағы жіңішке р – аймағымен бөлінеді.
26 – сур.
р- n- р – типті транзистор негізінде жасалынған жартылай өткізгіштік күшейткіштердің жұмыс істеу принципін түсіндірейік. Бұл транзистор үш аймақтан тұрады, шеткілері кемтіктік өткізгіштікке, ал ортадағысы электрондық өткізгіштікке ие. Транзистордың бұл үш аймағына өзбетінше контактілер жасалынады, бұлар арқылы әртүрлі кернеулерді, сол жақтағы р-n ауысуына а және б контактілеріне және оң жақтағы n-р ауысуға б және в контактілері арқылы, беруге болады.
Егер оң жақтағы ауысуға кері кернеу берсе ол жабық болады және ол арқылы өте аз кері ток жүреді. Енді сол жақтағы р-n ауысуға тура кернеу береміз, сонда ол арқылы едәуір тура ток жүре бастайды.
Транзистордың р – аймағының бірі, мысалы сол жақтағы, n – аймақтағы n-типті қоспаның мөлшерімен салыстырғанда, р-типті: қоспаның мөлшері әдетте жүздеген есе артық болады. Сондықтан, р-n ауысу арқылы тура ток, солдан оңға қарай қозғалатын, тек кемтіктер ағынынан тұрады. Кемтіктер, транзистордың n – аймағына келіп, жылулық қозғалыс жасай отырып, n-р ауысу бағыты бойынша диффузияланады, бірақ жарым-жартылай n – аймақтағы бос электрондармен рекомбинацияланып үлгереді. Бірақ егер n – аймағы жіңішке болса және онда еркін электрондар тіптен көп болмаса (айқын басым n-типті өткізгіш емес), онда көптеген кемтіктер екінші ауысуға жетеді және оған еніп, оның өрісінің арқасында оң жақтағы р – аймаққа өтеді. Жақсы транзисторларда оң жақтағы р – аймаққа енетін кемтіктер ағымы, сол жақтан n – аймаққа енетін кемтіктердің 99%-ын құрайды.
Дата добавления: 2016-03-04; просмотров: 3750;