Маркетингтік зерттеудің мақсатын тұжырымдау. Зерттеу процесінде келесі сұрақтарға жауап алу міндеті алға қойылды:

 

Зерттеу процесінде келесі сұрақтарға жауап алу міндеті алға қойылды:

1. Ригадағы қонақүй қызметтерінің тұтынушысы кім болып табылады? Тұтынушылар қайда тұрады? Қанша төлей алады?

2. Қызметтердің бағасы сатып алушылар алғысы келетін тұтынушылық маңыздылық деңгейіне сәйкес келе ме?

3. Соңғы жылда аса көп сұранысқа нелер ие болды?

4. Риганың қонақүйлері мен қонақ күтетін үйлерінде қандай қызметтер ұсынылуда?

5. Бәскелестердің қызметтері несімен нашар немесе жақсы?

6. Бүгінгі таңда қонақүй қызметтері нарығында не нәрселер жетіспейді?

 

Деректерді жинау

 

Фактілік деректерді жинау маркетингтік зерттеудің негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Деректерді жинау үшін әдетте мынадай төрт әдіс пайдаланылады: бақылау, эксперимент, еліктеме, сауалдама.

Бақылау әдетте ізденістік сипаттағы маркетингтік зерттеулерде пайдаланылады және зерделеніп отырған объект туралы маркетингтік ақпаратты адамдардың таңдап алынған топтарын, іс-әрекеттер мен жағдаяттарды бақылау жолымен жинаудың әдісі болып табылады. Бұл жағдайда бақылау процесс ретінде қарастырылады, ол:

· белгілі бір зерттеу мақсатын көздейді;

· жоспарлы және жүйелі түрде болып өтеді;

· қызықты фактілерді ғана емес, сонымен қатар қорытындылаушы пайымдауларды іске асыру үшін де қызмет етеді;

· сенімділік пен беріктік тұрғысынан ұдайы бақылауға ұшырайды.

Тәуелсіз айнымалылардың тәуелді өзгермелілілерге ықпалын басқаларының ықпалын бақылауды сақтаған жағдайда анықтау мақсатында тәуелсіз өзгермелілерді айла-шарғылауэкспериментдеп аталады. Тәуелсіз айнымалылар (бағалар, жарнамаға жұмсалған шығындар) эспериментшінінің қарауы бойынша өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар тәуелсіз айнымалылар (сатылымдардың көлемі, нарық үлесінің өзгеруі) оны тікелей басқару саласында мүлдем болып табылмайды.

Еліктемелік модельдеу әдісін пайдалану нақты жағдаятты сипаттайтын моделді құру мен талдауды есептеу техникасын қолдана отырып, алдын ала анықтайды.

Соңғы уақытта нарық туралы ақпаттарды жинаудың кең таралған әдістерінің бірі сауалдама болып отыр. Сұрақ-жауап тұтынушылар, олардың нарықтағы мінез-құлқы, орналастыру құралдарының белгілі бір қызметтерін таңдау кезінде артықшылық беру туралы маркетингтік ақпаратты алудың негізгі әдісі болып табылады. Сауалдама ауызша немесе жазбаша сұрақ беруден, олардың мазмұнын зерттеудің проблемасынан тұрады.

Сонымен, Риганың қонақүй қызметтерін зерделеу кезінде қолданыстағы статистикалық ақпарат пайдаланылды, сондай-ақ қонақүй индустриясы тұтынушылары мен қызметкерлеріне сауалдама жүргізілді.

Сауалдама кезінде негізгі екі нысан қолданылды: сауалнама және сұхбат. Қонақүй қызметтерін тұтынушыларға сауалдама жүргізу төменде келтірілген сауалнама бойынша өткізілді:

Құрметті қонақтар!

Біз Рига қаласының қонақүй қызметтері нарығына зерттеу жүргіземіз және Сізге біздің сауалнамамыздың сұрақтарына жауап беруді ұсынамыз. Сіздің бағалауыңыз бен кеңестеріңіз қонақүйлерде көрсетілетін қызметтердің кемшіліктерін анықтау және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында ескерілетін болады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Маркетингтік зерттеулер.

2. Маркетингтік зерттеу процесінің түрлері

3. Туризмдегі маркетингтің ерекшелігі.

 

 

Дәріс








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1596;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.