Логистикадағы ақпараттық ағындар. Логистикадағы ақпараттық ағындардың мақсаты мен ролі
Ақпараттық ағын – бұл мәліметтердің жиынтығы, логистикалық жүйелерде айналатын, логистикалық жүйемен және сыртқы ортаның аралығында логистикалық операцияларды орындауын бақылау үшiн қажет.
Логистикалық ақпараттық ағынмен пайда болатын немесе ұйымдастырылған нақтылы бағыттағы мәлiметтiң қозғалысын логистикалық ақпараттық жүйеде берiлетiнi (сатып алулар бөлiмi ) - (өндiрiстiк бөлiм ) басқа логистикалық жүйенiң бiр буындары.
Ақпараттық ағын классификациясы
Классификация түрлері | Ақпараттық ағынның түрлері |
ЛЖ және буын қарым-қатынасы | ішкі, сыртқы, горизонталдық, вертикалдық, кіруші, шығушы |
Ақпарат таратушының түрлері | Қағаз түрінде, магнитті түрде, оптикалық , цифрлік, электрондық |
Қолдану периоды | Күнделікті, периодтық, оперативтік |
Ақпаратты тағайындау | Директивтік (басқарушылық), нормативті-анықтамалық, есептік-аналитикалық, көмекшілік |
Ашылу деңгейі | Ашық,жабық , құпиялы |
Тарату әдістері | Курьер, почта, телефон, телеграф,телетайп, электрондық почта, факс, телекоммуникациялық байланыс |
Ақпарат алмасу режимі | "on-line", "off line" |
Материалдық ағынның тура бағыты | Тура бағыттағы материалдық ағын, қарама-қарсы бағыттағы материалдық ағын |
Материалдық ағынның синхрондығы | Алдын-ала, бір уақытта, келесі |
Ақпараттық ағын бойынша жылжитын матералдық ағынның қозғалысының маршрутымен дәл келмеуi мүмкiн.
Қазiргi логистикадағы ақпараттық ағындардың рөлiнiң өсуі келесi себептермен негізделген.
Бiрiншiден тапсырыс туралы мәлiмет тұтынушыға маңызды, тауардың бар болуы, жеткізу мерзiмі,түсiру құжаттары, логистикалық сервисiнiң тұтынушыға керекті элементердің бірі болып табылады.Екiншiден, толық және сенiмдi мәлiметтiң бар болуы.Үшiншiден, мәлiметтің логистикалық жүйе және нақты артықшылықтардың табысы үшiн қорларды пайдалануы.
Ақпараттық логистикада ақпараттық ағындардың маңызды болып табылады. Ақпараттық ағындардың бақылауының күрделiлiгi олардың сипаттамаларында болады, оларды қарап шығамыз:
(мәлiметтiң жабдықтаушылары) бөлiмшелердiң көптiгi;
• (мәлiметтiң тұтынушылары) бөлiмшелердiң көптiгi;
• ақпараттық ағындар бағыттарының тәжірбиелікте көрiнетiндiгi;
• әр түрлi маршруттар бойынша құжаттаманың бiрлiктерiнiң үлкен саны;
• қазiргi ақпараттық ағындардың ықшамдауы үшiн нұсқаулардың таңдауы
Жедел және сапалы басқаруда ақпараттық ағынмен келесi операциялар арқылы орындалуы мүмкiн:
• ақпараттық ағынның басқа адреске жiберуi;
• қабылдау жылдамдығы мен тапсыру жылдамдығын шектеуі;
• жеке бөлiмшелерде мәлiметтiң өтуi көлемiнің үлкейуін азайту;
Сурет1 - Логистикадағы ақпараттық ағындардың түрлерi
Ақпараттық ағының қозғалу жолында материалдық ағын қозғалыс маршрутымен дәл келмеуi мүмкiн. Ақпараттық ағынның келесi көрсеткiштері:
- пайда болу орны;
- ағынның қозғалыс бағыты;
- тапсыру және қабылдау жылдамдығы;
- ағынның қарқыны тағы басқалар.
.
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
Конвекция и теплоотдача. | | | Использование многопоточности в дополнениях Delphi |
Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 2525;