Ндірістік капитал дар және кәсіпорындар қызметінің қаржы нәтижелері.

Кәсіпорындардың өңцірісгік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды - негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өңдірістік капиталдардың бүлай өлщуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты.

Негізгі құрал-жабдықтар - қызмет көрсету мерзімі бір жыл-дан астам материалдық активтер. Коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорыңдарға негізгі қүрал-жабдықтардың түсуінің негізгі әдістері:

ұзақ мерзімді инвестициялар жолымен негізгі капитаддарды сатып алу;

жарғылық (акционерлік) кагаггалға салым есебіне акционерлік қоғамдардың құрылтайшыларьшың берген объекгілері;

мемлекетгік органдардан, занды және жеке түлғалардан алын-ған негізгі қүрал-жабдықтардың объекгілерін қайтарусыз алу.

Қазіргі жағдайда үзақ пайдалану айналымынан тыс акгивтердің жаңа түрлерінің бірі — материалдық емес активтер. Материалдық емес активтер - жылдық жиынтық табыс алу үшін үзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер.

Кәсіпкерлік қызметге үзақ уақыт мерзім пайдаланылатын занды түлғалар (қүрылтайшылар мен қатысушылардың шығындарын қоса) мен жеке түлғалардың материалдық емес объектілеріне сатып алы-нған патентгер, лицензиялар, сауда маркалары мен тауар таңбала-ры, өндірістік ақпаратгар, жерді жөне табиғат ресурстарын пайла-ну жөніндегі басқа қүқықтар, “ноу-хау”, “фирма бағасы” және т.б. жүмсалатын шығындар жатады. Негізгі қүрал-жабдықтармен, үзақ мерзімді қаржы жүмсалымдарымен және айналымнан тыс басқа активтермен қатар материалдық емес активтер баланс активінің I бөлімінде есепке алынады. Олардың кәсіпорын акгивтерінің қүрамында пайда болуы нарықтық қагынастарга көшуге шаруашылықты жүргізудің дүниежүзілік практикасына жақьш-дастыру қажеттігіне байланысты болып отыр.

Кәсіпорынның меншікті және үзақ мерзімді қарыз қаражатта-пы материаддық емес активтерді сатып алу және қайтарусыз алу оларды қаржыландырудың көздері болып табылады.

Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке ачынатын және кәсігасерлік қызметте пайдаланылатьш негізгі қүрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер тіркелген активтерді қүрайды.

Негізгі өндірістік капиталдар мен материаддық емес активтер өндіріс процесінде үзақ уақыт бойы қатысады және өзінің қүнын біртіндеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа енімнің қүнына көшіреді. Көшу процесін амортизация, көшірілген қүнның үлесін амортизация нормасы, ал бүл үлестің ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.

Айналым капиталдары түрлі сфераларға - ендіріс пен айналыс-қа қатыстылығымен (таістілігімен) ерекшеленетін өндірістік айналым капиталдары мен айналыс капиталын қамтиды.

Өндірістік айналым капиталдары деп заттық мазмүны жағы-нан еңбек заттарын, сондай-ақ құны аз және тез тозатын заттардың қүрамыңца есепке алынатын еңбек құралын айтады. Өндірісгік айналым капиталдары өндіріс сферасына қызмет етеді жәңе өндірістік цикл процесінде бастапқы нысанын өзгерте отырып, өзінің қүнын дайын өнімнің қүнына көшіреді.

Айналыс капиталдары өндіріс процесіне тікелей қатыспасада өндіріс пен айналыс процесінің бірлігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың іс-әрекетінің сипаты мен сферасы оларды дербес “айналыс капиталдары” ұғымына бөліп көрсетуге алғышарттар жасайды.

Өндірістік айналым капиталдары мен айналыс капиталдары үнемі қозғалыста бола отырып, қаражатгардың үздіксіз айналы-мын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге авансыланған қүн нысанда-рының түрақты және занды ауыеымы болып отырады: ол ақща нысанынан тауар нысанына, сонан соң өндірістік және қайтадан тауар және ақша нысандарына айналады. Сөйтіп, қажетгі өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндіріс дайындамасын, дайын өнімді және оны өткізудің шарттарын жасайтын өндірістік айна-лым капиталдары мен айналыс капиталдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатымен қаражатгарды авансылаудың объективті қажетгігі пайда болады.

Өндірістік айналым капитшщары мен айналыс капиталдары қозғалысының біркелкі сипаты оларды бірыңғай ұғымға - айна-лым қаражатгарына біріктіруге мүмкіндік береді.

Айналым қаражаттары - бүл өндірістік және өнімді өткізудіН үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатымен өндірістік айналым

капиталдары мен айналыс капиталдарын жасау және пайдалануға авансыланган ақша жиынтығы. Шаруашылық жүргізуші субъектінің айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері мыналар болып табылады: табыс (пайда), түрақты ең аз несиеорлық берешек, банктік және коммерциялық несие.

Инфляциялық процестер, қысқа мерзімді несиегерді пайда-ланганы үшін төленетін пайыздық мөлшерлемелердің жогары деңгейі айналым қаражатгарын қалыптастыруда меншікті көздердің рөлін күшейтіп отыр. Несиетердің ең көп бөлігі сауда-деддадцық қыз-метпен айналысатьш үйымдарга, екі еседен азы өнеркәсіп өндірісімен айналысатын кәсіпорындар мен үйымдарға беріледі.

Коммерциялық несие вексель жүзінде жасалады. Вексель - бұл айналым қаражаттарын молықтырудың нағыз көзі, анағұрлым арзан несие.

Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес акгивтердің ауыспалы айналымы мыналарды қамтиды:

негізгі капитадцар мен материалдық емес активтердің тозыгы; амортизацияны есептеу;

толык қалпына келтірудің қаражатгарьш қордалау; нақтылы (тура) инвестициялар мен материаддық емес актив-терге жүмсалынатын инвестицияларды қаржыландыру жолымен ауыстыру.

Айналым қаражатгарына авансыланған ақшалай шығьщцардың орнын толтыру (өтеу) өнщці, тауарларды және қызметгерді өткізген-нен кейін және кәсіпорынның шотьша түсім-ақша түскеннен кейін жүзеге асырылады, бүл келесі ауыспалы айналым үшін еңбек зат-тарының кезекті тиісті мөлшерін сатып алуға мүмкіндік береді.

Өндіріегік капиталдардың ауыспалы айналымының жоғарыда баяндалған процестері жүмыс істеп түрған кәсіпорындарға сипат-ты болып келеді.

Негізгі капитаддар мен материалдық емес акгивтердің жәй және ұдайы жаңғыртылу процесі ұзақ мерзімді инеестициялардың көмегімен жүзеге асырьшады. Сонымен бірге жәй үдайы өндіріс Құрылысты және негізі капиталдар мен материалдық емес активтерді Қолданыстағы негізгі капитаддар мен материалдық емес активтер оиынша тозықтың есептелген сомасына сәйкес мөлшерде жасау мен сатып алуды білдіреді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттарына құрылтайшьшардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар және таза пайда жатады.

Алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерді қүрған кезде ендірістік капиталдарды, материалдық емес активтерді, айна-лым қүралдарын сатып алудың көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның қаражатгары есебінен кәсіпкерлік қызметгі жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық капитадцың көлемі бухгалтерлік баланста қамтыльш көрсетіледі және кәсіпорьш-ның, фирманың қаржылық қуатын бағалаудың алғашқы критерийі қызметін атқарады.

Кейінгі негізгі капиталдарды сатып алуға шаруашылық қыз-мет нәтижесінде кәсіпорында пайда болған қорланымдар пайдала-нылады. Оларға ең алдымен өнім өткізуден алынатын түсім-ақша қүрамындағы амортизациялық аударымдар мен табыс (пайда) жа-тады.

Мемлекеттік кәсіпорындарда еңціріске жұмсалған инвестици-ялардың бастапқы көзі қызметін бюджет қаражаттары мен орта-лықтандырылған бюджеттен тыс ресурстар, ал мемлекетгік емес кәсіпорындарда акционерлік капитал атқарады. Өндіріс базасын одан әрі дамыту кәсіпорындардың ішкі ресурстары мен тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

Тартылеан қаржылық қаражаттар акцияларды орналастыру-дан, еңбек үжымы мүшелерінің, заңцы және жеке түлғалардың жарналарынан алынған ақшаны қамтиды.

Қарыз қаражаттарына коммерциялық банкгердің үзақ мерзімді несиелерді, негізгі капиталдарды қаржы лизингі негізінде сатып алу және инвестициялық салық несиеі жатады.

Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның өсімін қар-жыландырудың көздерін меншікті, тартылған және қарыз қара-жаттарына топтастыруға болады. Айналым қаражатгарынын аса маңызды қүрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары болып табылады, ейткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қара-жатгармен ара салмағы нактылы рыноктегі кәсіпорынның қаржы-лық орнықтығының дәрежесін анықтайды.

Өндірістік капиталдардьщ қатыптасуы кәсіпкерлік қызмет бас-тауының объективті алғышарты болып табылады. Бүл қызметтін нәтижелері дайын өнім (орындалган жүмыстар мен көрсетілген қызметгер) нысанында көрінеді.

Өндірістік капиталды пайдаланудың нәтижесі арнайы қаржы- І көрсеткіштермен сипатталады және көсіпорынның қаржы менеджментінің нәтижелігін дәледдейді. Бүл нәтижелік өнімді (жүмысты, қызметгі) өткізуден түскен табыс (түсім-ақша) мөлше-рінде, кәсіпорынньщ шығыныңца айқындалады.

Бөліністің классикалық (дәстүрлі) сызбасында түсім-ақша - бұл өнім өткізуден, атқарылған жұмыс пен керсетілген қызметген ” шаруашылық жүргізуші субъектінің шотына түскен ақша. Ол өнім (жұмыс, қызмет) өндіруге жүмсалынған қаражатгарды өтеудің (ор- ; нын толтырудьщ), орталықтандырылган және орталықтандырыл-маған ақша қорларын қалыптасытрудың негізгі көзі болып табы-лады жэне өзіндік қүнды, табысты, акциздерді, қосылған қүнға салынған салықты қамтиды. Оның дер кезінде түсіп түруы қара- , жаттардың ауыспалы айналымының толассыздығын, өндірістік процесгін үздіксіздііін қамтамасыз етеді. Ал түсім-ақшаньщ уактылы түспеуі өндірістегі бос түрып қачушылыққа, табыстың томендеуіне, шарттық міндеттемелердің бүзылуына, қаржы санкцияларына ұрындырады.

Түсім-ақшаны одан әрі бөлу негізгі капиталдар мен материал-дық емес активтерді үдайы ендірістің көзі ретіндегі амортизация-лық аударымдарды қалыптастырумен байланысты. Түсім-ақшаның қалған бөлігі жалпы табыс немесе жасалынған қүн болып санала-ды. ол жалақыны төлеуге және шаруашылық жүргізуші субъектінің тәза табысын қалыптастыругә бағытгалады. Таза табыстьщ бір бвлігі өнімнің өзіндік қүнында салықтар мен алымдар, әлеуметгік қажеттерге аударылатын аударымдар және басқалары түріңце есепке алы-нады. Қалған бөлігі кәсіпорынның табыс (пайдасы) болып табылады. Оган негізгі капитал мен кәсіпорынның басқа мулкін өткізуден түскен табыстар, соңцай-ақ өткізу операцияларынан тыс кірістер қосылады.

Түсім-ақшаның ауқымы кәсіпорьганың (ұйымның), фирманың өнім өндіру мен оны өткізуге жүмсаған шығындарының (ақшалай жүмсалымдарының) көлеміне байланысты болады. Бұл шығындар экономикалық мазмұны мен мақсатгы арналымына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

кәсіпорынньщ негізгі капиталын қальштастыруға, кеңешуге және ! Қалпына келтіруге байланысты күрделі сипатгагы шығындар;

аиналым капиталының айналымында қатысатын тауар-мате-риалдық қүндылықтарын сатып алуға және пайдалануға байла- ' иьісты шығындар;

кәсіпорынньщ ішкі және сыртқы берешектерін төлеуге байла- * нысты ақща шығындары;

күрделі және күрделі емес сипаттағы бір жолғы шығындар;

кәсіпорынның бос ақшасын инвестициялауға байланысты шы-гындар;

өндірістік емес сипаттағы шараларға жүмсалатын шығындар.

Өнім өткізуден алынған тусім-ақша (қосылған қүнға салына-тын салық пен акциздерсіз) мен оны өндіруге және өткізуге жүмса-лынған шығындардың арасындағы айырма өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден алынған пайда болып табылады. Оған кәсіпорыннын негізгі қорлары мен басқа мүлігін өткізуден түскен пайда, сон-дай-ақ өткізу операцияларынан тыс алынган табыстар қосылады.

Өнім өткізу кезінде түсім-ақша мен өзіңдік құн арасындағы теріс нәтиже де - зиян да шегуі мүмкін. Сондай-ақ өткізу операцияпарынан тыс зияндар да болуы мүмкін: алынған айыппүлдар-дан төленгендерінің асып түсуі, валюта есеп-қисаптары мен опера-циялары бойынша теріс бағам айырмасы, күші жойылған тапсы-рыстар бойынша зияндар, дүлей апаттардан, авариялардан, басқа апатгардан болған сақтық төлемдермен өтелмейтін ысыраптар жөне т.т.

Жалпы аталған қүрамды бөліктер кәсіпорынның баланстың пайдасын немесе зиянын құрады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша “өнім (жүмыс, қызмет) өткізуден алынған табыс” көрсеткішінде негізгі қызметтен алынған табыс қамтып көсетіледі, ол тауар-материалдық босалқы қорларды, орындалған жүмьістар-ды, көрсетілген қызметтерді өткізуден алынған табыстардан баска, қосылған қүнға салынатын салықты, акциздерді, басқа салЬІҚтаР мен міндеттемелерді, қайтарылған тауарлардың қүнын және сату мен бағадан шегерімдерді алып тастаганнан кейінгі сыйақы (мүдде), яғни пайыздар, дивидендтер, қаламақы және рента түрівдегі алын-ған табысты да қамтиды.

Өнім өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік қүны арасындағы айырым жалпы табысты қүрайды. Алайда бүл сызб# бой-ынша өзіңцік қүн бүкіл шығыстарды қамтып көрсетпейді - олардың бір бөлігі кезең шығыстарын құрайды, соның ішінде:

жалпы және әкімшілік шығындары (жалпышаруашылыІС және әкімшілік арналымы шығыстарыньщ сомасы);

өткізуге (тауар-материаддық босалқы қорларды сатуға) бэайла-нысты шығыстар;

пайыздар (алынған несиетер, мүлікті жалдау үшін және пай-ыздар бойынша басқа шығыстар) бойынша шығыстар.

Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасыңдағы айырым қызмет бойынша сальдоланылған қаржылық нәтижені көрсетеді және “негізгі қызметтен алынған табыс (немесе зиян)” деп аталады.

Негізгі емес қызметтен алынған табыс (немесе зиян) - пайдалануға табыстаудан, бағалы қағаздарды қайта бағалаудаьЭІ және т.с.с. алынған қаржьшық нәтиже.

Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған табыстың (зиянның) сомасы салық салынганга кәдуілгі қызметтен алынган табысты (зиянды) көрсетеді. Одан корпорациялық табыс салығы шегерілгеннен кейін салык, салынғаннан кеиінгі кәдуілгі қызметтен алынған табыс (зиян) болады. Төтенше ахуалдардан болган зиянга тузетілген ол кәсіпорынның таза табысы болып табылады.

Табысты (пайданы) бөлу қолданылып жүрген салықтар мен басқа міндепі төлемдерге сәйкес заңмен белгшенген үлеспен бірінші кезекте оның бір бөлігін мемлекеттік бюджетке немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға аударуға саяды.

Жалпы табыс кәсіпорын иелерінің табысы және жалдама қызметкерлердің табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны шегеріп тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.

Тауар айналысы сферасының салаларыңца (сауда, қоғамдық тамақтану, маркетинг, дайындау) “өнім өткізуден түскен түсім-ақша” категориясының орньша (тауар айналымы( категориясы пайдаланылады. Тауар айналымының мәнін сатып алу-сату жолымен ақшалай табыстарды тауарларга айырбастаумен байланысты бола-тын экономикалық қатынастар қүрайды. Шетелдік практикада “түсім-ақша” атауының орнына көбінесе "жалпы табыс" атауы пайдаланылады. Алайда, бүл осы атаудың өте кең баян етілуі, жал-пы табыс экономикалық категория ретінде қайта жасалған құнды немесе шаруашылық жүргізуші субъекгінің таза өнімін біддіреді.

Саудада жоспарлау мен есеп жүргізудің пракгикасында жалпы табыс деп сауда үстемелерінің (жеңідціктерінің) сомасын, қоғам-дық тамақтануда сауда үстемелері мен қымбатгаудың сомасын айтады.

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1510;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.021 сек.