Ондырмалық жүйесіндегі қаржы
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпыэкономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады. Ол қаржыны йымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларыңда экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Көбірек жалпы экономикалық категория ретіндегі қаржы абстракцияның (салықтардың, бюджеттің және т.т.) аз дәрежесі бар жеке қаржылық қосалқы категориялардан тұратындықтан, дербестіктің белгілі дәрежесімен салық саясатын, бюджет саясатын және оларға сай механизмдерді - салық, бюджет, қаржы жоспарлары, қаржыны басқару, қаржы-құқықтық механизмдерді бөлуге болады.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегаямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шенберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегаялық мақсатқа жетудің кезендері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады. Алайда, тап осындай (стратегиялық) тәсілдеменің болмауы елдің үнемі нашарлап бара жатқан қаржы жағдайынан, мемлекеттің жиынтық қаржы балансының тепе-теңсіздігінің өсуінен дер кезінде тиісті қорытынды жасауға және экономикадағы қажетті құрылымдық өзгерістерді уақытылы қамтамасыз етуге, оның бүгінгі дағдарыстық жағдайға сырғып түсуінен қорғап қалуға мүмкіңдік бермеді. Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды тандап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғарландыруды қажет етеді.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгілеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 2129;