Сызба. Қаржы ресурстары
Жалпы қоғамдық өнім | |||
c | v | m | |
Материалдық шығындар | Қажетті өнім | Қосымша өнім | |
ӨЗІНДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР) | |||
Амор-тиза-ция-лық ауда-рым-дар | Айна-лым-дағы қара-жат-тар | Мате-риал-дық шы-ғындар құра-мында-ғы төлем-дер | Ұлттық табыс |
Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық) | Таза табыс (пайда) | ||
Халықтан алынатын салықтар Қарыздар мен лотереялар Ерікті жарналар | Жанама салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, басқалары) | ||
Роялти, бонустар; Табиғи ресурстар үшін төлемдер; Баждар, лицензиялар үшін төлемдер; Тіркеу алымдары; Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер | Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер | ||
Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер | |||
Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (қарыздар, трансферттер, гранттар) |
Қаржы ресурстарының бір бөлігі кешенді түрде қоғамдық өнімнің бірнеше элементтерінің құрамында қалыптасады. Мәселен, шаруашылық органдар деңгейінде өнім (жұмыс, қызметтер) өндіруге және өткізуге жұмсалынған шығындарға сай келетін “с” және “v” элементтерінен салықтар, алымдар және арнаулы қорларға төленетін аударымдар, жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері - роялти, бонустар, көлік құралдарына салынатын салық, мемлекеттік баж, ластаушы заттардың тасталындылары мен қалдықтарды орналастырғаны үшін төлемдер және басқалары түріндегі ресурстар қалыптасады. Ал жекешелеңдіруден түсетін түсімдер сияқты түрінің көзі ұлттық байлық, яғни жинақталған (қорланған) ұлттық табыс (v+m) болып есептеледі.
Сондай-ақ мемлекеттік несие жолымен тартылған қаражаттар да мемлекеттің қаржы ресурстарының көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының құрамында ең үлкен үлес салмақты табыс (пайда) алатынын айта кеткен жөн.
Қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне жеткізеді. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші - қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржы ресурстарын қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі - таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нәтижесінде артады. Және, керсінше, қор қайтарымының төмендеуі қаржы ресурстарын азайтады.
Екінші фактор - бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін - материал сиымдылығын төмендету өндірілген ұлттық табысты - қаржы ресурстарының негізгі көзін - арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.
Қаржы ресурстарының өсуіне сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің материалдық-заттық құрылымы да әсер етеді.
Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіппен қалыптасады. Орталықтандырылған тәртіппен мемлекеттік бюджеттің, зейнетақы қорының, бюджеттен тыс қорлардың ресурстары жасалады. Орталықтандырылмаған әдіспен материалдық өндіріс сферасы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тұтыну қорлары, амортазациялық аударымдардың қорлары, қаржы резервтері мен валюта қорлары, шаруашылық органдардың басқа қорлары қалыптасады. Әрі таза табыстың бір бөлігі есебінен жасалатын орталықтандырылмаған қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық өнімнің екінші элементінің - жұмыс күшінің (v) ұлғаймалы ұдайы өндірісінің көзі болып табылады. Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары есебінен жасалатын ақша қорлары қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға, қосымша материаддық жағынан ынталандыруға, жаңа күрделі жұмсалымға, айналыс қаражаттарын көбейтуге, ғылыми-техникалық процесті қаржыландыруға, табиғатты қорғау шараларын жүргізуге және т.б. бағытталады. Бұл шығындарды орталықтандырылмаған қаржы ресурстарын пайдалану есебінен жүзеге асыру микродеңгейдегі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұдайы өңдірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және меншік нысандарына тәуелсіз болып табылады.
Таза табыстың басқа бөлігі қаржының мәніне сәйкес макроэкономикалық деңгейді қамтып көрсететін жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржымен қамтамасыз етудің негізі болып есептелетін орталықтандырылған қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Егер орталықтандырылмаған қаржы ресурстары тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұлғаймалы ұдайы өндірісін қамтамасыз етудің басты нысаны болса, орталықтандырылған қаржы ресурстары, атап айтқанда таза табысты салық және салыққа жатпайтын төлемдер мен аударымдар арқылы қайта бөлудің нәтижесі болып табылады. Тап таза табыстың, оның көрінісінің негізгі нысанындағы пайданың өсуі қаржы ресурстары өсуінің жоғарғы немесе төменгі қарқынын қамтамасыз етеді.
Перспектавада ақша қорланымдары (табыс, қосылған құнға салынатын салық, акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер қаржы ресурстарының негізгі көздері больш қалады.
Жекешелендіруден, мемлекет меншігін сатудан түсетін түсімдер сияқты уақытша көздер болып табылатын қаржы ресурстары олардың таусылуына қарай азаятын болады. Көздері жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері - роялти, бонустар болып келетін қаржы ресурстары артады.
Еңбекке ақы төлеудің, тұтыну қорларының одан әрі өсуі қаржы ресурстарының құрамына тартылатын халық қаржыларының мөлшерінің өсуіне жеткізеді.
Мемлекеттің қаржы ресурстары көлемінің динамикасы мен құрылысының тенденциялары нарықтық қатынастарға көшу бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуі интенсивті факторлармен шарттасылған кездердің үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.
§3. Қаржылық саясат жӘне қаржылық құқық.
1). Қаржылық құқықтың мәні және мазмұны.
2). Қаржылық саясаттың құқықпен байланысы. Қаржылық саясаттың құқықпен камтамасыз етілуі.
3). Қазіргі жағдайдағы қаржылық саясат.
Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 2525;