Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларда математиканы оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері

Жоспар

1.Мүмкіндігі шектеулі балаларда математиканы оқыту әдістемесінің кейбір мәселелері

 

1.Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл орайда ҚР Үкіметінің 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда. Мұнда білім саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі жүктелген.Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр.
Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті . Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. «Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасында» көрсетілгендей ҚР білім беру саясатының құзырлы міндеті – білім беру сапасын көтеру болып табылады. Басты міндеттердің бірі халықтың барлық сатыдағылары үшін сапалы білім алудың қолжетімдігін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұжырымдардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға да қатысты және 2002 жылы жарық көрген «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» заңында бекітілген. Осы заңды жүзеге асыру бағытында республикада ана тілінде оқытудың психологиялық және педагогикалық теориясы мен практикасын дамытудың жағымды нышандары жасалуда .Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін , оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз , нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады.
Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру деңгейін , оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке , мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар : мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы, жоқтығы , инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде.
Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр.
Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.
Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады ; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.
«Бәріне бірдей мүмкіндік » принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ.
Бұл термин көбіне « Сапалы білім барлығы үшін » түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп - интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытап,қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе - кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады.
Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады .Баланың шындықты тануға ақыл - ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады . Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән - жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Ақыл - ой сезімі адамның кез келген әрекеттегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл - күй болып табылады. Ал сондай ақыл - ой сезімі кейбір балада жетілмей артта қалып қояды. Оның себебі негізіне тұқым қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері , отбасының әлеуметтік жағдайы . Мұндай ауруларға ұшырау салдарынан жапа шеккен балалар, дене кемістіктеріне ақыл - ой кемшілігі қосылып, ақыл - есі тоқырап қалған балалар, тағы да басқа себептермен кеміс болып қалғандар жатады. Сонымен бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жәйттер негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты. Ақыл - ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің маңызы зор. Осындай ақыл - ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады.
Ақыл ойы - кем балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылады . Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап , білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап , зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр.
Біріктіру әдісі - білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады.
Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:
- дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету;
- дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері.
- Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті:
Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық дамуы терең бұзылған балалар қалыпты балалар арасында тәрбиелене алмайды. Ақыл - ойы кем балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау.
«Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет – қарымын анықтап, дұрыс бағыт – бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек».
Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мән берілуде . Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды.
Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ . Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады . Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап , үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн . Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап , мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып , өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды , қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп , танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек . Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып , өмірдегі өз орнын , өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық - педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді .

 








Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 4906;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.