Тақырыбы: «Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Жоспар
1.Геометриялык фигураларды ажырату, қарапайым салуларды орындау.
2.Геометриялық шамаларды өлшеу және геометриялық фигуралардың периметрін, ауданын және көлемін есептеп табу құзыреттіліктерін қалыптастыратын геометрия элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
1. Дәстурлі әдістеме салу есебін шешуді – анализ, синтез (салу), делелдеу және зерттеу –төрт кезеңге бөлуді ұсынады.Алайда есепті шешудің дәстүрлі схемасының (жолының) қандайда кезеңі жиірек түсіп қалады,мәселен ,көбінесе «дәлелдеу» кезеңіне ерекше көңіл бөлінбейді.Осы тұрғыдан мысал ретінде «қабырғалары а және в тік төтбұрыш салу»есебін қарастырайық..
Геометриялық салулардың қарапайым есептеріне мыналар жатады;берілген түзуге (берілген кесіндіге)параллель және перпендикуля болатын түзулерді салу;бұрыштардың салу;кесінділерді салу ;шеңберді және оның доғаларын салу;щеңберге жүргізілген жанамаларды салу;көпбүрышты сырттай сызылған шеңбірді салу және шеңберге іштей сызылған көпбұрышты салу көпбұрышқа іштей сызылған шеньерді салу және шенберге сырттай сызылған көпбұрышты салу;үшбұрыштарды салу студенттердің жеке өзіндік жүмысына арналған тапсырма.Салу есептерінде «бұрыш берілген» және «кесінді берілген» деп жиі айтылады.Бұл сөздер кесіндінің (сәйкес пүрде бұрыштың )сандық мәні емес,геометриялық кескіні берілгендігін білдіреді.Салу есептерін орындаған кезде мынаны да еске алу керек;кейбір геометриялық фигураларды салу есебі белгілі бір дәрежедегі дәлдікті сақтай отырып практика жүзінде фигура сызу емес,біздің құралдарымыз салудың абсалют дәлдігін қамтамасыз етеді деп,сызғыш пен циркуль көмегімен қажетті салудың теориялық тұрғыдан қалай орындалатынын анықтау.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда геометриялық мазмұнды есептер қарастырылады. Мысалы, тіктөртбұрыштың периметрін былайша табуға болады: оның еніне ұзындығын қосып, екіге көбейтуге болады. Квадратта барлық қабырғалары тең. Сондықтан оның периметірі 4 еселенген ұзындығына тең болады. Көпбұрыштың периметірі латынның Р әріпімен белгілейді.
Р= 4+4+8+8=24(см)
Р= (4+8)*2=24 (см)
Шаршының периметірі: Р=8*4=32(см)
Кесінді жайында түсінік беру және оларды басқа фигуралардан ажыратуды үйрету, кесінді салудың ерекшелігімен таныстыру.
Геометриялық шамалар жайындағы, әсіресе «ұзындық» пен «аудан» туралы оқушылар білімдері әр алуан мақсатта қолданылатын материалдың қатарына жатады. Сондықтан олар жайындағы түсініктің дұрыс қалыптасуына және сәйкес ұғымдарды практикалық мақсатта қолдануға оқушыларды жеткілікті машықтандыруға курста қолайлы жағдайлар жасалған. Оның ең негізгісі – фигура периметрі мен ауданын оқытып үйрету әдістемесіндегібірізділік. Мәселен, алдымен ұзындық және аудан сияқты шамалардың бола алатынын оқушылар практикалық жұмыстар нәтижесінде (кесінділерді, әр түрлі жазық фигураларды салыстыру) түсінеді, сонан кейін шаманың өлшем бірлігі (1 см, 1 см2) енгізіледі, әрі қарай оқушылар шаманы өлшеудің негізгі тәсілін игереді, ең соңында шаманың басқа да өлшем бірліктерінің арасындағы қатыстар тағайындалады.
2. Тік төртбұрыш пен шаршының аудандарын табу ережелерімен таныстыру.
а) Дайындық әр түрлі тәсілмен есептеу қажет : тік төртбұрыш неше шаршыдан тұрады?
Қатар бойында : 5 шаршыдан 4 қатар – 5 · 4 = 20 (шаршы)
Баған бойынша : 4 шаршыдан 5 баған – 4 · 5 = 20 (шаршы)
Тік төртбұрыштағы шаршылар санын оқушылар өз беттерімен әр түрлі тәсілмен сынайды: 8 · 3 = 3 · 8 = 24
ә) Тік төртбұрыш пен шаршының аудандарын табу.
1 см 2
Бір бағанда неше квадрат сантиметр бар? (екі) Осындай тағы неше баған бар? (үш) Тік төртбұрыштың қабырғалары 1 см-ден неше тең бөлікке бөлінген? (екі және үш). Оның ауданын табу керек: 2 · 3 = 6 см2, (шаршымен де осыған ұқсас) 3 · 3 = 9 см2.
Әр фигураның қабырғалары неше сантиметрді құрайды?
Тік төртбұрыш : 2 см және 3 см.
Шаршы: 3 см және 3 см.
Фигураның қабырғаларын 1 см-ден неше тең бөліктерге бөлуге болады? (2-ге және 3-ке; 3-ке және 3-ке). Әр фигурада неше квадрат сантиметр баған бар? (3 бағаннан). Әр фигураның ауданын тап: 2 · 3 = 9
2 см тік төртбұрышта екі қатар квадрат сантиметр бар екенін көрсетеді; 3 см тік төртбұрышта үш баған квадрат сантиметр бар екенін көрсетеді, демек, тік төртбұрыштың ауданы 2 · 3 = 6 см2
3 см шаршыда үш және үш баған квадрат сантиметр бар екенін көрсетеді, демек, шаршының ауданы 3 · 3 = 9 см2.
б) Шаршы мен тік төртбұрыштың периметрін және ауданын әр түрлі тәсілдермен табуды салыстыру:
Периметр: Аудан:
І. 3 + 4 + 3 + 4 = 14 І. 3 · 4 = 12
ІІ. 3 · 2 + 4 · 2 = 14 ІІ. 4 · 3 = 12
ІІІ. (3 + 4) · 2 = 14
Жауабы : 14 см. Жауабы : 12 см2.
Периметр: Аудан:
І. 2 + 2 + 2 + 2 = 8 І. 2 · 2 = 4
ІІ. 2 · 4 = 8
Жауабы: 8 см. Жауабы: 4 см2
в) Тік төртбұрыштың және шаршының ауданын табу ережелерімен таныстыру:
Тік төртбұрыштың ұзындығы 4 см, неі 2 см. Тік төртбұрыштың ауданы
4 · 2 = 8 см2 немесе 2 · 4 = 8 см2
Ереже:Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның бірдей өлшеммен берілген ұзындығын еніне көбейту керек.
Бақылау сұрақтары
1.Геометриялық салуларға мысалдар келтір.
2.Геометриялық мазмұнды есептер түрлерін ата.
3. Геометриялық мазмұнды есептермен жұмыс істеу әдістемесін көрсет.
Әдебиеттер:
1.Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.
2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.
3.Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. - Алматы, 2000.
4.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.
Лекция 30
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 7620;