Тақырыбы: «Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

Жоспар

1. «Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.

2.Желінің негізгі нысандары: қарапайым геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері мен белгіленуі.

 

1. Бастауыш сыныптарда геометриялық материал бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдарымен тығыз байланыста қарастырылады. Бастауыш сыныпта: кеңістік туралы түсінік, нақты фигура туралы ұғым, геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар, оларды ажырату, геометриялық шамаларды өлшеу, фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру, әртүрлі геометриялық шамалармен таныстыру қарастырылады да, оқушылар геометриялық алғашқы түсінтерді жинақтайды әрі дамытады, кейбір геометриялық терминдермен танысады; қарапайым сызу және өлшем құралдарын пайдалан біліудің қарапайым дағдыларын меңгереді.

Бастауыш сыныпта қарастырылатын мазмұнды жаттығулар мен есептер жүйесі және олармен жұмыс істеу әдістемесі балаларда кеңістік ұғымының, бақылау, салыстыру, абстракциялау және жалпылау біліктерінң дамуына ықпал жасауға тиіс.

Геометриялық фигуралар тек оқытудың мақсатын ғана емес, оқытудың құралы да геометриялық материалдар сандардың реттік қатары, арифметикалық амалдар тексті есептер, үлес сияқты мәселелерді оқыту барысында көрнекі құрал ретінде пайдаланылады;

Геометриялық ұғымдарға (тік төртбұрыштың, шаршы және периметрдің басқаларына) анықтама тек қана остенсивті түрде көрсету арқылы беріледі;

Геометриялық материалдар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдаланылады;

Геометриялық материалдар оқушыларға математика мен өмір байланысын түсінуге есептігін тигізеді;

Геометриялық материалдар оқушыларда практикалық іскерліктер қалыптастырады.

Геометриялық материалды оқып үйренудің неғұрлым тиімді әдісі болып табылатын мына сияқты лаборатория- практикалық әдістер: қағаздан, таяқшалардан, сымнан фигуралардың модельдерін жасау; сызу, өлшеу т.б. Мұнда елеусіздеу белгілерін(түсі, өлшемі, жазықтықта орналасуы т.б.) өзгертіп ала отырып объектілердің алуан түрлілігін қамтамасыз етудің, балаларға елеулі белгілерін-нәрселердің формасын, фигуралардың қасиеттерін т.б. айырып көрсете білуді меңгеру мен көмек берудің маңызы зор.

Геометриялық түсініктер мен ұғымдарды өздігінен және мейлінше айрықша бағытта ұсына отырып, орындалатын болса да мүмкін болатын жерде сабақта геометриялық материалдарды оқып үйрену арифметикалық және алгебралық материалды оқып үйренумен байланыстырылуы тиіс.

Тақтадан сызбаларды орындау үшін сыныпта сызба-өлшеуіш аспаптар жиынтығының: сызығштың, сызба үшбұрышының, циркульдің болуы қажет.

Мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыруда қазіргі кезде өзара байланысты екі мақсат көзделеді:

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және өз бетімен білім алу ынтасын тәрбиелеп, оның жолдарын үйрету.

Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен ойлау шеберліктерін тек ізденумен проблемаларды өз бетінше шеше білуді үйретумен жетілдіруге болады. Мұндай ізденуді іске асыруда оқушыларға тыңғылықты білім беруде проблемалы оқытудың маңызы зор.

Бастауыш сыныптарда геометриялық материалды оқып үйренудің негізгі міндетттері:

1. Оқушылардың нүкте, түзу сызық, түзу кесінді, сынық сызық, бұрыш, көпбұрыш, дөңгелек сияқты геометриялық фигуралар туралы айқын

түсініктерін және алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;

2. Геометриялық фигуралар: сызықтар (түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған, сынық сызықтар, перпендикулярлар және пареллельдер); нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді, көпбұрыштар: үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы; олардың элементтері (төбелері, бұрыштары, қабырғалары); сопақша, дөңгелек, шебер және олардың элементтері (центрі, радиусы, диамтері) туралы нақты түсінік қалыптастыру.

3. Ұзындық жөнінде нақты түсінік қалыптастыру және заттың ұзындығын салыстыру, кесіндінің ұзындығын өлшеу сияқты ұғымдарды меңгеру.

4. Ұзындықтың өлшемі бірліктерімен: сантиметр, дециметр, метр, километр, миллиметр және олардың арасындағы қатынаспен таныстыру.

5. Сызғыштың көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеу, сондай – ақ берілген ұзындық бойынша кесінділер сызу, кесіндінің ұзындығын кеміту немесе арттыру, кесінділерді ұзындықтарына қарай салыстыру біліктерін түрлендіру (іріден ұсаққа және керісінше); әр түрлі бірліктермен берілген ұзындықты салыстыру , сондай – ақ шамалармен ( ұзындық ) амалдар

орындауға үйрету.

6. Ұзындық бірліктерін түрлендіру (іріден ұсаққа және керісінше); әр түрлі бірліктермен берілген ұзындықты салыстыру, сондай – ақ шамалармен (ұзындық) амалдар орындауға үйрету.

7. Фигураның ауданы туралы түсінік беру және фигураның ауданын салыстырудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.

8. Аудан бірліктері: см2, дм2, м2, мм2, ар, гектармен таныстыру. «Палетканың» көмегімен фигураның ауданын табуға үйрету.

9. Аудан бірліктері арасындағы қатынасты игеру және шамаларды түрлендіруге, салыстыруға және аудан бірліктерімен амалдар орындауға үйрету.

10. Тік төртбұрыш, шаршы, сондай-ақ әлдеқайда күрделі фигуралардың аудандарын табуға үйрету.

11.Қарапайым кеңістік денелерімен: текше және тік бұрыштары параллелепипед; олардың элементтері: төбелері, жақтары, қырларымен таныстыру.

12.Геометриялық фигураларды өлшеу және оларды «көз мөлшерімен», «еркін өлшеммен қолмен» салу, құралдардың: сызғыш, траспортир, циркульдің көмегімен, сызықтары бар және сызықсыз қағазды салу, практикалық біліктерге жаттықтыру.

13.Кесіндінің қосындысы мен айырмасын, көпбұрыштардың периметрі мен ауданын, текшенің және тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табуға үйрету.

14.Геометриялық фигураларды түрлендіруге үйрету.

2.Геометрия элементтерін оқытып үйретудің басты және аса маңызды нәтижесі – фигураларды бір-бірінен ажырату және оларды тани білу іс-әрекетін меңгеру. Ол оқу процесінде, әсіресе, геометриялық мазмұнды жаттығулар мен материалдарды қарастыру барысында жүзеге асырылады. Дегенмен, бастауыш буынның соңын ала осындай іс-әрекеттер түрлерін арнайы қайталау, тиянақтау, жетілдіру, қорытындылау, бір жүйеге келтіру бағытында арнайы жұмыстар ұйымдастырудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Алайда, төрт жылдық бастауыш мектептін соңына қарай берілетін қайталауға арналған жаттығулардың ішінде геометриялық мазмұнды тапсырмалар жетеу-ақ (10). Олардың өзі дәстүрлі мәселелерді (периметр мен ауданды есептеу және салыстыруды, кыадрат пен тік төртбұрышты салуды) қайталауға арналған. Әрине, бұл мәселелер өзінің дидактикалық құнын жойған жжоқ, дегенмен, олар бағдарламада анықталған негізқгі геометриялық іс-әрекеттерді оқушылардың тиянақты меңгеруін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан негізгі геометриялық іс-әрекеттерді тиянақтала, жетіле, дами түсуіне себепші болатын және бастауыш буынының соңын ала арнайы өткізілетін қайталау сабақтарында қарастырылуы тиісті жаттығуларды келтірейік.

Бірінші топтың жаттығулары ажырату және танып білу іс-әрекеттерінің орындалуын көздейдді. Мұнда оқушылар жаттығуларды орындау барысында фигуралардың бірнеше қасиеттерден тұратын сипаттамалық белгілерін еске түсіреді және оларды айтып шығады, әрі қарай сол қасиеттер фигураға тәне екенін біртіндеп тағайындап, тексеруден өткізеді, сонан кейін әрбір фигураның қарастырып отырған ұғымға тиісті немесе тиісті емес екендігі жайында қорытынды жасайды.

1) Суретті қараңдар:

Көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы, тік бұрыш, тік емес бұрыш болатын фигуралардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.

2) Суретті қараңдар:

Әрббір фигураның сәйкес «атын» келтіріңдер.

3) Суретті қараңдар:

 

 

Барлық тік бұрыштардың, көпбұрыштардың, шаршының сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.

4) Суретті қараңдар:

Барлық тік төртбұрыштарддың, шаршының сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.

5) Суретті қараңдар:

Барлық тік бұрыштардың, тік емес бұрыштардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.

6) Суретті қараңдар:

Барлық төртбұрыштардың, тік төртбұрыштардың, шаршылардың сәйкес нөмірлерін теріп жазыңдар.

7) Суретті қараңдар:

Әрбір фигураның сәйкес атын келтіріңдер. Әрбір суретте қанша кесінді бар?

8) Суретті қараңдар:

 

Әрбір үшбұрыштың, тік төртбұрыштың сәйкес белгіленуін жазып көрсетіңдер. Әрбір фигураны белгілеп көрсету үшін қанша әріп пайдаланылған? Неліктен?

Сызбаны қараңдар:

Сызбадан барлық көпбұрыштарды табыңдар және оларды қалай аталатынын жазып көрсетіңдер.

Екінші топтың жаттығулары геометриялық фигуралардың бейнелерін еске түсіруді көздейді.

1.Кез келген үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, кесінді, тік емес бұрыш, көпбұрыш сызыңдар.

2.Кез келген үшбұрыш сызыңдар. Оның төбелерін әріптермен белгілеңдер де, қалай аталатынын жазып көрсетіңдер.

3.Кез келген тік төртбұрыш сызыңдар.Оның төбелерін әріптермен белгілеңдер де, қалай аталатыын жазып көрсетіңдер.

4.Кез келген кесінді сызыңдар, оның ұштарын әріптермен белгілеңдер де, қалай аталатынын жазып көрсетіңдер.

Үшінші топтың жаттығулары сызу дағдыларын қалыптастыруға және тиянақты түсуге арналады. Сонда әр түрлі жағдайларда геометриялық фигураларды салудың ерекшеліктері пысықталады.

1.Кез келген шаршы салыңдар.

2.Қабырға 3 см шаршы салыңдар.

3.Кез келген кесінді салыңдар.

4.Ұзындығы мынадай кесінді салыңдар: 5 см, 1 дм, 2 см.

5.Кез келген тік төртбұрыш салыңдар.

6.Іргелес қабырғалары 2 см және 3 см тік төртбұрыш салыңдар.

Осы тапсырманың қайсысын орындағанда болсын, алдымен сәйкес фигураның сипаттамалық белгілері мен қасиеттері еске түсіріледі де, әрі қарай фигура қалауымызша алынған өлшем бойынша немесе берілген шарттарға сәйкес салынады.

Төртінші топтың жаттығулары оқушылардың геометриялық шамалар, оларды өлшеу және есептеп шығару жайындағы білімдерін бір жүйеге келтіреді және қорытындылайды.

1.Сызбаның берілгендерін пайдалынып, фигураның периметрін табыңдар:

 

2.Сызбаның берілгендерін пайдаланып фигураның ауданын табыңдар:

3.Суреттен тік төртбұрышты тауып алыңдар да оның периметрі мен ауданын есептеп шығарыңдар:

 

4.Суреттен квадрат тауып алыңдар да оның периметрі мен ауданын есептеп шығарыңдар:

5. Аудандары бірдей (12 см2) екі әр түрлі тік төртбұрыш сызыңдар.

6. Периметрлері бірдей (10 см) екі әр түрлі тік төртбұрыш сызыңдар.

7. Бір шаршының қабырғасы 3 см, ал екіншісінікі – 5 см. Осы шаршының периметрлерін, аудандарын салыстырыңдар.

8. Қабырғасы 4 см шаршы пен іргелес қабырғалары 2 см және 8 см тік төртбұрыш сызыңдар. Олардың периметрлерін, аудандарын салыстырыңдар.

9. Қабырғасы 2 см шаршы сызыңдар. Оның периметрін және аудандарын табыңдар.

10. Іргелес қабырғалары 2 см және 4 см тік төртбұрыш сызыңдар. Оның ауданы мен периметрін табыңдар.

Бақылау сұрақтары

1.Геометриялық фигуралар түрлерін ата.

2.Геометриялық фигуралардың қасисттері және белгіленуін көрсет.

3. Геометриялық мазмұнды есептермен жұмыс істеу әдістемесін көрсет.

Әдебиеттер:

1.Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.

2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.

3.Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. - Алматы, 2000.

4.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.

 

 

Лекция 28

 








Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 12527;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.027 сек.