Шешім нәтижесін графикпен бейнелеу
Нәтижені гафикпен көрсету, шешім қабылдауға көмек көрсе-тетін маңызды фактор болып есептелінеді.
Негізінде нәтижені графикпен бейнелеу, деректерді өңдеу-дегі керекті әрекеттердің бірі және көзбен көретін көрнекі салыс-тырмалы жағдай туылады. Ол үшін бірнеше түрге жіктелінетін, 1.11-суретте көрсетілген графикалық объектілер қолданылады.
1.11-сурет
Бірге орналасқан объектілер өзгертуге болмайтын электрон-ндық кестенің бір бөлігі болып есептелінеді.
Бөлінген (бөлек орналасқан) объектілер әртүрлі (түрін, өлшемдерін және т.б.) өзгерістер жүргізуге болатын, форматталған графикалық бейнелер.
Бірге орналасқан объектілердегі маркерсіз диаграммалар (графиктер және т.б.) электрондық кестенің өзгермейтін бөлігі.
Маркерлі диаграммалармен (графиктермен және т.б.) мына-дай істерді жүргізуге болады:
· диаграммалардың өлшемдерін өзгертуге;
· экранның бетінде диаграммалардың орындарын ауысты-руға;
· диаграммаларды көшіріп алуға;
· диаграммалар тұрғызылған, берілген кестелік деректерді түзетуге.
MS Excel-де диаграммалар, графиктер және т.б. графиктік бейнелер тұрғызу әдістері көптеген әдебиеттерде терең жан-жақты қарастырылған. Сондықтан, қарастырып отырған есептің шешім нәтижесін графикпен бейнелеу жұмысына көшейік.
Есептің 1.9-суретте берілген шешім нәтижесі график тұрғы-зуға керекті алғашқы деректер ретінде қабылданды. Шешімде анықталған айнымалылардың оңтайлы мәндері бойынша гисто-грамма тұрғызамыз. Ол үшін A3:E4 аралықты (1.9-сурет) белгі-лейміз.
1.12- сурет
Мастер диаграмманы іске қосамыз. Сұхбаттасу терезесінде барлық диаграмма типтерінің бейнелері көрінеді. Біздің диаграм-мамыз гистограмма түрінде тұрғызылмақшы. Оны іске қосқаннан кейін экранда таңдап алынған диаграмма бейнесі беріледі. Сұхбат-тасу терезесіндегі көмекші нұсқауларды пайдаланып, графиктің атын (өндірістік қорларды оңтайлы қолдану жоспары), х- өсінің (өндірілетін өнім түрлері) және у - осінің (өндірілген өнім мөлшері) аттарын енгіземіз. Сөйтіп, бірге орналасқан маркерліграфик алын-ды (1.12-сурет).
Жоғарыда аталған әрекеттердің барлығы MS Excel-дің жұмыс бетінде жасалынады, олар өте қарапайым әрекеттер болуы-на байланысты және текстті суреттермен толтырмас үшін кейбір қарапайым әрекеттердің бейнелерін әдейі 1.12-суретте келтір-мейміз.
Сөзсіз, белгіленген гистограммамен жұмыс істеу, форматтау және басқа әрекеттерді жасау тәсілдері арнайы білімді қажет етеді. Ондай білім оқырманға қажет болған жағдайда MS Excel-де диаграммалар, графиктер тұрғызу әдістерін кеңірек оқуды ұсы-намыз.
Сонымен, қарастырылып отырған есептің шешімін тапқаннан кейін нәтижені графикпен бейнелеу керектігін және осы істің дұ-рыс шешім қабылдауға қажеттігін тағы да қайталаймыз. Қандай сендіре сөлеуден де оңтайлау шешім нәтижесін графикпен көрне-кі көрсету ерекше сенімді екенін естеріңізге ұстаған жөн.
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 1169;