Алғашқы мәліметтері шартты есептерді шешу

Өмірде барлық нәрсе алдын ала белгілі бола мермейді, сондықтан шешім қабылдауда ЕГЕР деген сөз жиі қолданылады. Егер жауын жауса, онда қол шатырын ашу керек. Сол сияқты, егер тауарға сұраныс азайса, онда тауардың бағасын арзандатамыз немесе оның сапасын жақсартамыз, т.б.с.с. Сонымен, тәжірибеде ЕГЕР шартын қолдану арқылы, логикалық функцилар көмегімен кейбір оңтайластыру есебінің шешімін іздеуге тура келеді. Мұндай есептерді алғашқы мәліметтері шартты оңтайластыру есептері деп атайды.

Мақсат функциясы шартты оңтайластыру есебін қарасты-райық. Есепте форматы мынадай түрде жазылған, логикалық функция қолданылады:

= ЕГЕР (А; С3; С4),

мұндағы А – логикалық шарт немесе осы шарт жазылған ұяның адресі;

С3 – А шарты орындалса, осы ұяда жазылған мақсат функция бойынша оңтайластыру жүргізіледі;

С4 – А шарты орындалмаса, осы ұяда жазылған мақсат функция бойынша оңтайластыру жүргізіледі;

Мысалға, есептің шарты бойынша, егер D5 және E5 ұяларын-дағы мәндердің сомасы B5 және C5 ұяларындағы мәндердің сомасынан көп болса, онда мақсат функция мына: 150х3 + 130х4, ал керісінше жағдайда мына: 135х1 + 125х2 формулалармен есептелі-нетін болсын. Мақсат функция шартын енгізу тәсілі біздің негізгі есеп бойынша 1.28-суретте көрсетілген (fx – функция жолына қара-ңыз). Есеп әрі қарай белгілі тәсілмен шығарылады, оның шешім нәтижесі де осы суретте берілген (1.28-сурет).

Жалпы мақсат функциялары шартты есептерде, шарттарды жазу үшін, логикалық функция ЕГЕР –ден басқа ЖӘНЕ және НЕМЕСЕ логикалық функцияларды қосатын, ЖӘНЕ (А;В), НЕ-МЕСЕ (А;В) формада енгізілетін, құрамдардан тұруы мүмкін.

Шартты есептеулердің формасы мынадай түрде жазылады:

= ЕГЕР(ЖӘНЕ(А;В); МФ1адресі;МФ2адресі),

ЕГЕР(НЕМЕСЕ(А;В); МФ1адресі;МФ2адресі).

 

1.28-сурет

 

Логикалық шартты есептерді шығару барысында логикалық тізбек тәжірибеде жиі кездеседі. Негізі Excel мұндай тізбекте ЕГЕР функциясын 7 рет қолдануға мүмкіндік береді. Осылай шартты шектеулерді де енгізуге болады.

Шектеулердің сол жағы (СЖ) үшін шартты алғашқы мәлімет-тер мына форматта енгізіледі:

ЕГЕР(шарт;СЖ1адресі;СЖ2адресі).

Шектеулердің оң жағы (ОЖ) үшін шартты алғашқы мәлімет-тер мына форматта енгізіледі:








Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 1103;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.