шығарудағы алғашқы қадамдар

3-ші дәрісте қарастырылатын сұрақтар:

1. Есептің шығымымен бірге диаграммаларды құру тәсілдері.

2. MS Excel –де Поиск решения құралын қолдану әдістемелері.

3. MS Excel–де сценарияларды құру тәсілдері.

MS Excel-де құрылған математикалық модельмен қандайда бір есептеулерді орындаудан бұрын оны Excel-дің жұмыс бетіне бір ретпен аустырады (жазады). Ол үшін қандай ұяларда айнымалылар орналасатынын анықтап, мақсат функцияны және шектеулер функ-цияларын (сол жағын) есептейтін формулаларды керекті ұяларға жазып, сонымен қатар бөлек ұяларға шектеулердің оң жағын жазу керек. Excel-дің жұмыс бетінде ұяларда белгіленген мәндер және жазылған белгілер мен формулалардың барлығы бірге кестелік модель деп аталады. Шындығында, бұлай аталу модель туралы ұғымды толық білдірмейді, тек, оның математикалық модельмен есептеулер жүргізу үшін Excel-дің жұмыс бетінде кесте сияқты ыңғайлы орналасуының қажеттілігінен туындайды.

Оңтайластыру есептеріне кестелік модель құру жөнінде жал-пы қабылданған маңызды ереже жоқ. Дегенмен де, Excel-де оңтай-ластыру есептердің кестелік модельдерін құрғанда нақтылы бір принциптерді және келешекте Поиск решения құралын қолда-нуды жеңілдететін келесідей ұсыныстарды ескерген жөн.

· Айнымалылардың мәндері бөлек бір ұяларда орналас-тырылады және бөлек ұялар блоктарында топтастырылады.

· Кестеде әрбір шектеулерге бөлек жол немесе бағана бөлінеді. Шектеулер бөлек ұялар блоктарында топтастырылады.

· Мүмкіндігінше, айнымалылардың, мақсат функция мән-дері сақталатын ұялардың, және шектеулердің тақырыптары, соны-мен қатар кестелік модельдің бас тақырыбы болғаны жөн.

· Мақсат функция коэффициенттері, сәйкес айнымалы-лардың астына немесе үстіне орналастырылып, бөлек жолда сақта-лады; мақсат функцияны есептейтін формула көрші ұяда тұруға тиіс.

· Әрбір шектеулердің коэффициенттері тұрған жолдың оң жағындағы шеткі ұяда (шектеудің сол жағының формуласы жазылған) сол шектеудің есептелген мәні жазылады. Осы жолда одан кейінгі ұяда шектеу белгісі (“>=” немесе “<=” немесе “=”) және келесі ұяда шектеудің оң жағы жазылады. Мүмкіндігінше, шектеудің оң жағы формула емес, тұрақты шама болғаны дұрыс. Келесі ұяға шектеудің оң және сол жағының айырымын қосымша көрсетуге болады.

· Поиск решения құралының сұхбаттасу терезесінде айнымалылардың теріс болмау шарты белгіленеді. Сондықтан айнымалылардың теріс болмау шартын кестелік модельге енгізу міндетті емес.

Осы нұсқауды бұлжытпай орындаған жағдайда модельдің барлық негізгі коэффициенттері бөлек ұяларда орналасады. Сон-дықтан, модельдің формулаларын өзгерпей, оларды керек кезінде жеңіл өзгертуге болады. Айнымалыларды немесе шектеулерді көр-сету үшін ұялар аралығын, яғни айнымалыларды немесе шектеу-лерді жеке-жеке енгізбей, топ-тобымен енгізуге (ұялар аралығы-мен) енгізуге болатындықтан, оларды топтастыру нәтижесінде Поиск решения құралымен жұмыс жасау жеңілдетіледі. Кестелік модельде тақырыптардың (комментариялар) болуы, оның кез кел-ген қолданушыға түсінікті болуын қамтамасыздандыру және есеп-ті құжаттау үшін қажет.

Кестелік модельдің соңғы жолдарының біріне бөлек «Шеші-мі» жолын қарастырған біршама ұтымды. Біріншіден, айнымалы-лардың шешімі және мақсат функция мәні бірге жиналып тұрса, қарастырылып отырған модельді құжаттандыру ыңғайлы. Оларды түсіндіретін өлшем бірліктерін көрсететін жазулар жазуға және сан мәндердің бөлшек жағын керекті дәлділікке дейін көрсету үшін айрықша форматтауға болады. Екіншіден, математикалық модельде айнымалылардың коэффициенттері әртүрлі мәнде немесе шешім мәндері әртүрлі (мысалға, бірнеше қаттардан тұратын бүтін және үтірден кейін бірнеше қатардан тұратын бөлшек сандар) болса, онда оларды керекті бөлшегіне дейін және мақсат функция мәнін бір ретке түзетіп, масштабтауға тура келеді. Осындай әрекеттерден кейін «Шешімі» жолында, кестелік модельдің «есептеу» бөліміне тиіспей, нақтылы есепке алынатын мәндерді керекті қалпына келтіруге мүмкіндік туады.

Кестелік модельге мәліметтерді жедел енгізуге автоматты көшіру әрекеті бірәз көмек береді. MS Excel-де көшіру процедура-лары өте көп. Солардың ішінен оңтайластыру есептерін шешуде жиі қолданылатындары: панель құралдары көмегімен көшіру, тыш-қан көмегімен көшіру, сүйретіп көшіру және адрестерін сақтай отырып көшіру. Осы көшіру тәсілдерінің ең қарапайымы, ол панель құралдарымен көшіру. Ол әрбір компьютерді пайдаланушыға белгілі.

Тышқан көмегімен көшіру тәсілінің алгоритмі:

– көшірілетін объектіні белгілейміз;

– курсорды объектінің шетіне апарамыз;

– “Ctrl” – батырмасын басып жібермейміз. Экранда, курсор стрелкасна “+” белгісі қосылады;

– тышқанның сол жақтағы батырмасын басып, жібермей, курсорды көшірілетін ұяға дейін жылжытамыз;

– тышқанның және “Ctrl” батырмаларын босатамыз. Экранда көшірілген объект жаңа орнында;

– белгіні алып тастаймыз.

Сүйретіп көшіру алгоритмі, бір ұядан тексті немесе санды (мысалға, №5) көрші келесі ұяларға көшіргенде қолданылады. Көшірілетін объектіні оңға немесе төмен сүйреткенде, онда тұрған санға, әрбір көрші жаңа ұяда 1 қосылып отырылады (мысалға, №6, №7, ...), ал солға немесе жоғары сүйреткенде, керісінше 1 кемиді (мысалға, №4, №3, ...)

– көшірілетін ұяны белгілейді;

– белгіленген ұяның төменгі оң жақ бұрышына курсорды апарамыз. Экранда курсор ұшында қара крест пайда болады;

– тышқанның сол жақтағы батырмасын басып, жібермей, ақырғы көшірілетін ұяға дейін жылжытамыз;

– тышқанның батырмасын босатамыз. Экранда барлық көрші және ақырғы ұяларда сандары бірге өзгерген, көшірілген объекті.

Адрестерін сақтап көшіру. Оңтайластыру есептерін шыға-руда, аргументтері ұялардың адрестері болып есептелінетін функциялар, жиі қолданылады. Мысалға, А1 ұяда мына формула тұрсын:

А1=В1+5.

Егер осы ұяны Е2 ұяға көшіретін болсақ, онда мынаны көреміз:

Е2=А2+5.

Ұялар адрестерінің көшіру кезінде мұндай өзгерісі, олардың жаңа адреске автоматы түрде бейімделуі делінеді.

Егер көшіру нәтижесінде ұяның адресі ешқандай өзгерізсіз сақталынатын болса, мұндай жағдайда көшірлетін ұяның адресіне $ символын енгізу керек. Бұл кезде мына ережелер ескерілгені жөн:

– символ мына түрде жазылса $A1, көшіру нәтижесінде бағананың аты сақталады;

– символ мына түрде жазылса A$1, көшіру нәтижесінде жолдың нөмірі сақталады;

– символ мына түрде жазылса $A$1, көшіру нәтижесінде бағананың аты және жолдың нөмірі сақталады.

 

 








Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 1052;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.