Дістердің маңызы және ролі
Қазiргi ақпараттық технологиялар дамыған заманда өндiрiстi сапалы басқаруда, жекебастың ұзақ уқыт жинған тәжiрибесiне, болжамға, ұйымдастырушулық қаблеттілікке сүйену жеткілiксiз.
Қоғамда барлық салаға ақпараттық технологиялардың терең енуiне байланысты, басқару принциптерiн қайта қарап, қазiргi жағдайда жаңа құралды – компьютердi қолдану, басқаруда шешім-дер қабылдаудың жаңа технологияларын қалыптастыру қажеттiгi туындалды.
Мемiлекетiмiзде мемiлекеттiк-әкімшілікте және шаруашы-лықты ұйымдастыру iс-әрекеттерiнде басқару жүйесiн жетiлдiру үшiн осы орындарда сапалы жұмыс iстей алатын, өзiнiң күнделiктi әрбір iсiнде қазiргi ақпараттық технологиялар көмегiмен шешiм қабылдайтын мамандар қажет. Мұндай мамандар өндiрiстi басқару жүйесiнде жаңа құралдармен әдiстердi, оның iшiнде ақпараттық технологиялар аясында математикалық модельдеу әдiстерiн пайда-ланып шешiм қабылдайтындай кәсiптiк деңгейге жетуге мiндеттi. Математикалық модельдеу және сандық бағалау негiзiнде өндiрiске жаңа басқару жүйесi енетіні сөзсіз. Шындығында, жетекшiге мүм-кiн бола алатын шешiмдердiң iшiнен ең пайдалы, реттелген, өңдел-ген мәлiметтер берiлсе, оған дұрыс шешiм қабылдау қиын емес. Мұндай көзқарас қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында, біздің ойымызша, өте дәйектi және өзекті мәселе.
Жетекшiге жұмыс iстеуiне жаңа құралдың – компьютердiң пайда болуы оның жұмысын бұрынғыдан жеңiлдетпейдi, ол тек үлкен мәлiметтердi, көп ақпараттар ағымын дер кезiнде өңдеуге, сенiмдi нәтижелерге жетуге көмектеседi. Жаңа ақпараттар ағымы-ның iшiнде жетекші, басқару принциптерiн, әдiстерiн ешқандай өзгертпей жаңа компьютерлiк технологиялар арқылы жедел, сенiм-дi нәтижелер алып, өте пайдалы шешiмдер қабылдай алады. Ал кәсіпкер осы тәсілмен өндiрiстiң жағдайларының мүмкiн бола ала-тын барлық нұсқаларын тексерiп, өзiнiң бизнесiнiң табысты дамуын қамтамасыз етедi.
Сонымен, бүгiнгi кезде кәсіпкердің жаңа ақпараттыққұжы-рыныңтехникалық және методологиялық негiзi, жетекшiнiң жұмыс құралы болып есептелетiн, керектi программа құрлымдарымен қамтамасыздандырған компьютер, сонымен қатар шешiм қабыл-дауға арналған әдiстемелермен математикалық модельдер кешенi болмақ. Демек, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында қарасты-рылып отырған мәселердi оқытып үйрететiн пән өте қажет. Осы тұрғыдан қарағанда ұсынылып отырған «MS Excel көмегімен бизнесте шешімдер қабылдау» курсы өзекті мәселені шешуге арналған бірінші мемлекеттік тілдегі оқу құралы. Онда келешекте кәсіпкер өзiнiң күнделiктi iс-әректтерiнде оңтайлы және ұтымды шешімдер қабылдау үшін ақпараттық технологиялар аясында қан-дай математикалық әдiстердi қалай қолдануы және өндірістік есеп-тердің шешім нәтижелері бойынша экономикалық-математикалық талдауларды қалай жүргізу керектігі туралы баяндалады.
Оқу құралында шешімдер қабылдау теориясы терең баяндал-майды, әрекеттерді зерттеулердің (шешімдер қабылдау теориясы-ның тәжірибелік алгоритмдерінің негізін құрайтын) математикалық әдістері қарастырылмайды, алғашқы деректерді жинау және өңдеу жұмыстарын орындау тәсілдері және алгоритмдері (сапалы шешім-дер қабылдауда жиі керек) келтірілмейді және шешім қабылдау жұмысына қолдау көрсететін арнайы программалармен қамтама-сыздандыру үрдісі жазылмайды.
Бірақ, оқулықта өте қарапайым тілде: біріншіден, өмірдегі нақтылы ситуацияларды бір ретке келтіріу және «математизация-лау» жұмысы, екіншіден, MS Excel-дің көмегімен математикалық модельдерді шешу жұмысы, үшіншіден, математикалық модельдер-дің шешу нәтижелерін талдау және интерпретациялау жұмысы (яғни математикалық модельден керісінше нақтылы ситуацияға өту жұмысы) келтірілген. Аталған жұмыстар, арнайы ұғымды жазылған бірнеше кітаптарды оқып, үйреніп алатындай қарапайым техника-лық нұсқаулар емес, нақтылы айтқанда олар өнер туындылары. Сондықтан, оқулықтың негізгі мақсаты бизнесте оңтайлы шешім қабылдау болғандықтан, автор өндірістің нақтылы жағдайларының әртүрлі математикалық модельдерін жазуға және шешуге, сонымен қатар шешім нәтижелерін талдауға үлкен мән берген.
Бірінші бөлімде алғашқы мәселені формалдаудан бастап, оның математикалық моделін құру және шешу, шешім нәтижесін талдау арқылы басқару шешімі қалыптасқанға дейінгі барлық шешім қабылдау үрдісі көрсетілген. Сөйтіп, шешім қабылдау үрді-сінің, математикалық модельді құру, шешу, және осы шешім нәтжелерін талдау кезеңдеріне көп көңіл бөлінген. Келесі бөлім-дерде шешімдер қабылдауда қолданылатын өндірістік, транс-порттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабыл-дау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді шешу арқылы олардың барлық технологиялары жан-жақты баян-далған. Сөзсіз, қарастырылып отырған модельдер шешім қабыл-дауға керекті барлық модельдер алқасын қамтымайды, бірақ нақ-тылы жағдайда сіздердің өз еріктеріңізбен оңтайластыру шешімін іздеу жұмыстарына көп көмек көрсетеді. Кітаптың соңында әрбір бөлімдер бойынша қалыпты жағдайға жақындастырылып құрылған тәжірибелік есептер жиыны беріледі.
Курсты оқып зерделеу, кез келген жоғары оқу орындарында өтетін жоғары математика курсы көлемінен тыс, арнайы матема-тикалық дайындықты қажет етпейді. Дегенмен де, MS Excel элек-трондық кестеде жұмыс жасау негізімен оқушы жалпы таныс, кем дегенде онда, ол деректерді енгізіп және түзетулер жүргізу, форму-лаларды құрастыру, функцияларды қолдану, жұмысшы бетті қа-лыптастыру, сонымен қатар басқада қарапайым әрекеттерді жасай алады деп есептеледі. MS Excel-де жасалатын аталған әрекеттер, кез келген бағыттағы жоғары оқу орындарында информатика пәнін-де өткен, оқушының қалыптасқан дағдысына айналған, оның қарапайым базалық тәжірибесі болуға тиіс.
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 1056;