Шешімнің сезімталдылығын талдау
Сонымен математикалық модельдің шешімі алынды. Енді біз онымен не істейміз, бірден өндіріске енгіземіз бе? Жоқ, әзірше ерте. Қойылған мәселенің әзірше нақтылы моделі үшін ғана шешім алдық, ал негізгі мәселе «өндірістік шешім қабылдау» әлі шешіл-ген жоқ. Модельді құру барысында, оны қарапайымдату мақсатта, біз бірәз көрсеткіштерді жуықтап алдық, сөзсіз, кейбір байланыстар ескерілмей де қалуы мүмкін, көптеген маңызды емес факторлар әдейі алынып тасталынды және байланыстар бір шама жеңілде-тілді. Сөйтіп, біз қойылған есепті реттедік, математикалық тілде мұндай әрекеттерді формалдау деп атайды. Сонымен, егер кейбір көрсеткіштердің тәжірибедегі нақтылы мәндері, модельде енгізіл-ген мәндерінен аздаған айырмашылықтар болса, онда шешімде олар қаншаға өзгереді немесе өзгермей ме? Осындай және осылар сияқты сұрақтарға алынған шешімді талдау нәтижесінде жауап беруге біз міндеттіміз. «Ғылым» тілінде мұндай талдау сезімтал-дылдықты талдау деп аталады. Осындай талдауда, нақтылы си-туацияда, шешім қабылдауда қолданылатын, маңызды ақпараттар алынады. Талдау, математикалық модельмен оңтайлы шешім алын-ғаннан кейін, жүргізіледі.
Сезімталдылықты талдауда төмендегідей сұрақтарға жауап-тар алынады:
· Алынған шешімді сақтай отырып, модельдің параметр-лері қандай шектерге дейін өзгере алады?
· Қандай шектеулер мақсат функциямен байланысты (яғни мақсат функцияны шектейді (ұстап қалады)), ал қандай шектеулер байланыссыз (яғни есептің шешіміне әсер етпейді).
· Егер байланысты шектеулердің оң жағын өзгертсек, онда мақсат функция қалай және қаншаға өзгеруі мүмкін?
· Егер есептің оңтайлы шешімінде бір айнымалы нөлге тең болса, онда ол қандай шартта оң мәнді қабылдаған болар еді? (Өндірістік есептер үшін аталған сұрақтар өте өзекті сұрақ-тар).
Бірден ескертейік, есептің шешімі арқылы толық сезімтал-дылықты талдау, күрделігі бойынша оңтайластыру есебінің шешу әдістерімен де теңеспейтін, олардан көп жоғары, арнайы әдістерді қолдануды қажет ететін, өте ауыр және қымбат жұмыс.Сондықтан, төмендегі бірінші мысалдан кейін келесі тәжірибелік мысалдарды қарастырғанда бұл талдауға терең тоқталмай, қысқа-қысқа негізгі көрсеткіштерді баяндаймыз. Келесі мысалда мүмкіндігінше осы талдауға кеңірек тоқталамыз. Мұндай талдаулар жүргізуге тағыда Поиск решения құралы көп мүмкіншілік тудыратынын, ол есептің шешімінің нәтижесі, орнықтылығы және шекаралығы бойынша есеп беретінін атап өтейік.Поиск решения құралының осындай әрекеттерін техникалық тілде генерациялау деп атайды.
СоныменПоиск решения құралы талдау жасауға мүмкінші-лік тудырады, ол есептің шешімінің 1.2-суретте көрсетілген үш түрлі есебін: шешім нәтижесін, орнықтылықты және шекаралы-ғын генерация жасайды. Аталған есептер тек сызықтық модель-дерді шығарғанда ғана генерацияланады. Бүтін санды модельдерде орнықтылық және шекаралығы есептері генерацияланбайды, ал сызықты емес модельдерде орнықтылықтылық бойынша есеп басқа түрде қалыптасады (генерацияланады).
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 1030;