Тәжірибеде керекті нақтылы көрсеткіштер
Модельдер шешімін талдаудың өзектілігі және
Медицинада ауру адамды алдынала зерттеп және оны талдап, бір шешімге келмейінше ешқандай ауруға диагноз қойылмайды және емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер қолданылмайды, яғни «Шешім қабылдау» мәселесі жауапты. Өкінішке орай, өндірісте басқару жұмыстары, оның ішінде экономикалық және техникалық жағдайларды басқаруда «Шешім қабылдау» мәселесіне онша ма-ңызды мән берілмей, оның кейінгі, түпкі әсері ескерілмей қалады. Әрине, не себепті олай, оның себеп салдары көп, бұл жерде оның бәріне тоқталудың қажеті жоқ. Қазіргі нарық жағдайында негізінде қандай істе болмасын, алдынала талдаусыз шешім қабылдауға болмайды.
Талдау жасаудың қуатты құралы, ол математикалық модель. «Бір рет ату үшін мылтық сатып алуға болмайды» демекші, ізделі-нетін белгісіздердің тек бір мәнін анықтау үшін математикалық модель құруға болмайды. Ол үшін күрделі формулаларды терең ойластыра отырып, оны құрып, және соңында онымен бір ғана есептеу жүргізудің қажеті жоқ.
Негізінде математикалық модель, оңтайлы шешім қабылдау кезінде пайда болатын көптеген сұрақтарға жауап алуда қолданы-латын, өте қызықты құрал.
Математикалық модель негізінде жүргізілетін талдау түрлері 1.2-суретте келтірілген. Суреттегі кейбір сұрақтарды түсіндіріп көрелік.
Есепті қойған кезеңде мынандай: «не болады, егер...? және/немесе «не керек, мына...?» және т.б.с.с. сұрақтарға жауап беру үшін талдау жүргізіледі.
1.2- сурет. Шешілетін есепті талдау түрлері
Бірінші сұраққа жауап беру үшін жүргізілетін талдау, нұсқа-лық талдау деп аталады, ал екіншіге – тапсырыс бойынша шешім-дермен делінеді.
Нұсқалық талдаудың 1.2-суретте келтірілген түрлері:
· Есепті оның кейбір параметрлері арқылы шығарып, шешімге талдау жүргізу, параметірлік талдау делінеді. Оқулықта параметірлік талдауға бірнеше мысалдар келтіріледі.
· Оңтайластыру есебін шектеулердің әртүрлі құрамында шешу нәтижесін талдау жұмысын құрамдық талдау деп атайды.
· Есепті әртүрлі мақсат функцияларымен шешіп, нәтижені талдау, көп критериялы талдау делінеді.
· Егер есепті шешуге керекті алғашқы деректер, қосымша шарттың талаптарын дұрыс орындауға байланысты болса, онда мұндай талдау, шартты алғашқы деректермен талдау делінеді.
Берілген тапсырма бойынша есептің шешімін табу, есепті талдаудың екінші тобына жатады. Оның мақсаты, айнымалылар-дың, шектеулердің сол жағының немесе мақсат функцияның беріл-ген мәндерінде есептің шешімін іздеу.
Есепті қойған кезеңдегі талдаумен қатар, 1.2-суретте келті-рілген талдаулардың ішіндегі оңтайлы шешім қабылдауға ең қажетті және қуаттысы, ол оңтайлы шешімді талдау болып есептеледі. Оңтайлы шешімді талдаудағы орындалынатын жұмыс-тар 1.2-суретте де келтірілген және оларды орындау үшін оқушылардың қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулықтармен оқу құралдарынан [12, 13, 15 және 16] немесе орыс тіліндегі әдебиет-терден [1 және 2] арнайы теориялық түсініктерді білгені жөн. Сондықтан әрбір жаңа тақырыптарды керекті теориялық мәлімет-терді қысқаша еске түсіруден бастаймыз.
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 1545;