Тұжырымдар мен тұжырымдар формасы.
Анықтама.Тұжырымдар деп деп ақиқаттығы немесе жалғандығы туралы айтуға болатын хабарлы сөйлемді айтамыз. Бүкіл ғылыми білімдер (физика, химия, биологияның заңдары мен құбылыстары, математика т.б) күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар, экономика мен басқару процесінде туындайтын түрлі ситуациялар тұжырымдар түрінде формальданады.
Сұраулы, лепті не болмаса мағнасыз сөйлемдер тұжырым бола алмайды. Тұжырымдарға мысалдар: «2 жерде 2-төрт» , «Біз 20 –шы ғасырда өмір сүріп жатырмыз», «Қосылғыштардың орны ауысқаннан қосынды өзгермейді» , «Астана- Қазақстаның астанасы», «Теңге-Қазақстан валютасы» , «Бүгін сейсенбі», «Егер жаңбыр жауып тұрса қол шатыр алыңыз» т.б тұжырымдар. «Математика- қызықты пән немесе қуырдақ дәмді тамақ» деген сөйлемдер де тұжырым емес, себебі бірдей пікір жоқ. «Бөлменің ауданы 20 м2», «Қар жауып тұр»,«а2=4» деген сөйлемдер түжырым емес , 1- сөйлемде нақтылы қандай бөлме екендігі көрсетілуі керек, екінші сөйлемде қайда қар жауып тұрғанын көрсететін қосымша сөз керек, үшінші сөйлем а = ±2 (а-тұжырымдылық айнымалысы ) болғандықтан тұжырым бола алмайды. Бұл сөйлемдермен амалдар орындау үшін олардың әрқайысысының ақиқаттық мәнін білу керек.
Анықтама. Құрамына ең болмаса бір айнымалы бар және айнымалылардың орнына мәндерін қойғанда тұжырымға айналатын сөйлем тұжырымдылық форма деп аталады.
Мысалы, Сан 7-ге бөлінеді; 3х<2; Ол қара торы; Сан,х ол сөздерінің орнына белгілі бір мәндер қойылса , сөйлем тұжырымға айналады.
Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 3196;