Болжамы. Эстрогендермен орынбасушы терапия сүйектің сынуын, Альцгеймер ауруы, тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі ауруларының
Эстрогендермен орынбасушы терапия сүйектің сынуын, Альцгеймер ауруы, тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі ауруларының даму жиілігін 50%-ға төмендетеді. Дегенмен, сүт безінің қатерлі ісігі мен тромбоэмболияның даму қаупін жоғарылатады.
5.5. АНАЛЫҚ БЕЗДІҢ ПОЛИКИСТОЗДЫ СИНДРОМЫ
Аналық бездің поликистозды синдромы (АБПС) — гиперандрогения және овуляторлы дисфункциямен сипатталатын гетерогенді клиникалық синдром (5.5 кесте). Алғаш рет АБПС-ын 1935 жылы Д. Штейн және Д. Левентал суреттеген болатын.
5.5 кесте.Аналық бездің поликистозды синдромы
Этиологиясы | Генетикалық бейімділік АБПС-мен қатар, семіздік пен көмірсуға толеранттылықтың бұзылуынан болуы мүмкін |
Патогенезі | 1. Аналық безбен андрогендердің артық өндірілуі 2. Тека жасушаларымен андрогендердің бөлінуін жоғарылататын және олардың гиперплазиясына әкелетін ЛГ өндірілуінің жоғарылауы 3. Семіздік, гиперинсулинемия, ЛГ әсерінен андрогендер өндірілуін инсулинмен ынталандыру, жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин деңгейінің төмендеуі 4. Гиперандрогения фолликулалардың қалыпты өсуіне бөгет болады және майда фолликулярлы кисталардың түзілуіне және фолликулалардың кистозды атрезиясына әкеледі |
Эпидемиологиясы | Гирсутизмнің 95 %-ы АБПС байланысты. АБПС популяцияда таралуы 8–20 % |
Басты клиникалық көріністері | 1. Олиго- немесе аменорея (70 %) 2. Бедеулік (30 %) 3. Гирсутизм (60 %) және андрогенді дермопатияның басқа да көріністері: майлы себорея, безеу бөртпелері, андрогенді алопеция 4. Семіздік (40 %) |
Диагностикасы | 1. Тестостерон↑, ЛГ ↑, ЛГ/ФСГ↑, жыныс гормондарымен байланысушы глобулин ↓. 2. УДЗ: овариальды строма көлемінің ұлғаюымен ұштасатын диаметрі 10 мм артық болмайтын 8 көп фолликулярлы кистаны анықтау, эндометрий гиперплазиясы 3. Гиперандрогения мен гирсутизмнің басқа себептерін жоққа шығару |
Салыстырмалы диагностикасы | 1. Аналық бездер мен бүйрек үсті безінің андрогенөндіруші ісіктері 2. Бүйрек үсті безі қыртысының туа біткен дисфункциясы 3. Гиперпролактинемия (АБПС көрініс берген науқастардың 30 %-да пролактин жоғарылайды) 4. Идиопатиялық гирсутизм |
Емі | 1. Салмақты төмендету (семіздікті емдеу). 2. Метформин (тәулігіне 1–2 грамм). 3. Оральды контрацептивтер, ципротерон ацетат, спиронолактон, флутамид, финастерид. 4. Бедеулікті емдеу (кломифен, гонадотропин дәрілері, хирургиялық емдеу, ЭКҰ) |
Болжамы | Емделмеген кезде гирсутизм менопаузаға дейін үдемелі дами береді, науқастардың 15%-да кейінірек қантты диабеттің 2 типі анықталады |
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 897;