Эпидемиологиясы. Репродуктивті жастағы әйелдерде жиі кездесетін эндокринопатия

Репродуктивті жастағы әйелдерде жиі кездесетін эндокринопатия. Әйелдерде дамитын гирсутизмнің 95%-ы АБПС байланысты. АБПС популяцияда таралу жиілігі 8% шамасында (егер диагностикалау мақсатында тек клиникалық көріністердің мәліметтерін қолданғанда) және если 20% дейін (егер УДЗ мәліметтерін қолданса) ауытқиды.

 

 

5.4 сурет.Аналық бездердің поликистозды синдромының патогенезі

 

5.4 сурет Актив.клеток теки↑- Тека жасушасының белсендігі↑ Тестостерон↑ Андростендион↑- Тестостерон↑ Андростендион↑ ГСПГ↓- ГСПГ↓ Генетич.предрасположенность (...) – Генетикалық бейімділік (инсулин және стероидты гормондар синтезі мен бөлінуін реттеуші гендер) ЛГ-ЛГ Гиперинсулинемия- Гиперинсулинемия ГРГ-ГРГ Ожирение- Семіздік  

Клиникалық көрінісі

· Клиникалық көрінісі біршама ауытқиды; сырқат жасөспірімдік кезеңде басталып, уақыты бойынша менархеге, жыныстық өмірдің басталуына, жүктілікке, дене салмағын қосуына сәйкес келеді.

· Олиго- немесе аменорея (70%) ановуляция нәтижесінде дамиды. Әдетте циклдің 3–6 айға дейін кешеуілдеуімен, бөліністердің азаюымен, дисфункционалды жатырлық қан кетулермен сипатталады.

· Бедеулік (30 %) созылмалы ановуляция нәтижесі ретінде дамиды.

· Гирсутизм (60 %) — андроген-тәуелді аймақтарда шектен тыс түктің өсуі. Сонымен қатар, андрогенді дермопатияның басқа да көріністері дамуы мүмкін: майлы себорея, безеулі бөртпелер, андрогенді алопеция. АБПС сырқаттанған науқастардың 40%-да вирильды синдромның ішінде гинекологиялық қарау барысында шүртекей гипертрофиясы анықталады.

· Семіздік (40 %); семіздік дәрежесі артқан сайын басқа симптомдардың айқындылығы арта түседі, себебі инсулинрезистенттіліктің күшеюі андрогендер деңгейін жоғарылатады.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 1247;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.