Эпидемиологиясы. Ер адамдарда дамитын туа біткен гипогонадизмнің себептерінің бірі Клайнфелтер синдромы болып табылады
Ер адамдарда дамитын туа біткен гипогонадизмнің себептерінің бірі Клайнфелтер синдромы болып табылады. Клайнфелтер синдромының таралу жиілігі тірі туылған ер балаларға 1:500 қатынасындай. Жүре пайда болған гипогонадизм жиі кездеседі, ол ер адамдардың 20%-да дамиды. Бұл көрсеткіш қолданылған диагностика критерийлері (тестостерон деңгейі үшін қалыпты жағдайдың төменгі шекарасы) мен зерттелген популяцияға тікелей тәуелді.
6.6 кесте.Даму кезеңіне тәуелді гипогонадизм симптоматикасы
Өзгерістер | Гипогонадизмнің дамуы | |
Пубертатқа дейінгі кезең | Пубертаттан кейінгі кезең | |
Сүйек | Евнухоидты ұзынбойлылық, остеопороз | Остеопороз |
Көмей | Дауыс мутациясының болмауы | Өзгеріссіз |
Түктену | Әйел типі бойынша: шаптық түктенудің горизонтальды шекарасы, денеде түктенудің болмауы, сақал мен мұрттың шықпауы | Шаш өсуінің баяулауы немесе шаштың, сақал-мұрттың және аксилярлы және шап аймағында түктің түсуі, андрогенді алопецияның болмауы |
Тері | Құрғақ, бозғылт, жасөспірімдік безеулердің болмауы | Атрофия, бозғылт |
Эритропоэз | Анемия | Анемия |
Мускулатура | Жетілмеген | Атрофия, күшінің төмендеуі |
Май тіні | Әйел типі бойынша майдың жиналуы | Әйел типі бойынша таралуы |
Сперматогенез | Инициирленбейді, бедеулік | Төмендейді, бедеулік |
Эякулят | Жиі аспермия | Спермограмма көрсеткіштерінің нашарлауы |
Либидо, потенция | Болмайды | Әлсірейді |
Жыныс мүшесі | Инфантильді (ұзындығы < 5 см) | Өзгеріссіз |
Аталық бездер | Жұмсақ, < 5 мл | Жұмсақ < 15 мл |
Ұма | Пигментацияланбаған, қатпарсыз | Өзгеріссіз |
Простата (қуық асты безі) | Жетілмеген | Атрофия |
Клиникалық көріністері
Гипогонадизмнің клиникалық көрінісі ең алдымен сырқат дамыған жас шамасына тәуелді (6.6 кесте).
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 924;