Диагностикасы. 1. Тестостерон деңгейі сәл ғана жоғарылайды, бірақ АБПС-мен сырқаттанған әйелдердің басым
1. Тестостерон деңгейі сәл ғана жоғарылайды, бірақ АБПС-мен сырқаттанған әйелдердің басым көпшілігінде қалыпты деңгейде болады және гирсутизмнің айқындылығына байланысты жиі корреляцияланбайды.
2. Әйелдердің 50–70 %-да ЛГ деңгейі жоғары болады, бұған әсіресе ЛГ/ФСГ (>3) арақатынасының жоғарылауы тән (соңғы кездері диагностикалық қағида ретінде қарастырылмайды).
3. Әйелдердің 50 %-да жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин деңгейі төмендейді.
4. АБПС диагностикалауда аса бағалы аспаптық зерттеу әдісіне - трансвагинальды датчикпен кіші жамбас астауының УДЗ-сі жатады. АБПС-нің ультрадыбысты критерийіне диаметрі 10 мм аспайтын 8-ден астам кистаны анықтау және овариальды строма көлемінің ұлғаюы жатады (5.5 сурет). Сонымен қатар, эндометрий гиперплазиясы көрініс береді (қалыңдығы >10 мм).
5. Қантты диабет немесе көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуын анықтау мақсатында гликемия дәрежесін анықтау міндетті, қажет болған жағдайда оральды глюкозаға толерантты сынаманы жүргізу маңызды. АБПС диагнозы төменде көрсетілген 3 симптомдардың ішінен 2-уі көрініс бергенде қойылады: ановуляция (бедеулік), зертханалық дәлелденген гиперандрогения, аналық бездердің поликистозды өзгеруінің ультрадыбысты белгілері.
5.5 сурет.Аналық бездің ұлғаюы, көп мөлшерде эхонегативті қосылыстар
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 885;