Диагностикасы. Торлы қабықты суретке түсірумен сипатталатын тікелей офтальмоскопиямен офтальмологиялық тексеру ҚД-1-мен
Торлы қабықты суретке түсірумен сипатталатын тікелей офтальмоскопиямен офтальмологиялық тексеру ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік сырқаттың манифестациясынан 3–5 жылдан кейін, ал ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарға анықталғаннан бастап тағайындалады. Мұндай зерттеуді жыл сайын қайталап отыру қажет.
7.18 кесте.Диабеттік ретинопатияның жіктемесі
ДР сатылары | Тән өзгерістер |
Пролиферативті емес | Торлы қабықтағы микроаневризмалар, қан құйылулар, ісіну, экссудативті ошақтар. Қан құйылулар үлкен емес нүкте, штрихтар немесе дөңгелек формалы дақтар түрінде көз түбі ортасында немесе торлы қабықтың терең қабаттарында ірі көктамырлар бойында орналасады. Қатты және жұмсақ экссудаттар көз түбінің орталығында орналасып, сарғыш немесе ақшыл түске ие болады. Бұл сатының басты элементі макулярлы аймақта және ірі қантамырлар бойында орналасатын торлы қабықтың ісінуі болып табылады (7.11 а сурет) |
Препролиферативті | Көктамырлық аномалиялар: тәспі тәрізді, иректелген, екі еселенген және көлемі өзгерген қантамырлар. Көп мөлшерде қатты және «мақталы» экссудаттар. Интраретинальді микроқантамырлық аномалиялар, көптеген ірі ретинальді геморрагиялар (қан құйылулар) (сурет 7.11 б) |
Пролиферативті | Көру жүйкесі дискісінің және торлы қабықтың басқа бөлімдерінің неоваскуляризациясы, шыны тәрізді денеге қан құйылу, преретинальді қан құйылу аймақтарында фиброзды тіннің түзілуі. Жаңа түзілген қантамырлар өте жіңішке және нәзік, сондықтан жиі қан құйылулар дамиды. Витреоретинальді тракциялар торлы қабықтың сыдырылуына әкеледі. Нұрлы қабықта дамыған жаңа қантамырлар (рубеоз) жиі екіншілік глаукоманың дамуына себеп болады (7.11 в сурет) |
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 1009;