Диагностикасы. Барлық ҚД ортақ диагностикалау қағидалары 7.3

Барлық ҚД ортақ диагностикалау қағидалары 7.3. бөлімде көрсетілген. ҚД-2 диагнозы басым жағдайда типті клиникалы көріністері дамыған науқастарда гипергликемия анықталуына (семіздік, 40–45 жастан жоғары жас шамасы, ҚД-2-ге оң отбасылық анамнез, метаболикалық синдромның басқа компоненттері), инсулиннің абсолютті тапшылығын дәлелдейтін клиникалық және зертханалық белгілердің болмауына (айқын дене салмағының төмендеуі, кетоз) негізделіп қойылады. ҚД-2 халық арасында кең таралуына, ұзақ уақыт симптомсыз дамуына, ерте диагностикалау нәтижесінде кеш асқынулардың алдын алуға болатынына орай, клиникалық белгілері көрініс бермеген науқастарда ҚД-2 дамуын жоққа шығару мақсатында скринингті зерттеу жүргізу қажет. Басты сынама, жоғарыда көрсетілгендей ашқарынға гликемияны анықтау болып табылады. Ол келесі жағдайларда тағайындалады:

1. Артық дене массасы (ИМТ 25 кг/м2 астам) бар 45 жастан асқан барлық ересек адамдарға 3 жылда бір рет.

2. Артық дене массасы (ИМТ 25 кг/м2 астам) бар және төмендегідей қосымша түрткілері бар жас адамдар:

— аз қозғалыстағы өмір сүру салты;

— жақын туыстарындағы ҚД-2;

— ҚД-2 даму қаупі жоғары ұлттар арасында (афроамерикандықтар, латиноамерикандықтар, жергілікті американдықтар және т.б.);

— дене салмағы 4 кг артық нәресте босанған және/немесе анамнезінде гестациялы диабет көрініс берген әйелдер;

— артериялық гипертензия (140/90 мм Hg);

— ТЖЛП > 0,9 ммоль/л және/немесе триглицеридтер > 2,8 ммоль/л;

— аналық бездің поликистозды синдромы;

— ГТБ және АГБ;

— жүрек-қантамыр аурулары.

ҚД-2-нің жас балалар арасында жиі таралуы жоғарғы қауіп-қатер тобындағы жас балалар мен жасөспірімдер арасында гликемия деңгейін скринингті анықтауды қажет етеді (10 жастан бастап 2 жыл интервалмен немесе пубертаттың басталуымен егер одан ерте жаста дамыса), бұларға дене массасы жоғары (ИМТ және/немесе жасына сәйкес дене массасы >85 перцентиль, қалыпты дене салмағымен салыстырғанда 120% жоғары дене массасы) және төменде көрсетілген түрткілерге қатысты балалар мен жасөспірімдер жатады:

• бірінші немесе екінші қатардағы туыстар арасында ҚД-2 болуы;

• жоғарғы қауіптегі ұлтқа жату;

• инсулинрезистенттілікпен ассоцирленген клиникалық көріністер (acanthosis nigricans, артериальды гипертензия, дислипидемия);

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 870;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.