Болжамы. Инсулиндік терапияны қабылдамаған ҚД-1-мен сырқаттанған науқас кетоацидоздық комадан қайтыс болады

Инсулиндік терапияны қабылдамаған ҚД-1-мен сырқаттанған науқас кетоацидоздық комадан қайтыс болады. Адекватты емес инсулиндік терапия нәтижесінде, ҚД компенсациясы критерийлеріне қол жетпесе, науқас үнемі созылмалы гипергликемия жағдайында жүріп (7.3 кесте), диабеттің кеш асқынулары дамып, үдей бастайды (7.8 бөлім). ҚД-1 кезінде диабеттік микроангиопатиямен (нефропатия, ретинопатия) және нейропатия (диабеттік табан синдромы) аса клиникалық маңыздылыққа ие. Макроангиопатия ҚД-1 барысында маңыздылығы бойынша бірінші орынға сирек жағдайларда ғана шығады.

 

7.6. ҚАНТТЫ ДИАБЕТТІҢ 2 ТИПІ

Қантты диабеттің 2 типі — инсулинрезистенттілік және β-жасушалардың секреторлы дисфункциясы әсерінен гипергликемияның дамуымен, липидті алмасудың бұзылуы нәтижесінде атеросклероздың дамуымен сипатталатын көмірсу алмасуының бұзылуымен көрінетін созылмалы ауру. Науқастардың өлімі мен мүгедектігіне әкелетін басты себептердің бірі жүйелік атеросклероздың асқынулары болып табылады. Кейде ҚД-2-ні жүрек-қантамыр жүйесінің ауруы деп те атайды.

 

7.8 кесте.Қантты диабеттің 2 типі

 

Этиологиясы Тұқымқуалаушы бейімділік (бір жұмыртқалы егіздерде конкорданттылық 100 %) сыртқы орта түрткілерінің көрінісінде (семіздік, урбанизацияланған өмір сүру салты, рафинирленген майлар мен көмірсулардың тағамда шектен тыс болуы)
Патогенезі Инсулинрезистенттілік, β-жасушалардың секреторлы дисфнкциясы (инсулин секрециясының 1-ші жылдам сатысының түсіп қалуы), бауырмен глюкозаның артық өндірілуі
Эпидемиологиясы Жалпы популяцияның шашамен 5–6%, ересектердің 10%, Батыс елдері мен Ресейде 65 жастан асқан адамдардың 20% көрініс береді. Арнайы этникалық топтарда салыстырмалы түрде жиілігі жоғары болады (Пима үнділерінің 50%-да). Сырқаттану әрбір 15–20 жылда екі еселенеді
Басты клиникалық көрінісі Орташа полиурия және полидипсия, метаболикалық синдром компоненттері (11.2 бөлім). 50%-дан астам жағдайларда симптомсыз өтеді. Көп жағдайларда диагностикалау барысында түрлі дәрежедегі кеш асқынулар анықталады (7.8 бөлім)
Диагностикасы ҚД симптомдары көрініс бергенде және/немесе қауіп-қатер тобында гликемия деңгейін скринингті анықтау
Салыстырмалы диагностикасы ҚД-1, симптоматикалық (Кушинг синдромы, акромегалия және т.б) және ҚД сирек түрлері (MODY және т.б.).
Емі Гипокалориялы емдәм, физикалық жүктемені арттыру, науқастарды оқыту, таблетка түріндегі қант деңгейін төмендететін дәрілер (метформин, сульфонилмочевина, тиазолидиндиондар, глинидтер, α-гликозидаза ингибиторлары). Кеш асқынулардың алдын алу және емдеу (7.8 бөлім)
Болжамы Мүгедектік пен өлім жиілігі кеш асқынулармен анықталады, әдетте макроангиопатиялық асқынулармен

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 806;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.