Диагностикасы. 1. Гормональды зерттеу (5.3 сурет)
1. Гормональды зерттеу (5.3 сурет). Біріншілік гипогонадизм диагнозы ФСГ деңгейінің (>30 мЕд/л) жоғарылауы екі рет анықталғанда ғана расталады. Сонымен қатар, бұл кезде ЛГ деңгейі жоғарылайды, ал эстрадиол деңгейі төмендейді. Екіншілік гипогонадизмге гонадотропиндер мен эстрадиолдың төмен деңгейде болуы тән. Екіншілік аменореямен сырқаттанған барлық науқастарға пролактин және ТТГ деңгейін анықтау тағайындалады, ал көрсеткіш бойынша-ДЭА және тестостерон.
2. Біріншілік аменорея көрініс берген барлық науқастарға кариотипті анықтау көрсетілген.
3. Кіші жамбас астауының УДЗ-сі және гинекологиялық зерттеу.
4. Аналық бездің мерзімінен ерте тозу синдромы кезінде барлық аутоиммунды сырқаттардың скринингі тағайындалады, ең алдымен міндетті түрде ТТГ деңгейі анықталады.
5. Остеопороз (сүйек денситометрисы), урогенитальды бұзылыстар секілді гипогонадизм асқынуларының диагностикасы.
5.3 сурет.Аменорея көрініс берген әйелдерді зерттеу алгоритмі
5.3 сурет Анамнез и физикаль.исследование- Анамнез және физикалды зерттеу Исключить беременость- Жүктілікті жоққа шағару Исключить структурные аномалии- Құрылымдық ақауларды жоққа шығару ЛГ, ФСГ, эстрадиол, пролактин- ЛГ, ФСГ, эстрадиол, пролактин ФСГ в норме- ФСГ нормада Первичный гипогонадизм. Исслед.кариотипа в случае первичной аменореи- Біріншілік гипогонадизм. Біріншілік аменорея болған жағдайда кариотипті тексеру Вторич.гипогонадизм. Исключить аденому гипофиза- Екіншілік гипогонадизм. Гипофиз аденомасын жоққа шығару Гиперпролактинемия. Исключить аденому гипофиза и первичный гипотиреоз- Гиперпролактинемия. Гипофиз аденомасы мен біріншілік гипотиреозды жоққа шығару Синдром поликистозных яичников- Аналық бездің поликистозды синдромы |
6. Көрсеткіш болса гипофиз МРТ-сі (гиперпролактинемия, гормональды-белсенді емес аденома).
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 861;