Болжамы. Аменореяның дамуына әкелген сырқатқа тәуелді
Аменореяның дамуына әкелген сырқатқа тәуелді. Түрлі генезді гипогонадизммен сырқаттанған әйелдер арасында өлім көрсеткіші жалпы популяциямен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Эстрогендер тапшылығы жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары мен остеопороздың даму қаупін жоғарылатады.
5.4. КЛИМАКТЕРИЯЛЫҚ СИНДРОМ
Климактериялық кезең — жас ерекшеліктеріне байланысты репродуктивті жүйенің инволютивті өзгерістерінен туындайтын, өмірдің физиологиялық кезеңі. Климактериялық кезеңнің үш сатысын ажыратады: пременопауза — менопауза алдындағы кезең (шамамен 2–5 жыл), менопауза— соңғы менструальды қан кету, менопаузадан кейінгі кезең — менопаузадан бір жылдан кейін дамитын өмір кезеңі.
Этиологиясы мен патогенезі
Пременопауза кезінде аналық без қызметінің төмендеу себебіне, ондағы гонадотропиндерге сезімтал рецепторлар санының азаюы жатады, нәтижесінде эстрадиол, прогестерон, андростендион және тестостерон өндірілуі төмендеп, аналық без көлемі 2–3 есе кішірейеді. Несеп-жыныс жүйесіне және сүйектерге эстрадиолдың трофикалық әсерінің жоғалуы атрофиялық вагинит, дизуриялық бұзылыстар мен остеопороз секілді асқынулардың дамуына әкеледі. Менопауза басталғаннан кейін атеросклероздың дамуына себеп болатын, липидті спектордың атерогенді өзгерістері дами бастайды.
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 885;