Ндіруші күштерді орналастыру және дамыту. Аудан, экономикалық аудан, өнеркәсіптік торабы

ЖОБА АЛДЫҢДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ БАС ЖОСПАРДЫ ӘЗІРЛЕУ АЛДЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

 

ндіруші күштерді орналастыру және дамыту. Аудан, экономикалық аудан, өнеркәсіптік торабы

 

Экономикалық ауданда немесе ауданда өндіруші күштерді орналастыру – бұл шаруашылық және экономикалық тиімділік тұрғысынан кәсіпорындарды едәуір дұрыс орналастыру мақсатын көздейтін көп нұсқалы міндет. Бұл міндет елде белгілі бір кезеңге құрастырылатын өндірісті дамыту мен орналастырудың бас сұлбасында шешіледі (жақынарадағы уақытқа дейін бесжылдықтарда).

Аймақ – шамамен бір текті жағдайларымен және өндіруші күштерді дамытудың көрсетілген бағыттылығымен ірі аумақты білдіреді.

Экономикалық аудан – белгілі бір экономикалық-географиялық жағдайымен, табиғи және экономикалық жағдайлардың өзгешелігімен және еңбектің аумақтық, қоғамдық бөлінісіне негізделген тарихи қалыптасқан мамандандырылуымен сипатталатын мемлекет аумағының бір бөлігі [1].

Экономикалық аудандардың құрамына жеке өнеркәсіптік аудандар мен аймақтар, сонымен қатар, белгілі бір аумақта қалыптасатын және еңбек бөлінісінің жалпы жүйесінде қатысатын өзара байланысқан өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының жиынтығын білдіретін аумақтық өндірістік кешендер (АӨК) кіреді. Аумақтық-өндірістік кешендер өз алдына өзара байланысты өнеркәсіптік тораптардан тұрады.

Өнеркәсіптік торап – ведомстволық бағыныштылықтан немесе жалпы үймереттермен: инженерлік коммуникациялармен, байланыс желілерімен, энергетикалық желілермен, көліктік жолдармен және магистралдарымен, қоймалық шаруашылықтарымен және қазандарымен және т.б қызмет көрсетілетін жеке меншіктің әртүрлі түріне тәуелділіктен тыс кәсіпорындар тобын білдіреді.

Өндіруші күштерді орналастыру мәселесі жеке кезеңдер бойынша жүйелі түрде шешіледі.

Бірінші кезеңге ауданаралық салалық талдау жатады, оның барысында белгілі бір аудандар бойынша өндіруші күштерді орналастырудың ауданаралық салаларалық моделін әзірлеу негізінде ресурстарды тиімді пайдалану туралы міндетті шешу қамтамасыз етіледі. Сонымен, өнімді шығарудың берілген көлемдерін орындау кезінде өндірістік және көліктік шығындарды азайту бойынша мақсатқа қол жеткізіледі. Салааралық ауданаралық талдаудың нәтижесі қарастырылатын ауданда орналастырылатын өнімді шығару ассортименті мен көлемі бойынша кәсіпорын тізімін әзірлеу болып табылады.

Өндіру және өңдеу салаларына ерекше көңіл бөлінеді, көршілес аудандардағы олардың өнімдерін шеттен әкелуі мүмкін емес немесе техникалық және экономикалық себептер бойынша мақсатқа лайық емес.

Екінші кезеңде өндіру саласы кәсіпорындарының жеткілікті бөлуімен және өндіру және өңдеу салаларының өнеркәсіптік объектілеріне барынша жақындаумен өндіруші күштерді аудан ішінде орналастыру жүргізіледі, оны орналастыру қарастырылатын ауданның шеңберінде көзделген.

Үшінші кезеңде тұтыну заттарын шығару, халық, білім беру, ғылыми мекемелер үшін қызметтерді орындау бойынша қызмет етуші саланың кәсіпорындарын орналастыру көзделеді. Бір уақытта жаңа жерге орналастыру мен қала құрылысы, өндіріс саласында жұмыс істемейтін халықты жұмыспен қамту мәселелері шешіледі, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты шешімдер қабылданады.

 








Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 1951;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.